Президенттің бұрынғы күйеу баласын белгілі оппозициялық саясаткердің өліміне қатысы бар деп жариялағасын мемлекеттік БАҚ "әшкерелеуді" бастап кетті. Сарапшылар мұны "бағзы соғыс" деп сипаттайды.
24.kz мемлекеттік телеарнасы жексенбілік кешкі жаңалықтарында "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге 2006 жылы тапсырыс берген Рахат Әлиев" деп хабарланды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы сол уақытта мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып осындай әрекетке барған-мыс.
Жаңалық жүргізушісі қолына ұстап отырған парақтарды "таптырмас құжат" деп атады. Диктордың сөзінше, ол құжат - "2006 жылы Рахат Әлиевтің тапсырысы бойынша оппозиционер мен оның екі көмекшісін өлтірген" Рустам Ибрагимовтың мойындау хаты.
Кадр сыртындағы мәтінде журналист былайша пайымдайды: "Әлиев Сәрсенбайұлының өлімін саяси тапсырыс ретінде көрсетіп, Қазақстанның жетекшілігін жергілікті және халықаралық қауымдастық алдында абыройсыздыққа ұшыратқысы келді".
Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес Сәрсенбайұлын өлтіру Рахат Әлиев пен оның бұрынғы серігі, ҰҚК-нің экс-төрағасы Әлнұр Мұсаевтың төңкеріс жасау туралы жоспарының бір бөлігі болған-мыс. Репортажда журналистер ФБР қызметкерлеріне сілтеме жасап, олардың "Рустам Ибрагимовтың шындықты айтып тұрғанын растағанын" айтады.
Алты минуттық сюжетте Қазақстан билігі Рахат Әлиевке теліген тағы да басқа қылмыстар туралы сипатталады.
РАХАТ ӘЛИЕВ ПЕН TWITTER ЖАЗБАЛАР
Рахат Әлиев мен оның бұрынғы серігі Әлнұр Мұсаевқа қатысты жаңа айыптау өткен жұма күні, желтоқсанның 20-сында Астанада өткен арнайы брифингте жарияланған еді. Брифингті Қазақстанның бас прокуратура өкілі мен АҚШ-тың арнайы уәкілі бірге өткізген.
Қазақстан билігі алғаш рет Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өліміне Рахат Әлиевтің қатысы бар деп 2006 жылғы ақпанда жариялаған болатын.
Прокуратураның брифингінен соң @realRakhatAliev есімді Twitter қолданушысы бірнеше жазба қалдырды. Оның бірінде қолданушы: "Назарбаев күзет қызметінің Алтекеңнің өліміне қатысты мені айыптауы күлкілі, назар аударуға да тұрмайды" деп жазады.
Келесі постында @realRakhatAliev Алтынбек оққа ұшардан бұрын расында да онымен сөзге келіп қалғанын, бірақ соған бола "саясаткерді өлтіруге бара алмастығын" жазады.
Тағы бір жазбасында ол Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіргендердің шын аты-жөндерін жариялаймын деп уәде береді.
Рахат Әлиев пен Қазақстан билігінің бұл мәселе бойынша теке-тіресі алтыншы жылға созылды. Қазақстанда Әлиевті мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен сырттай соттады. Құпия іс бойынша екі жабық сот үкіміне сәйкес Әлиевке сырттай 40 жыл түрме жазасы кесілген. 2007 жылдан бері ол Қазақстанның арнайы қызмет орындарынан жасырынып Еуропа елдерінде қашып жүр.
ЕСКІ СОҒЫСТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Рахат Әлиевке саяси тапсырыспен кісі өлтіру бойынша жаңадан тағылған айыпты кейбір бақылаушылар Ақорда мен президенттің бұрынғы күйеу баласының арасында біресе басылып, біресе өршіп тұратын ақпарат соғысының кезекті бір эпизоды деп көреді.
Оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов билік Әлиевке шетелдік соттардың назарын аудару үшін жаңа айғақтар шығарды деп санайды.
"Құқық қорғау ұйымдарының өкілдері айтқан қисынсыз комментарийлер Рахат Әлиевті қорқынышты айыптар тағу арқылы елге алдырту туралы шала-шарпы шешім қабылданғанын көрсетеді. Енді оған тек банкирлерді емес, оппозициялық саясаткерді ұрлап әкетіп, өлтіруге тапсырыс берген деген айып тағылды. Қылмыстық іс барысында мұндай өзгеріс жасау туралы жоспарлаған адамдар қоғамның реакциясын есепке алмаған сияқты. Оларға ең бастысы - Рахат Әлиевті қолға түсірсе болғаны" дейді Әміржан Қосанов.
