Әлеуметтік желілердің азаматтық қоғамға әсерін әркім әртүрлі бағалайды. Қырғызстан мен Грузиядан келген блогерлер оған сенсе, қазақстандық әріптестері бұл пікірмен келіспейді.
Әлеуметтік желілерге үміт артпайтын адамдар Қазақстанның авторитарлы билігі алдын алу шараларын қолданып, жергілікті интернетті «жалдамалы» блогерлер мен жалған азаматтық белсенділерге толтырып қойғанын айтады. Ал сенушілер «авторитарлық жүйенің дағдарысы күшейген сайын қоғамның азаматтық белсенділігі де өздігінен арта түседі» дейді.
Мұндай пікір қайшылықтары Алматыда мамырдың 24-і күні өткен Орталық Азия интернет форумында қатты байқалды.
ҚЫРҒЫЗ БЛОГЕРІ: СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫДАН НАШАР
Алматыдағы форумда әлеуметтік желілердің азаматтық акциялар мен қарсылық шарасын ұйымдастырудағы ролі бөлек тақырып болды. Қырғызстан мен Грузиядан келген блогерлер жиында да, әңгіме арасында да «әлеуметтік желілер
азаматтық қоғамды оятарына» сенетіндерін байқатты. Бірнеше төңкерісті көрген бұл екі елді Қазақстанның ресми насихат жүйесі оқтын-оқтын сөгіп қояды.
Қырғызстандық интернет белсендісі Айбек Баратов (Грузияға барып қайтқаннан бері өзін Бараташвили деп атайды) елінде сөз және ой еркіндігіне кепіл барын айтады.
– Интернет мүлдем басқарылмайды. Қырғыз үкіметі басқарғысы келсе де, интернет қауымдастық оған қарсы шығар еді, – дейді ол.
Айбек Баратовтың айтуынша, азаматтық акциялардың көбі әлеуметтік желі, әсіресе Facebook арқылы ұйымдастырылады. Ол Қазақстандағы сөз бостандығын «Қырғызстандағыдан нашар, бірақ Өзбекстандағыдан жақсы» деп сипаттап, әлеуметтік желілерге көңіл аударуға шақырды.
– Мысалы, біз әлеуметтік желі арқылы «Бішкектің орталық көшелеріндегі қоқыстың бәрін жинап, мэрияға апарамыз» деп жаздық. Алайда акцияға екі күн қалғанда жергілікті билік Бішкекте жылдар бойы жиналған қоқысты тазартты, – дейді Айбек Баратов.
ВИДЕО: Блогердің Бішкек мэрі Иса Өмірқұловқа арнаған әні
«БІРАҚ ЖҰРТ ОФЛАЙНҒА ШЫҚПАЙДЫ»
Сөз бостандығы мен азаматтық қоғам дамуын бақылаушылар көршілес екі ел – Қазақстан мен Қырғызстанның бұл салада айырмашылығы көп екенін айтады.
Қазақ блогері Әділ Нұрмақовтың ойынша, жұрт әлеуметтік медианың ролін тым асыра сипаттайды.
– Әлеуметтік желілердің ақпарат таратуда жақсы құрал екені – даусыз. Бірақ бізде оның ролін асыра бағалайды. Мысалы, үйіңізде көлік тұрағының орнына
бизнес-центр салғалы жатса, Facebook-тің не себі тиер еді, – дейді Әділ Нұрмақов.
Оның ойынша, сол заңсыз құлатылу қаупі төніп тұрған үйдің тұрғындарымен сөйлесіп, пікірлес адамдарды жинау дұрыс сияқты.
– Facebooke-тегі «Қарсылық», «Әділ жөргекақы» сияқты топтар маңызды да өзекті мәселелерді айтады, бірақ жұрт онлайннан офлайнға шықпайды, – дейді блогер.
Қазақстанда 2009 жылы шілдеде интернетті реттеу туралы заң қабылданды. Ол заң бойынша, барлық интернет ресурстар мен блогтар дәстүрлі ақпарат құралдарына теңестірілген. Кез келген интернет тұтынушысы, ресурстың модераторы мен иесі әрбір заңға қайшы комментарий, пост немесе блогтары үшін жауап береді.
ТБИЛИСИ МЭРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВИРТУАЛ ДОСТАРЫ
Авторитарлық биліктен бас тартқан постсоветтік елдердің бірі Грузияда төңкерістен кейін билік екінші рет ауысып жатыр. Грузин блогері Гиорги Циклауридың айтуынша, ол елдегі саяси оқиғалардың бәрі әлеуметтік желілерде, әсіресе Facebook-те қамтылған.
– Төрт жарым миллион халқы бар Грузияда 900 мыңнан астам адам осы желіні
қолданады. Тбилиси қаласының мэрі Гиги Угулаваның да Facebook парақшасы бар. Мэр кейде белсенді виртуал достарымен кездеседі, – дейді ол.
Билл Гейтстің «Google-де болмасаңыз, өмірде де жоқсыз» деген танымал сөзін Гиорги Циклаури «Facebook-те болмасаңыз, өмірде де жоқсыз» деп өзгертіп айтады.
Кейбір есептерге қарағанда, Грузия астанасы халқының 60 пайызы, ауыл тұрғындарының 30 пайызы интернетке қосылған.
MediaNet журналистика орталығы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен Алматыда өткізген төртінші Орталық Азия интернет форумына еуропалық блогер, журналистер мен сарапшылар да қатысты.