Үкіметте алда болатын өзгерістерге қатысты сарапшылардың пікірлері әрқилы. Премьердің ауысатыны жайында болжам бар. Өмірзақ Шөкеев жай орынбасардан үкімет басшысының бірінші орынбасарлығына тағайындалды.
Үкіметте кадрлық өзгерістер жасалды, екі облысқа жаңа әкімдер тағайындалды.
Сарапшылар Азаттық радиосына берген сұхбаттарында Өмірзақ Шөкеевтің премьер-министрдің бірінші орынбасары болуына қатысты өз ойларын ортаға салды.
Талдаушы Нұрлан Ерімбетов Өмірзақ Шөкеевтің үкімет басшысының бірінші орынбасарлығына көтерілуі - ол жақын арада премьер болады дегенді білдірмейді дейді.
-Премьерлер қашан да орынбасарлардың деңгейінде тәжірибе жинақтап өсіп шығатын, бірақ бұл бізде дәстүрге айналды деп ойламаймын. Және Өмірзақ Шөкеев жуық арада премьер бола қоймас. Ол үкіметте отырған орынтағын да, кеңсесін де ауыстырмаған да болар деп ойлаймын. Тек есігіндегі тақтайшаны өзгерткен шығар. Иә, Өмірзақ Шөкеев ықпалды шенеунік, ол шын мәнінде экономикаға да, қаржыға да, аймақтарға да әсер ете алады. Бірақ оны бірінші орынбасар ретінде отырғызып қоятындай президентің уақыты жоқ, егер президент керек деп тапса, Шөкеевті бірден премьер етіп қояр еді ғой.
Экс-сенатор, оппозиция жетекшілерінің бірі Зәуреш Батталова Өмірзақ Шөкеевті Кәрім Мәсімовтың орнына қойса да, ол елде ешнәрсе өзгертпейді, бүкіл команданы, сайлау механзмін өзгеру қажет деп есептейді.
Үкіметтегі ауыс-түйісті саясаттанушы Әзімбай Ғали жүйелі өзгерістердің басы деп деп есептейді:
- Қазіргі таңда Қазақстанда кадрлық ротация басталды. Осыған байланысты билікке «дағдарыс» менеджерлері келіп жатыр. Өйткені, бұрынғы кадрлар сәйкес келмейді. Олар жайбарақат кезеңде жұмыс істеген. Біреулері нарықшыл-либерал, екіншілері – авторитарлық әдіспен жұмыс істегісі келеді. Бірақ олардың дағдарыс кезінде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ.. Сондықтан дағдарысқа байланысты жаңа кадрлар келіп жатыр. Менің ойымша, бұл дағдарыс министрлер кабинетінің басшысын да алып кетеді деп ойлаймын. Оның орнына Шөкеев немесе облыс әкімдерінің біреуі тіпті болмаса беделді қазақ министрлердің біреуі келетін шығар.
"Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедовтың сөзіне қарағанда, үкіметте өзгерістер бола ма, болса ол қандай дегенді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жасағалы отырған кезекті Жолдауының төркініне, мәнеріне қарап білуге болады.
Өмірзақ Шөкеев 1964 жылы Түркістан қаласында туған. 1986 жылы Мәскеудің экономика-статистика институтын бітірген. 1993-1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 1998-2004 жылдары Қостанай облысының әкімі қызметін атқарды.
Өмірзақ Шөкеев пен Оңтүстік Қазақстанның басқа да бірқатар тұлғалары өздерінің бұрынғы бизнес-әріптестері Теміртас Тілеулес жазған екі әшкерелеу кітабының кейіпкерлері болған еді. Кітап алдымен қазақ тілінде жарық көріп, кейіннен 2000 жылы оның "Шымкентская мафия" деген орыс тіліндегі нұсқасы шыққан. Өмірзақ Шөкеев ол кітапта жақсы жағынан бейнеленбеген.
Диссидент Теміртас Тілеулес әшкерелеген кейіпкерлердің ешқайсысы "жала жапты, ар-ұжданымызға нұқсан келтірді" деп, сотқа жүргірген жоқ, кітаптарда жазылған жайттар үнсіз күйінде қалды. Деректі кітаптың кейпкерлері болса, билік баспалдағымен өрлеп барады.
2001 жылы кітап ауторы Теміртас Тілеулестің өзі сотқа тартылды, оны бұзақылық айыбымен түрмеге жабуы мүмкін еді. Бірақ Теміртас сот залынан қашып шығып, полициядан бірнеше жыл бойына жасырынып жүрді. Теміртас Тілеулес 2007 жылы қазан айында кенеттен қайтыс болды.
2004 –2006 жылдары Өмірзақ Шөкеев Астана қаласының әкімі міндетін атқарды. 2006 жылы қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
2007 жылы тамыз айында премьер-министрдің орынбасары, енді премьер-министрдің бірінші орынбасары.