Интернетке Harlem Shake биін билеп видео жариялаған қарағандылық екі студентті университет «ішкі тәртіпті бұзды» деп айыптайды. Жақтаушылары олардың пікір білдіру еркіндігі бұзылды деп санайды.
Наурыз айының басында интернетте Harlem Shake биін билеген бір топ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері түсірген ролик пайда болды. Бір минуттық бейнежазбада оншақты студент аудитория ішінде танымал биге ұқсас қимыл-қозғалыс жасайды. Кейбірі үстел үстіне шығып билейді. Олардың фонында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бар баннер көрінеді. Көп ұзамай роликтің бір нұсқасы интернеттен алынды. Ал университет басшылығы жоғары оқу орнының «ішкі тәртібін бұзды» деген себеппен биді ұйымдастырған және видеоны монтаждаған екі студентті оқудан шығарып тастады.
Мемлекеттік грантта білім алып келген студенттер енді оқуын тек ақылы түрде ғана жалғастыра алады. Қарағанды техникалық университетінің проректоры Виктор Егоровтың сөзінше, студенттер «оқу дисциплинасы мен ішкі тәртіп ережелерін бұзғандары үшін» жазаланған. Жергілікті журналистерге берген сұхбатында ол: «Студенттер өздерінің тегін білім алуы үшін ақша төлеп отырған президент суретінің фонында жынойнақ жасаған» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, құрамына 10 профессор кіретін дисциплинарлық кеңес оларды оқудан шығару туралы шешім шығарған.
http://www.youtube.com/embed/80WpS4h4jFI?feature=player_embedded
Бұл жайтқа қатысты әлеуметтік желіде қызу пікірталас болып, «#ЭльдарКайрат» хэштегі пайда болды. Ал наурыздың 14-і кешкісін Астанада студенттерді қолдаушылар флешмоб ұйымдастырды.
ҮСТЕЛ СЫЙЛАУ
Қарағандылық студенттерді оқудан шығару туралы шешім бірқатар қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Солардың бірі – Қазақстан мұсылмандар одағы. Наурыздың 15-і күні одақ жоғары оқу орны ректорына хат жазып, ұйымның «студенттер келтірген шығынды өтеп беретінін» мәлімдеді.
«Жоғары оқу орны басшылығы, студенттер «лас аяқ-киімдерімен жаңа үстелдердің үстінде, патриоттық мазмұндағы стенд орналасқан жерде биледі» дейді. Осыны ескере отырып, Қазақстан мұсылмандар одағы университетке 1 үстел мен 4 патриоттық мазмұндағы стенд сыйлайды» деп жазады ұйым.
Университет ректорына жазылған хатта Қазақстан мұсылмандар одағы: «Бұл сыйлық студенттердің университетке келтірген моральдық және материалдық залалының орнын толтырар деген үміттеміз. Ақылға келіп, олардың оқуын жалғастыруға рұқсат берерсіз деп сенгіміз келеді» деп мәлімдеген.
ПЕТИЦИЯ
Наурыздың 15-і күні бір топ белсенді Қарағанды техникалық университетінің ректорына наразылық нотасын жіберді. Олар «шығармашылық еркіндік жазаланбау керек, ал оқу орнының ішкі тәртібі би билеп, оны Youtube-ке жариялауға тыйым салмауы керек» деп санайды.
Студенттерді оқудан шығару туралы шешім «тым қатал» деген нота авторлары, елдің ғылым және білім министрі Бақытжан Жұмағұловқа да ашық хат жазды. Арыз иелері министрден Қарағанды унверситетінің дисциплинарлық кеңесінің студенттерді оқудан шығару туралы шешімін өзгертуге ықпал жасауды сұрайды.
Хатта: «Біз университет білім ордасы ретінде студенттердің бастамасын қолдауы керек деп санаймыз. Өкінішке қарай, оқу орны басшылығы өз шешімімен, студенттердің конституцияда көрсетілген өз ойын білдіру еркіндігіне шектеу қойып, олардың болашағына балта шапты» деп жазылған.
Хат иелері студенттерді айыппұл немесе қоғамдық жұмыспен жазалауға да болар еді деп ойлайды.
ФЛЕШМОБ
Бейсенбі наурыздың 14-і күні кешке Астанадағы сауда орталықтарының бірінде студенттерді қолдайтын бір топ жас флешмоб ұйымдастырды. Шараны экс-депутат Бақыт Сыздықова ұйымдастырып, оннан аса жастың басын қосты.
«Идеологиясы қатал советтік кезеңінде де түзелуге мүмкіндік берген» деген Сыздықова университет басшылығы тым қатал шешім қабылдағанын айтады.
Наурыздың 15-і күні Азаттық тілшісіне пікір білдірген қарағандылық азаматтық белсенді Андрей Цуканов басшылық «мәселені шешудің орнына репрессияға жол берді» деп мәлімдеді.
- Студенттердің бұл акциясы – жаттандылық пен қызықсыз өмірге қарсы өз ойын білдірудің көрінісі. Өздерінің ешкімге керегі жоқ екенін байқаған жастар өздеріне назар аудартқысы келеді. Өздерін көрсеткісі келеді, бірақ оны қалай істейтіндерін білмейді. Оларды репрессиялау дұрыс емес. Меніңше студенттерді қоғамдық өмірге жұмылдырып, білім ордасы мен елін сүюге үйрету керек. Сонда ғана оларың жастық энергиясы керекті бағытқа жұмсалады, – деді Андрей Цуканов.