Қазақстандық құқық қорғаушылар жаңадан толықтырған «саяси тұтқындар» тізіміне Мұхтар Жәкішевті кіргізді. Олар бұл шешімге «Жәкішев ісінде» кейіннен жария болған мәліметтер әсер еткенін айтты.
Қазан айының басында құқық қорғаушылардың «Тірек» альянсы жариялаған жаңартылған «саяси тұтқындар» тізіміне «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің де енгізілгені белгілі болды. Ол биылғы мамырда жасалған тізімге осы уақытқа дейін енбей, «саяси тұтқынға қатысы бар тұтқын» деп сипатталып келген.
«Қазақстандық саяси тұтқын» статусын анықтауға қатысқан құқық қорғаушы Евгений Жовтистің Азаттыққа айтуынша, мұндай тізім жасау олардың ахуалы жайында халықаралық қауымдастықты құлағдар етуге мүмкіндік береді.
«САЙ КЕЛЕТІНІНЕ КӨЗІМІЗ ЖЕТТІ»
Қоғамдық белсенділер мен құқық қорғаушылардың сараптауынан кейін биыл, 2013 жылы мамырдың 31-і күні «Тірек» альянсы Қазақстандағы саяси тұтқындардың алғашқы тізімін жасаған еді. Алайда 2009 жылы мамырдың 24-і күні тұтқындалып, кейін 14 жылға сотталған Мұхтар Жәкішев бұл тізімге қосылмаған болатын. Ол оппозициялық олигарх, қуғындағы банкир «Мұхтар Әблязов үшін жауап беретін адам» ретінде сипатталып «саяси тұтқынға қатысы бар тұтқын» қатарына жатқызылған еді.
«Тірек» альянсы сарапшылар кеңесінің мүшесі, «Ар. Рух. Хақ» ұйымының төрайымы Бақытжан Төреғожинаның Азаттық тілшісіне айтуына қарағанда «Жәкішев ісінің» құпиялылығына байланысты осыған дейін толық ақпарат болмаған.
– Қазір Жәкішевтің шағымдары туралы көптеген жаңа мәлімет алып отырмыз. Сот процесі кезіндегі құқығының бұзылғаны туралы Мұхтар Жәкішевтің шағымын оның адвокаты БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне тапсырды. Барлығы 70 беттен асатын осы құжаттармен таныса келе оның шын мәнінде «саяси тұтқын» статусына сай келетініне көзіміз жетті. Менің білуімше, Мұхтар Жәкішевтің шағымдарын таяуда БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті қабылдап алды, – деді Бақытжан Төреғожина.
Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев Бақытжан Төреғожинаның соңғы пікірін, яғни Жәкішевтің шағымы БҰҰ адам құқықтары комитетіне түскенін растады. Алайда Нұрлан Бейсекеев бұл жайт туралы әзірге егжей-тегжейлі айтуға ерте деп санайтынын алға тартып, әрі қарай мағлұмат беруден бас тартты.
Былтыр, 2012 жылы сәуір айында, яғни Мұхтар Жәкішевке қарсы қозғалған екінші қылмыстық іс бойынша сот тыңдаулары жалғасып жатқан тұста Facebook-те оның қызы Әйгерім әкесін қолдау парақшасын ашқан еді. Азаттық тілшісіне Әйгеріммен және оның анасы Жәмиламен сөйлесудің сәті түспеді.
Бұған дейін 2012 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында Әйгерім Жәкішева «Facebook-тегі парақша арқылы әкемнің ісіне Батыстың назарын аудартқым келеді және оны халықаралық деңгейге көтермекпін» деген.
Ол кейін ағылшын тілінде www.dzhakishev.org сайты мен Twitter әлеуметтік желісінде де арнайы парақша ашып, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының пікірлері мен Қазақстандағы саяси оқиғалар туралы ақпараттармен толықтырып отырады.
«ЖАУАП БЕРУГЕ ТИІССІҢДЕР»
1998–2009 жылдар арасында «Қазатомпром» ұлттық компаниясын басқарған Мұхтар Жәкішевтің 2009 жылы аяқ астынан қамауға алынуын тәуелсіз сарапшылар екі түрлі себептен көрген.
Алғашқы себеп ретінде оның 2003 жылы оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовты түрмеден босатуды сұрап «кепіл болғандардың» ішінде жүргендігі аталады. Бұл пікірге 2010 жылы ақпан айында Астанада өткен кәсіпкерлер кеңесінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана групп» компаниясының президенті Нұрлан Смағұловқа айтқан сөзі де ілік болды.
«Оның достары, арасында сен де барсың, маған хат жазып, жемқорлығы үшін түрмеге қамалған Әблязовты босатуды менен өтініп, кепіл болдыңдар. Отанға
қызмет ететін болады деп ант-су ішіп, жазбаша түрде маған сөз бердіңдер. Қазір ол барлық достарының бетіне түкіріп кетті. Аты-жөндеріңді атамай-ақ қояйын. Ал сендер жауап беруге тиіссіңдер» деген еді Нұрсұлтан Назарбаев сол сөзінде.
Мұхтар Жәкішевтің қамауға алынуының тағы бірі себебі ретінде оның уран өндірісінде Ресей мүддесіне қайшы келетін әрекет жасап, «Қазатомпроммен» серіктес болғысы келген жапониялық Toshiba компаниясы арқылы канадалық Uranium One-ның жолын кеспек болғаны да айтылады.
Қамауға алынардан аз бұрын, 2008 жылдың қаңтарында Мұхтар Жәкішев өзі басқаратын «Қазатомпром» ұлттық компаниясы 2010 жылы уран өндірісі жөнінен Канада мен Австралияны артта қалдырып, әлемде бірінші орынға шығатынын мәлімдеген еді. Бірақ ол қызметінен босатылғаннан кейін Ресей канадалық Uranium One компаниясын Қазақстанның уран кеніштеріндегі үлесімен қоса сатып алып, 2011 жылы «уран қоры мен өндірісі жөнінен әлемде алғашқы орынға шықты.
Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда «Қазатомпром» компаниясының басшысы қызметінен алынып, тұтқындалды. 2010 жылы наурызда Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты Мұхтар Жәкішевті «қаржыны ысырап қылды және пара алды» деген айыппен 14 жылға соттап, жазасын катаң режимді колонияда өтеуді бұйырған.
2011 жылдың соңында ұлттық қауіпсіздік комитеті Мұхтар Жәкішевке қарсы екінші қылмыстық іс қозғады. Оған «ірі көлемдегі алаяқтық» және «өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлкін иемденіп, шығын ету» айыбы тағылды.
2012 жылы маусым айында Мұхтар Жәкішев тағы да 10 жылға сотталды, бірақ ол алдыңғы жазамен «біріктіріліп» түпкілікті шешім 14 жыл сол күйінше қалды.
Алғашқы сот процесінде бірнеше рет наразылық білдірген Мұхтар Жәкішев екінші сот процесіне өзі де қатыспай, адвокаттарына да қатысуға тыйым салған болатын.