Алматы облысындағы Қайнарлы ауылының тұрғындары жерлерінің басқаға жазылып кеткенін айтып сотқа жүгінді. Соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Талай ауылдың тұрғыны осындай жер дауына тап болған.
Сотқа дейін жеткен даудың анық-қанығын тексеру барысында бұл проблема жер телімдерінің құжаттарын жасаған кезде туындағаны анықталды. Шаруалар жерге меншік құқығын жылжымайтын мүлік агенттігінде рәсімдеген. Шенеуніктер «шаруалар бұл құжаттарды әділет органдарында тіркемегендіктен, енді бұл жерлердің иесі бола алмайды» дейді. Жергілікті билік мұндай оқиғалардың көп екенін айтады. Ал жерінен айырылған шаруалар оны пайдаланған адамнан алатын ақысынан да қағылған.
ПАЙ КІМДІКІ?
Қайнарлының ондаған тұрғыны соңғы кезде ауылдағы дүкен жанына жиі жиналатын болды. Кейде олар осы арада наразылық акцияларын өткізеді. Қайнарлыда 40-қа жуық тұрғынның кезінде пайға алған жері бар. СССР күйреп, колхоз тараған тұста тұрғындарға пай ретінде жер телімдері бөлініп, 49 жыл пайдалануға берілді.
Шаруалардың 1990 жылдары құрған қожалығын Сейітжан Құдайбергенов деген
адам басқарған. Ол көп жылдар бойы жұртты жұмыспен қамтып, ортақ қоймадан жем-шөп беріп, дивиденд те төлеп келген. 2005 жылы қайтыс болған әкесінің орнына баласы Ерлан Құдайбергенов отырады. Көп ұзамай ол да қайтыс болып, шаруа қожалығының басқару тізгінін оның әйелі Гүлназ Құдайбергенова алады.
Ол 600 гектар егілмелі, суармалы және жайылымдық жердің иесі болып шыға келеді. Ауыл тұрғындары «бас ауруымыз осы Гүлназ келгеннен басталды» дейді.
65 жастағы Науатхан Шаболатова өмір бойы осы Қайнарлы ауылында тұрады. Жергілікті колхозда көп жыл істеген әйелге бірнеше үлес тиген. Ол «Гүлназ Құдайбергенова жердің барлық құжаттарын өз атына заңсыз жасатып алған» деп есептейді.
СОТТАҒЫ ТАРТЫС
Қожалықта үлесі бар тұрғындардың бірі Сәуле Мүсекенова жердің жаңа иесі Гүлназ Құдайбергенованы сотқа берген. Оның талап-арызына тағы 34 пай иесі қосылған.
2012 жылдың қарашасында талапкерлердің пайдасына Ескелді аудандық соты шығарған шешімде «2005 жылы Е.С.Құдайбергеновтің атына берілген мұралық құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылып, жер телімін жылжымайтын мүлік орталығында мемлекеттік тіркеудің күші жойылсын» деп жазылған.
Бірақ Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасы 2013 жылдың
ақпанында аудандық сот шығарған шешімнің күшін жойған. Енді пайшылар жоғарғы сотқа облыстық алқаның шешіміне қатысты шағым берді.
Шаруа қожалығының басшысы Гүлназ Құдайбергенова «600 гектар жердің, техника мен толып жатқан қора-қопсының ендігі қожайыны - менмін» дейді.
– Сот шешімі заңды күшіне енді. Ескелді аудандық соты мұралық құқық туралы куәліктің күшін жою туралы шешім шығарды. Ал облыстық апелляциялық алқа біздің шағымымызды қарап, құжаттарды тексеріп шығып, мұралық құқық туралы куәлікті заңды деп тауып, күшінде қалдырды. Бірақ пайы бар 35 адам менің үстімнен шағым жазып жатыр, - деді ол Азаттық тілшісіне.
ЖАУАП ІЗДЕУ
Алматы облысы Ескелді ауданы бойынша жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері «бұл дау әділет басқармасы мамандарының қырсыздығынан туындаған» деп санайды.
– Тұрғындар кезінде пайға алған жерлерін біріктіріп, шаруа қожалығын құрды. Шаруа қожалығының басқарушысы қайтыс болған кезде, оның келіні жерді өз атына жазып алған. Мұны біз емес, әділет басқармасы мен жеке нотариус арқылы жасаған. Солардың кесірінен тұрғындардың жері біреудің қолына өтіп кеткен, - деді жер қатынастары бөлімінің бастығы Нұрсейіт Нұрлыбаев Азаттық тілшісіне.
Гүлназ Құдайбергенованың құжаттарын куәландырған аудан орталығындағы жеке нотариус Ирина Шаламова да бұл кінәні әділет органдарына артады. «Өз басым мұрагерлікті заңға сәйкес ресімдедім» дейді ол.
Ескелді аудандық әділет басқармасының мамандары өз әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олардың сөзінше «қателікті 2005 жылы құжаттарды ресімдеген
жылжымайтын мүлік агенттігі жіберген».
Қазір Қазақстанда құжаттар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жөнделеді. Орталық қызметкерлері болса «көп жыл бұрын кеткен шалағайлыққа біз жауап бермейміз» дейді.
