Қазақстандық мамандар интернеттегі авторлық құқық мәселесін шешетін кездің әлдеқашан жеткенін айтады.
Наурыздың 31-і күні Алматыда «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы интернет-ресурстың құқықтық мәртебесі мәселесіне байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырды. Оған елдегі ірі интернет-порталдардың жетекшілері, билік өкілдері, құқық қорғаушылар, блогшылар қатысты.
«БАЯҒЫ ЖАРТАС...»
"ЮрИнфо" компаниясы" ЖШС бас директоры Игорь Лоскутовтың айтуынша, Қазақстанда интернетті реттеу туралы («Ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») заңның қабылданғанына 2 жыл өтсе де, интернет кеңістіктегі жағдай сол қалпы.
– Осыдан үш жыл бұрын интернетті реттеу туралы заң жобасы талқыланып жатқан кезде бізге: «Интернетте кірсеңіз, порнография, ұлтаралық жанжалды өршітетін ақпараттар көп. Егер заң қабылданса, мұның бәрі жойылады» деген еді. Екі жыл өтті. Қазір жағдай өзгерді ме? Эротика, порнографияны шығаратын шетелдік сайттарды айтпағанда, алматинки.ком сайты сол баяғы күйде істеп тұр. Ал «Республика», «Куб» сияқты сайттар түсініксіз себептен жабық, – деді Игорь Лоскутов.
Интернет-ресурстың құқықтық мәселелеріне шолу жасаған Игорь Лоскутов бұған қатысты Қазақстан заңнамасында жетілмеген, бұлыңғыр тұстар тым көп екенін жеткізді. Мысалы, «Интернет-ресурстың «ұлтаралық жанжал» немесе «порнографияны таратқаны» қалай анықталады?», «Қандай жағдайда адам интернет-ресурсқа иелік ете алады?» деген сұрақтардың жауабы әлі күнге дейін табылған жоқ дейді маман. Оның пікірінше, бұл салаға жауапты мемлекеттік органдар қоғамда түсініксіздік жағдайларын болдыртпауға күш салмай отыр.
Ал жиынға қатысқан Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов керісінше, «2009 жылы қабылданған заңның елде интернет қолданушылардың әдебін қалыптастырып үлгерді» дегенді айтады.
– Бұдан екі-үш жыл бұрын интернетте заңға қайшы ақпараттар көп болатын. Қазір көптеген интернет-ресурстар ақпараттарын реттей бастады, – дейді Мұрат Әбенов.
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ДЕГЕН НЕ?
2009 жылы қабылданған интернетті реттеу туралы заңда «интернет-ресурс» деген ұғымға мынадай анықтама берілген: «Интернет-ресурс – электронды ақпараттық ресурс, оны жүргізу мен/немесе қолдану технологиясы, ол сонымен қатар ашық технологиялар негізінде жұмыс істейтін, ақпараттық өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ұжымдық құрылымға қызмет етуші ақпараттық-коммуникациялық желі».
Мамандардың айтуынша, бұл заңда «интернет-ресурс иесі» ұғымына дұрыс анықтама берілмеген. Яғни, заңға сәйкес, «интернет-ресурс иесінің» оны «толығымен басқарып, пайдалануына құқығы» бар. Мамандардың айтуынша, бұл анықтама ұғымды жарым-жартылай ғана сипаттап тұрғандықтан, қоғамда ол туралы қате түсініктер қалыптасып отыр. Олар «Центр тяжести» сайтына байланысты оқиғаны мысалға келтірді.
Сарапшылардың пікірінше, «домендік атау», «программалық қызметпен қамтамасыз ету» сияқты ұғымдар ешқашан сайт иесінің меншігі бола алмайды. Олар интернет-ресурсты өзінің (контент) және өзгенің мүлкін (аппарат-программалық кешен, хостинг, т.б) қолданатын кәсіпорынға теңейді. Сайт иесі тек контентке ғана иелік ете алады.
САЙТ-АГРЕГАТОР
Осылайша жиында интернеттегі авторлық құқықтың сақталуы туралы мәселе қозғалып жатқан кезде zonakz.net сайтының жетекшісі Юрий Мизинов өзге интернет ресурстардан көшіріп басатын сайт-агрегаторларға қатысты өз көзқарасын жеткізді. Оның пікірінше, барған сайын көбейіп бара жатқан мұндай сайттар Қазақстандағы контенттердің дамуын тежейді.
– Сайт-агрегатор мақаланың мәтінін сайтына орналастырып, мақала аяғына сілтемесін қойып қояды. Бұл сайтқа келген адамдар дайын мақаланы оқиды, ешкім сілтемені баспайды ғой. Бұл іс жүзінде оқырман ұрлау болып шығады. Осылайша қағаз басылым өзінің оқырмандарын жоғалтады. Онымен бірге жарнама да кетеді. Сайт-агрегаторлардың ешқашан өз ұжымы болмайтынын да айта кетейін. Мұндай сайттарды әдетте, роботтардың көмегімен бірнеше програмистер жасап, дөрекі тілмен айтқанда өзгелерден ұрлай бастайды, – деді Юрий Мизинов.
