Халықаралық Human Rights Watch ұйымы 2012 жылға арналған есебін жариялады. Бұл есепте Қазақстандағы жағдай да кеңінен қамтылған.
Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) халықаралық құқық қорғау ұйымының есебі 665 беттен тұрады. Онда әлемнің барлық мемлекеттеріндегі адам құқықтарына қатысты мәселелер қамтылып, 90 елдегі жағдайға сараптама жасалған. Есептің алты беті Қазақстанға арналған.
ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫ
HRW Қазақстанда адам құқықтары мәселесі Жаңаөзен оқиғасынан кейін күрделене түскенін айтады.
«Билік мұнайшылардың өзін айыпты деп, шеруге шыққандардың көпшілігін жазалады. Діни сенім бостандығын шектейтін заң да өзгеріссіз қалды. Бұқаралық ақпарат құралдары қатаң қадағаланады. Журналистерге бірнеше шабуыл жасалды. Жұмысшылар құқығын реттейтін заңның да түсініксіз жерлері көп» деп жазылған ұйым есебінде.
HRW Қазақстанда 2012 жылы қаңтардың 15-і күні өткен парламенттік сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) «талапқа сай өтпеді» деп бағалағанын да еске салған.
Бұл баяндаманың құқық қорғау және қауіпсіздік күштері туралы бөлімінде Жаңаөзен оқиғасында полицияның халыққа оқ атқаны айыпталады.
«Бірнеше адам қаза тауып, ереуілшілердің көбі жараланды. 2012 жылы мамыр айында бес офицер сотталды, бірақ 16 адамның қазасына ешкім жауап бермеді. Сот 45 адамды «бүлік ұйымдастырды» деп жазаға тартып, 17 адамды түрмеге жапты» дейді HRW.
Ұйым «полицейлердің тұтқындарды азаптап, ұрып-соғуы - шектен шыққандық» деп мәлімдеді. Есепте Жаңаөзен оқиғасына қатысты тұтқындалған азаматтардың полиция таяғына жығылғаны, «солардың бірі Базарбай Кенжебаевтың мерт болғаны» жазылған.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР
Есепте 2012 жылы Евгений Жовтис, Наталья Соколова және Айдос Садықов сияқты белсенділердің рақымшылыққа ілігіп түрмеден шыққаны, бірақ «Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминов сияқты оппозиция өкілдерінің бас бостандығынан айырылғаны» да қамтылған.
HRW 15 адамның қазасына айыпты деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған шекарашы Владислав Челахтың тағдырына алаңдайды.
«Бірқатар адамдар полиция оны ұзақ уақыт ешкіммен араластырмай ұстап, қылмысты мойындауға мәжбүрлеген деп ойлайды» дейді ұйым.
HRW есебінің сөз бостандығы жайлы бөлімінде Жаңаөзен оқиғасынан соң Twitter-дің уақытша құлыпталғаны, Лұқпан Ахмедьяров сияқты тәуелсіз журналистерге шабуыл жасалғаны айтылған.
2012 жылдың бірінші жартысында бейбіт шеруге шыққандардың жазаланып, 15 күнге қамалғаны, айыппұл салынғаны да есепте қамтылған.
Баяндамада «2011 жылы қабылданған дін туралы заң арқылы мемлекет тарапынан рұқсат берілмеген діни ұйымдар жұмысының шектелгені, 2012 жылы жүздеген шағын діни ұйымдардың жаңа заң талабына сай келмей, жабылғаны» жазылған.
«Ауыл шаруашылығында бала еңбегін пайдалану және еңбек құқығы» бөлімінде Қазақстан үкімет пен бірнеше компанияның 2011 жылы мұнай секторында еңбек құқығын сақтамағаны баяндалады.
«Негізгі әріптестер» аталатын бөлімде HRW «Қазақстанның негізгі халықаралық әріптестері елдегі анық көрініп тұрған құқық бұзу оқиғалары туралы ашық мәлімдемелер жасай алмады. Керісінше, АҚШ 2012 жылдың ақпанында Қазақстанмен «стратегиялық серіктес» болуға келісім берді. 2012 жылы Еуропа Одағы мен Қазақстан әріптестікті нығайту және ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді» дейді.
ТМД: ЖАҒДАЙ МӘЗ ЕМЕС
Қырғызстандағы жағдайға тоқталған ұйым, этникалық өзбектердің бұл елде жапа шегіп отырғанын айтады. Ұйым мемлекеттік «ҚырғызТелеком» компаниясының ferghana.ru сайтын жауып тастағанын, бірқатар баспасөз өкілдеріне шабуыл жасалғанын жазады.
Ұйым Ресей жайында «2011жылдың желтоқсанында Ресейде болған наразылық шерулерінен кейін Владимир Путин репрессияны күшейтті. 2012 жылғы жаңа заң үкіметтік емес ұйымдар мен сөз бостандығын шектеді. Солтүстік Кавказдағы бас көтерушілерге қарсы зорлық-зомбылық тыйылар емес» дейді.
Өзбекстандағы адам құқықтары мәселесі HRW есебінде былай қамтылған: «Қылмыстық сот істерінде азаптау көп. Билік өкілдері қоғамдық белсенділерді, оппозиция мүшелері мен билікті сынаған журналистерді және көзқарасы мемлекеттік ұстанымға сай емес діни ұйым өкілдерін қатаң жазалайды. Балаларды мәжбүрлеп жұмысқа тартып, мақта тергізеді. Осыған қарамастан, АҚШ пен Еуропа Одағы Ауғанстандағы соғыс мәселесі бойынша әріптес болу үшін Өзбекстанмен жақын қарым-қатынаста болуға ынталы».
HRW Қытай туралы мынадай қорытынды жасаған: «Ху Цзиньтао мен Вэнь Цзябаоның онжылдық билігі аяқталуға жақын. Осы кезеңде экономикалық даму мен урбанизация процесі жүрді. Бірақ адам құқықтарын қорғау ісінде жетістіктер айтарлықтай көп емес. Үкімет әлі күнге дейін баспасөз бен интернетті бақылап отыр. Тибет, Шыңжаң және Ішкі Моңғолия сияқты этникалық топтар мекендеген аймақтарда саяси репрессия жүргізеді. Жергілікті тұрғындар жерді тартып алу, күштеп басқа жерге көшіру, сыбайлас жемқорлық пен дискриминациядан зардап шеккенін айтады».
HRW ТАЯУ ШЫҒЫСТАН ҮМІТ КҮТЕДІ
HRW араб елдеріне жеке тарау арнаған. Ұйым Египеттегі конституция үшін болған күрес адам құқықтарын қорғаудың оңай шаруа емес екенін білдіретінін айтады.
«Жаңа конституцияда азаматтарды себепсіз тұтқындап, азаптауға тыйым салатын баптар бар. Ал Ливияға қарап, мемлекет басшысының өзіне наразы күштерді жойып, мемлекеттік институттарды дамытпай тастағанының нәтижесін көреміз» дейді.
HRW ұйымының пайымдауынша, «60 мың адам қаза тапқан Сирияда мемлекеттік әскер адамзатқа қарсы қылмыс жасаған. БҰҰ-ның Сириядағы оқиғаны Халықаралық сот қарауына ұсынуы - әділеттілік».
«Таяу Шығыстың жаңа басшыларына адам құқықтарын қорғау, демократиялық қоғам құру жолында қайсарлық керек. Оларға тұрақты қолдау жасалса, іс оңалады» деп жазылған есепте.