Қазақстанның билік тұғырында әлі күнге дейін бұрынғы партиялық-комсомолдық номенклатура үстем тұр. "Бұл биліктің жалпы дағдарысын білдіреді" деп есептейді сарапшылардың кейбірі, ал өзгелері "20 жыл ішінде мемлекеттік басқару кадрлары айтарлықтай жаңарды" деп сенеді.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның ғана емес, барша постсоветтік мемлекеттерге төнген үлкен қауіп – мемлекеттік басқару кадрларын даярлаудың айқын жүйесінің жоқтығы.
«ЕСКІ КАДРЛАР КӨБІРЕК КӨЗГЕ ТҮСЕДІ»
Совет Одағында билікке кадр тарту көбіне-көп профессионализм ұстанымдары емес, мансапқорлық, жағымпаздық пен ымыраластық негізінде іске асатын.
Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақстанда жоғарғы мемлекеттік кадрларды іріктеудің қандай жүйесі қалыптасқан?
«Кто есть кто в Казахстане» энциклопедиясының редакторы Данияр
Ескі кадрлар көбірек көзге түседі, бар болғаны сол.
Әшімбаев тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекеттік басқару кадрлары айтарлықтай жаңарды деп есептейді. 1990-жылдардың басында билікке шығармашылық адамдары, инженерлер және басқа да зиялылар келді. Яғни тәуелсіздік жылдары елде не комсомол, не партия органдарында жұмыс істемеген адамдардың едәуір көп топтары қалыптасты деп сендіреді Әшімбаев. «Ескі кадрлар көбірек көзге түседі, бар болғаны - сол» дейді ол.
– Қазіргі Қазақстандағы кадрларды жасақтау жүйесіне келсек, бұл арада бірнеше мәселе бар. Бір жағынан, біздің «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» заңымыз бар, сонымен бірге жарлықтарымыз, осы мәселені реттейтін көптеген қаулылар мен нұсқаулықтар бар, – дейді Данияр Әшімбаев.
БЕЙФОРМАЛДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Өзге қырынан қарағанда, Қазақстанда саяси дәстүрлердің әлдебір жиынтығы бар, олар нормативті-заң шығару базасына сәйкес келмейді дейді Данияр Әшімбаев:
– Мен «ойыншыларды» іріктеудің командалық ұстанымын айтамын, бұл ретте жоғарғы шенеуніктер өздерінің қарамағында сыннан өткен кадрлар командасын қалыптастырады. Оны олар бір облыстан екінші облысқа
Жақсы білім алған дарынды жастарды, – мансап сатыларымен мұқият алып жүрудің орнына – не өсуге мүмкіндік бермейді, не күрт жоғарылатады.
немесе бір министрліктен басқасына алып жүреді. Басқаруға ыңғайлы болуы үшін, негізінде, мұның өз артықшылығы бар. Бірақ өзге қырынан алғанда, өз командасымен бірге жаңа шенеунік келген министрлікте қызмет еткен кадрлардың бәрі, олар мансаптары ілгерілейтіндей мүмкіндікке ие бола бермейді.
Бұл жүйенің жақсы да жаман тұстары бар. Оның үстіне оны заң арқылы жөнге салмаған. Мұны былай қойғанда, бізде тап сол жас кадрларды даярлауда нақты қиындықтар бар. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған кадрлар бірден басқарушы лауазымдарға тартылады, олар көбінесе аймақта немесе министрліктегі төменгі қызметтерде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтамай кетеді.
Біздің әлдебір дәстүрлеріміз немесе бейформалды ережелеріміз мемлекеттік басқару кадрларын қалыптастыру кезінде пайдаға жарап жатады, жалғыз заң шығару базасынан үстем болып қоймай, ақылға қонымсыз болады. Басқаша айтқанда, жақсы білім алған дарынды жастарды, – мансап сатыларымен мұқият алып жүрудің орнына – не өсуге мүмкіндік бермейді, не күрт жоғарылатады. Бұл тиімді жұмыс істеуде белгілі бір қиындықтарға душар етеді, – дейді Данияр Әшімбаев.
БҰРЫНҒЫ АППАРАТШЫЛАР МЕН БАСТЫ ЛАУАЗЫМДАР
"Елде мемлекеттік басқару кадрларын даярлау жүйесі ресми түрде қалыптасқан және ол тоқырауға душар болған көрінеді. Олар, әсіресе, соңғы екі-үш жылдың ішінде көп сынға ұшырап жүр" деп есептейді оппозициялық саясаткер, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің төрағасының бұрынғы орынбасары Төлеген Жүкеев.
Сөйте тұра, оның ойынша, шындығына келгенде Қазақстанда билік тұғырындағы барлық басты лауазымдарды бұрынғы комсомол-партия
Бізде кландар мен топтардың бары – даусыз шындық.
қызметкерлері иемденіп отыр, олар – шешім қабылдайтын не шешім қабылдауға ықпал жасайтын оншақты адам.
Алайда жоғарғы буыннан шыққан бұрынғы шенеунік Төлеген Жүкеевті бәрінен бұрын Қазақстанның биліктің бетке ұстарлары қатарында әлдебір кландар мен топтардың болғаны ашындырады, олар өздерінің өңкей кландық-топтық мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік басқару кадрларын іріктеу жүйесіне ықпал етеді.
– Кландықтың, топтардың, жасырын лоббизм немесе туыстық байланыстардың ықпалын азайтудың жалғыз жолы – ашық саяси бәсекелестік пен сөз бостандығы. Адамзат осы ашық саяси бәсекелестікті өзін-өзі құтқару үшін өзі ойлап тапқан. Қазақстанда жүріп те біз бұдан арыла алмаймыз.
Біздің шынымен жаңа тиімді экономика құрып, жоғары экономикалық табыстарға жеткіміз келсе – ашық бәсекелестік болмаса болмайды. Саяси авторитарлы-бюрократиялық жүйе тұсында біздің қолымыздан түк шықпайды. Жалған үмітке алданудың еш қажеті жоқ.
Бізде кландар мен топтардың бары – даусыз шындық. Осы кландардың басшыларын барлығымыз білеміз. Олардың бір-бірімен билік үшін қалай алысатынын, осынау билікке талас барысында әрі оның нәтижесінде олардың осы кландардан шыққан екінші қатардағы адамдарды қалай түрмеге жабатынын білеміз, – дейді Төлеген Жүкеев.
«Қазақстанда тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде қалыптасқан мемлекеттік басқару кадрларын даярлау жүйесі» тақырыбы Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде де талқыланды.
«Кто есть кто в Казахстане» энциклопедиясының бас редакторы Данияр Әшімбаев, Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан, Қазақстан президенті қарамағындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Арын Орсариев және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Төлеген Жүкеев қатысқан Азаттық радиосы дөңгелек үстелінің толық аудиожазбасын мына жерден тыңдай аласыздар:
"Қазақстандағы кадрлар даярлау жүйесі" дөңгелек үстелі (орыс тілінде)
Your browser doesn’t support HTML5