Экономист Ораз Жандосов Азаттыққа берген сұхбатында «Қырымды бөліп алғаны үшін Батыстың Ресейге салатын санкциясы күшейсе де, Қазақстан көп зардап шекпейді» дейді.
Наурыздың 25-і күні Нидерландтың Гаага қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстанға қатысы жоқ» деп мәлімдеді. Ол сыртқы сауда саясатының «өзім дамыттым» және «күтпеген оқиғалардан сақтану үшін ойластырылған амал» деп сипаттаған төрт бағытын атады. Экономист, Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Ораз Жандосов Ресейдің Қырымды бөліп алуына байланысты Батыс елдері енгізетін санкциялардың Қазақстанға әсері туралы Азаттыққа сұхбат берді.
Азаттық: - Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев та, АҚШ президенті Барак Обама да Ресей экономикасының кейбір саласына қарсы жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін екенін айтты. Ресеймен тығыз қарым-қатынасымызды ескерсек, бұл санкциялардың Қазақстанға әлдебір әсері тиюі мүмкін бе?
Ораз Жандосов: - Меніңше, бұл санкциялардың Қазақстанға қатысы болмайды. Обама «егер Ресей экспансиясын тоқтатпаса, АҚШ санкциясын күшейте түседі» деп мәлімдегенімен, «Ресей және белгілі бір елдер» деген жоқ қой. Сондықтан бұл - Ресейге ғана қатысты санкциялар.
Егер санция салдарынан Ресей экономикасында өсім болмай құлдыраса немесе өзгеше жағдай болып жатса, экспортер ел ретінде бізге оңай тимесі анық, әрине. Өйткені біз үшін Ресей - шикізат емес тауарларымызды сататын ең үлкен нарық. Бірақ келешекте Ресей өндірісі құлдырап, біздің тауарларымызға сұраныс азая ма, бұл жағы әлі белгісіз болғандықтан, санкциялардың әсерін тура санап, анық есептей алмайсың. Тіпті Батыс елдеріне көмірсутегі шикізатын сатуға ауқымды санкциялар енгізеді деген күннің өзінде бұл біздің логистикамызды қиындатқанымен, сату көлеміне әсер етпейді. Өйткені Ресейдің транспорт каналдарымен біздің логистикамыз ғана байланысты.
Азаттық: - Назарбаев Қазақстанның сыртқы сауда саласының негізгі төрт бағытының ішінен Ресей мен Қытайдан бөлек, Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына, ал Каспий теңізі арқылы Батыс елдеріне шығу жоспарын атады. Қытай мен Ресей елдерімен арада бұрыннан орнаған сауда-саттық бар, ал осы соңғы екі бағыт жөнінде не айтуға болады?
Ораз Жандосов: - Біз мұнайды Әзербайжан мен Грузия арқылы салынған транспорт каналы арқылы құбырмен де, темір жолмен де сатқанымызға көп жыл болды. Мысалы, Әзербайжан өзінің бүкіл мұнайын Баку-Джейхан құбыры арқылы экспорттайды. Ал бізде бұл маршрут бойынша жұмыс істеп тұрған Ақтау халықаралық порты бар.
Ал Парсы шығанағына шығу үшін Иран елімен байланысты қиындықтар туатыны анық. Егер Батыс пен Иранның арасы жақсарып, Иранға қарсы санкцияларынан бас тартса, бұл маршрут жақсы дамыр еді.
Азаттық: - Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.