– Бұған біз жауапты емеспіз. Әлгі жер телімдерін БТИ (техникалық инвентарлау бюросы) тіркеген. Олардан қабылдап алған құжаттар мұрағатта жатты. Құжат жасауда кеткен қателіктер енді мына дау-дамай кезінде ашылды, - деді әділет басқармасының басшысы Серік Жантасов.
Алматы облысының жер инспекциясы мамандары Қайнарлы ауылындағы сияқты жағдайлар көп кездесетінін айтады. Олар «пайға (үлеске) тиген жерін уақытында тіркемеген тұрғындардың өздері кінәлі» дейді.
– Ауылдық кооперативтер мен серіктестіктер әдетте шаруалардың пайға алған жер телімдерінен құрылады. Олар қожалықты құруын құрып алады да, әділет органдарында тіркемейді. Демек, тиісті мәлімет дерек қорына түспеген соң, басқа біреулер жерді өз атына жазып алады. Мына жағдайда жер иелерінің өздері кінәлі, - деді Алматы облысы жер инспекциясы кадастрлық бөлім бастығы Марат Жүндібаев.
Жоғарғы сот жер дауына қатысты істі қарап жатқан тұста Қайнарлы тұрғындары Алматы облыстық прокуратурасына хат жолдады. Олар бұл жағдайға прокурорлардың да араласуын сұрайды.
ПАЙ КІМДІКІ?
Қайнарлының ондаған тұрғыны соңғы кезде ауылдағы дүкен жанына жиі жиналатын болды. Кейде олар осы арада наразылық акцияларын өткізеді. Қайнарлыда 40-қа жуық тұрғынның кезінде пайға алған жері бар. СССР күйреп, колхоз тараған тұста тұрғындарға пай ретінде жер телімдері бөлініп, 49 жыл пайдалануға берілді.
Шаруалардың 1990 жылдары құрған қожалығын Сейітжан Құдайбергенов деген
Ол 600 гектар егілмелі, суармалы және жайылымдық жердің иесі болып шыға келеді. Ауыл тұрғындары «бас ауруымыз осы Гүлназ келгеннен басталды» дейді.
65 жастағы Науатхан Шаболатова өмір бойы осы Қайнарлы ауылында тұрады. Жергілікті колхозда көп жыл істеген әйелге бірнеше үлес тиген. Ол «Гүлназ Құдайбергенова жердің барлық құжаттарын өз атына заңсыз жасатып алған» деп есептейді.
СОТТАҒЫ ТАРТЫС
Қожалықта үлесі бар тұрғындардың бірі Сәуле Мүсекенова жердің жаңа иесі Гүлназ Құдайбергенованы сотқа берген. Оның талап-арызына тағы 34 пай иесі қосылған.
2012 жылдың қарашасында талапкерлердің пайдасына Ескелді аудандық соты шығарған шешімде «2005 жылы Е.С.Құдайбергеновтің атына берілген мұралық құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылып, жер телімін жылжымайтын мүлік орталығында мемлекеттік тіркеудің күші жойылсын» деп жазылған.
Бірақ Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасы 2013 жылдың
Шаруа қожалығының басшысы Гүлназ Құдайбергенова «600 гектар жердің, техника мен толып жатқан қора-қопсының ендігі қожайыны - менмін» дейді.
– Сот шешімі заңды күшіне енді. Ескелді аудандық соты мұралық құқық туралы куәліктің күшін жою туралы шешім шығарды. Ал облыстық апелляциялық алқа біздің шағымымызды қарап, құжаттарды тексеріп шығып, мұралық құқық туралы куәлікті заңды деп тауып, күшінде қалдырды. Бірақ пайы бар 35 адам менің үстімнен шағым жазып жатыр, - деді ол Азаттық тілшісіне.
ЖАУАП ІЗДЕУ
Алматы облысы Ескелді ауданы бойынша жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері «бұл дау әділет басқармасы мамандарының қырсыздығынан туындаған» деп санайды.
– Тұрғындар кезінде пайға алған жерлерін біріктіріп, шаруа қожалығын құрды. Шаруа қожалығының басқарушысы қайтыс болған кезде, оның келіні жерді өз атына жазып алған. Мұны біз емес, әділет басқармасы мен жеке нотариус арқылы жасаған. Солардың кесірінен тұрғындардың жері біреудің қолына өтіп кеткен, - деді жер қатынастары бөлімінің бастығы Нұрсейіт Нұрлыбаев Азаттық тілшісіне.
Гүлназ Құдайбергенованың құжаттарын куәландырған аудан орталығындағы жеке нотариус Ирина Шаламова да бұл кінәні әділет органдарына артады. «Өз басым мұрагерлікті заңға сәйкес ресімдедім» дейді ол.
Ескелді аудандық әділет басқармасының мамандары өз әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олардың сөзінше «қателікті 2005 жылы құжаттарды ресімдеген
Олар қожалықты құруын құрып алады да, әділет органдарында тіркемейді. Демек, тиісті мәлімет дерек қорына түспейген соң, басқа біреулер жерді өз атына жазып алады.