Қосановтың сөзінше, билік Рахат Әлиевті саяси тапсырыспен кісі өлтіруге қатысты кінәлі етіп шығаруға барын салады, сөйте тұра сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев туралы "версияны" да біржола талқандап алмауға тырысады.
Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың сөзінше, Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін өлтіруге Рахат Әлиевтің қатысы бар деген болжамды 2006 жылы-ақ оппозиция өкілдері айтқан. Бірақ билік оны бірден жоққа шығарған.
"Ол кезде Рахат Әлиев күйеу бала болғандықтан ол версияны қарастырмады да. Саяси тұрғыдан алғанда дәл сол кезде билік ол версияны негізгі етіп ұстана да алмады. Жаңа айыптаулар Қазақстанда әділ сот түсінігі жоқ екенін, шешімдердің саяси конъюнктураға сәйкес қабылдана беретінін көрсетеді" дейді саясаттанушы.
Досым Сәтпаев бұрынғы қайын ата мен күйеу бала арасындағы ақпарат соғысы жалғаса береді деп санайды. Екі тараптың арасындағы компроматтар жарияламау туралы бейресми келісім тұйыққа тірелгенге ұқсайды. Сол себепті жаңа тағылған айыптарға байланысты Рахат Әлиев жаңаша қарсыласа бастамақ. Саясаткердің сөзінше, бұл соғыс биліктің өзіне кері әсер етеді. Бұрынғы болса да президент отбасының мүшесі мұндай күдікке ілінген соң қазақстандық элитаның құпиялары бұдан да көп деген түсінік қалыптасуы мүмкін.
АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЕВТЫҢ СЕРІКТЕРІ АЙТАТЫН БОЛЖАМ
Жаңа ақпарат соғысына қатысты «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай мен оппозициялық саясаткерлер Төлеген Жүкеев және Болат Әбілов желтоқсанның 23-і күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді.
Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының ұзақ уақыт саяси серігі болған Төлеген Жүкеев билік пен Әлиевтің арасындағы жаңа шарпысу қалай бітетінін болжауды қиынсынады.
- Неше түрлі долбар айта берсе болады. Көп адамға бәлкім бұл қажет те шығар. Әсіресе, Рахат Әлиевпен есеп айырысқысы келетіндерге. Үлкен сценарийдің бір тармағы болуы мүмкін. Болжаумен айналысуға келмейді. Барынша нақты мәлімет алып, қоғамға жеткізуіміз керек, - дейді ол.
Рахат Әлиевтің қарсыласы болған, жуырда саясаттан кеткен оппозиционер Болат Әбілов жуыр уақытта ақпарат соғысы тез дамып, жаңа компроматтар жариялануы мүмкін деп ойлады.
"Рахат Әлиев, іс-қимыл тактикасын ойлап жатқан болар. Жаңа жылдың алдында ол Астананың көңіл-күйін бұзуға бір тырысып көрмек" дейді ол.
Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбай барлық тараптар сұралатын сот тергеу амалдарын жүргізуді талап етеді. Ол 2006 жылы Талдықорғанда тапсырыс беруші ретінде Ержан Өтембаев пен орындаушы ретінде бірнеше арнайы қызмет өкілдерінің үстінен өткен сот отырыстарын сынайды. Сотты Алматыда өткізуді сұрайды.
"Жуырда президент Назарбаев қажылыққа барып қайтты. Тегін емес. Жасы келген адам арғы дүниеде не жауап берем деп ойлай бастайды. Мүмкін осындай бір жеке себебі де бар шығар. Істі қайта қозғағандарын жөн көрем. Сот Алматыда өтуы керек" дейді Рысбек Сәрсенбай.
Алтынбек Сәрсенбайұлы мен екі көмекшісі Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев 2006 жылғы ақпанның 11-і ұрланып әкетіліп, ақпанның 13-і күні Алматы түбінен өлі күйде табылған еді. Бұл қылмыс бойынша іс қозғалып, 10 адам сотталған, олардың ішінде ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы қызметі мен жоғары лауазымды шенеунік Ержан Өтембаев та бар.

В ближайшее время будут опубликованы материалы доказывающие мою невиновность. Весь мир узнает имена настоящих убийц Алтынбека.
— Рахат Алиев (@realRakhatAliev) December 21, 2013