Үйлері сүріліп, оның орнына әлі күнге өтемақы ала алмай жүрген бір топ азамат 29 қаңтар күні Бас прокуратура, Парламент үйі және Орталық сайлау комиссиясы алдында парламент мәжілісінің депутаты Бауыржан Смайыловтың депутаттық мандатын кері қайтару жөнінде наразылық шараларын өткізді.
Астана тұрғыны Жанболат Мұқатовтың бала-шағасымен далада қаңғырып қалғанына бір жылдан асыпты. Жанболаттың мұңын жеткізетін тілі жоқ - мылқау. Сондықтан оның жағдайын ағасы Өмірзақ Бақышбек түсіндіріп берді.
2006 жылы олардың үйлері орналасқан жерді «Ақмола құрылыс материалдары» (АҚМ) құрылыс компаниясы көп қабатты тұрғын үй салу үшін сатып алған. Құрылыс компаниясы жергілікті тұрғындарға болар болмас өтемақы ұсынған. Мысалы, Жанболат Мұқатовтың отбасына 309 мың теңге (2500$) бермекші болған екен. Алайда, Өмірзақ Бақышбек «ол ақшаға дәретхана да салатын жер сатып ала алмайсың деп келіспедік»,- дейді.
Содан 2007 жылдың қараша айында соттың шешімінсіз Жанболат Мұқановтың отбасын бір топ полиция мен сот орындаушылары келіп, үйлерінен қуып шығады. Үш күннің ішінде үйлерді қопарып тастайды. Кейін олар жергілікті тұрғындарды сотқа шақырмастан, сырттарынан сот үкімін шығарып жібергенін анықтайды. Міне, содан бері Жанболат Мұқанов пен оның көршілерінің бармаған жері, баспаған тауы қалмапты.
Өз отандарында жүріп, аяқ астынан не үйсіз, не өтемақысыз қалған азаматтардың қоғамдық қорғаушысы Талас Сағымбаев Қазақстандағы құқық қорғау мекемелерінің заңды белден басатынын, азаматтардың құқықтарын аяққа таптап отырғанын айтады.
- Соттың заңсыз үкім шығарғанын жазып, Бас прокуратураға шағымдандық. Олардың бізге айтқаны – «Нұр Отанға» барыңдар дейді. Егер заңды қадағалаушы мекеме осылай деп айтып отырса, олардан не үміт, не қайыр? Қазақстан Конституциясында «Нұр Отан» партиясы жоғарғы құзыретті мекеме деген бап жоқ, - дейді Талас Сағымбаев.
«Ақмола құрылыс материалдары» құрылыс компаниясы Бауыржан Смайылов мәжіліс депутаты болғанға дейін, соның иелегіндегі компания болған. Бүгін Бауыржан Смайыловтың отставкаға кетуін талап еткен азаматтар парламент мәжілісінің алдына да барды. Алайда, депутаттың көмекшісі Бауыржан Смайыловтың қалада жоқ екенін, басқа қалаға іссапарға кетіп қалғанын айтты.
Қоғамдық қорғаушы Талас Сағымбаев «Бізге өтірік жолмен қылмыс жасап парламентке барған депутат керек емес»,- дейді. Ол қазіргі кілең «Нұр Отаннан» тұратын парламент таратылу керек деп есептейді.
- Бүгінгі күні өкінішке қарай, парламентте «Нұр Отанның» ең нашар адамдары отыр. Азаматтардың үйін бала шағасымен жылатып сүріп тастады. Бауыржан Смайылов қалай жер басып жүр? Ол да, мына азаматтар да ананың құрсағынан шықты. Неге бұл азаматтарға ұлтарақтай жерін қимады? Ол қалайша халық қалаулысы болып отыр?, - дейді Талас Сағымбаев.
Жоғарыдағы азаматтар енді билік бізге құлақ аспайынша, депутат Смайыловты тақтан түсірмейінше, наразылық шарасын өткізе береміз дейді.
Осыған дейін парламентте лайықты баспанаға зәру азаматтардың наразылығынан кейін екі мәжіліс депутаты отставкаға кеткен болатын. Олар - «Ақ ауыл» құрылыс компаниясын иелік еткен Виктор Цой мен «Азбука жилья» құрылыс компаниясын басқарған Ерқанат Тайжанов.
Жоғарыдағы екі экс-депутат мандаттарын тапсырғанда Бауыржан Смайыловтан «Ендігі кезек сіздікі емес пе?» деп сұраған болатынбыз. Сонда ол «Жоқ, депутат болғаннан кейін жұмысымды сенімді өкіліме тапсырдым. Бірақ мен барлығын таза істедім. Алданған үлескерлер жоқ» деген болатын.
Алайда, алдыңғы екі экс-депутаттан гөрі «Бауыржан Смайыловтың билік эшелонында сүйенері мықты» дейді білетіндер. Сондықтан болар, жоғарыдағы азаматтардың наразылығын жазып,көрсетуге барған тәуелсіз деген ақпарат құралдарының өздеріне «жоғары жақтан» ақпаратты таратуға тыйым салынды.