Бірақ жиынға қатысқан мамандардың кейбірі мұнымен келіспеді.
– Бұл жерде тұтынушылардың да мүддесін ескеру керек сияқты. Егер бір сайтқа күніне 100 адам кіріп, сайт-агрегаторға 1000 адам кірсе, мұны да назардан тыс қалдырмау керек емес пе? Егер агрегатор сайттарды жапсақ, бұл тұтынушылардың да құқығын шектегендік болмай ма? Қазір радиожурналистер жаңалықты қайдан алып отыр деп есептейсіздер? Бәлкім, қандай да бір ережелер бекіту керек шығар. Бірақ мен үшін агрегаторлар өзге он сайттан артық. Интернет контенттің өзі тұтынушылар жағына бейімделуі керек емес пе? – деді «Медианет» халықаралық журналистика орталығының директоры Игорь Братцев.
Жиында пікірлерге модерация жасау, киберсквоттинг, қолданушылардың контенті сияқты өте өзекті мәселелер де талқыланды. Мамандардың бірі оқырмандардың өзара пікір алмасуына кедергі жасайтын пре-модерацияны құптамайтынын айтса, бірі интернет-ресурстардан оқырмандар тарапынан түскен пікірлер үшін жауапкершілікті мүлде алып тастау керектігін айтты.
Интернет-ресурстардың құқықтық мәртебесіне арналған қоғамдық тыңдау барысында мынадай ұсыныстар айтылды: 1) Интернет-ресурс ұғымына қатысты авторлық мәселелерді «Ақпараттандыру туралы» заңмен реттеу; 2) барлық интернет-ресурстарына БАҚ-қа теңемей, оларды сұрыптау; 3) интернет-ресурсқа жауапты тұлғаны анықтау критерийлерін жасап шығару; 4) «БАҚ туралы» заңға сәйкес, оқырмандар пікірін «тікелей эфир ережелерімен» реттеу; 5) IP телерадиотаратылым арқылы шығатын телеарна, радиоларды лицензиялаудың ережелерін нақтылау, т.б
Жиын барысында қазіргі таңда парламентте интеллектуалдық меншік туралы заң жобасының талқыланып жатқанын, оған жақын арада интернет-басылымына жазатын журналистердің, сайт генераторларының, т.б авторлық құқығын қорғауға бағытталған өзгертулер енетінін де білдік.
ИНТЕРНЕТТЕГІ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Интернеттегі авторлық құқық мәселесі наурыздың 19-20-ы күндері Алматыда өткен қазақ блогшыларының жиынында да көтерілген болатын.
«Мәліметтер.орг» сайтының админі Сағын Қалдыбеков:
– Менімше, ең әуелі адамдардың IT-сауатсыздығымен күресуіміз керек. ІТ сауаты жоқ адам үнемі ұрлайды. Өйткені, ол авторлық құқық белгісін көрсе де, оның не екенін білмейді. Сөйтіп ұрлығын жалғастыра бермек, – дейді.
– Менің ойымша Интернет кеңістіктегі авторлық құқық туралы заң мәселесін көтермес бұрын халыққа интернетке шығуға мүмкіндік беретін интернет-провайдерлердің құқықтық міндеттемелерін анықтап алу керек тәрізді. Себебі сайтқа жарияланған туындыны қолданушы компьютерінің дискісіне сақтап қойғанымен, кейін оны басқа сайтқа өз атымен жариялайтын болса, оған провайдердің де қатысы бар деген сөз.
Америкада интернет кеңістіктегі авторлық құқықты қорғауға бағытталған заң бойынша адамдар авторлық құқықтың бұзылғанын сайтқа жариялауға мүмкіндік беріп отырған провайдерге хабарлайды. Провайдер сайт иесіне хабарласып, шағым келіп түскенін мәлімдейді. Көшіріліп алынғаны рас болса, онда оны сайттан алып тастайды немесе сайтты түгелімен жауып тастауы да мүмкін. Провайдер бұл орайда екі автордың арасында дәнекер болады. Ал келіспеген жағдайда барып, авторлар сотқа шағымданады.
Малайзияда 1998 жылы «Байланыс құралдары мен мультимедиа өнімдері туралы» заң қабылданған. Германия 1997 жылы «Мультимедиа туралы» заңды қабылдады. Бұл заңдарда мүліктік және мүліктік емес құқықтар көрсетілген. Мультимедиялық туынды деп интернеттегі сайтта жарияланған туындылардың жинағы (яғни, мәтіндер жинағы, сурет, анимация, әуен және видео, ЭЕМ бағдарламасы) айтылады, – дейді журналист-блогшы Асхат Еркімбай.