Кенесарының көркем өнердегі бейнесі зерделенген жоқ

Қазақ ханы Кенесары Қасымұлына қойылған ескерткіш. Астана, қазан, 2009 жыл.

Кенесары хан мен Наурызбай, Ағыбай сияқты батырлар жайлы рухани мұраны зерттеу әлі көңіл көншітпейді дейді ғалымдар.
Кенесары Қасымұлы жайлы хабарды тыңдаңыз

Your browser doesn’t support HTML5

Кенесары Қасымұлы мен батырлар жайлы хабарды тыңдаңыз




ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыс қолбасшысы, қазақтың соңғы ханы Кенесарының батырлық тұлғасы қазақ әдебиетінде тұңғыш рет Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастанында сомдалған. Нысанбайдың өзі сол жорыққа қатысқан, кейін хан мерт болған соң қырғыз жерінен қашып шығып, Орталық Азия елдерінде біраз уақыт бас сауғалап жүргендігі тарихи деректерде айтылады.

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Серікбай Қосан Азаттық радиосына берген сұқбатында "қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалуға бағытталған ұлт-азаттық қозғалысының, Кенесары Қасымұлы мен жанын шүберекке түйіп, отаршылдық жүйеге қарсы күрескен Наурызбай, Ағыбай сияқты батырлардың ерлігі тарихи тұрғыдан зерттелсе де, дәл осы айтулы оқиғаға қатысушы қаһармандарымыздың рухани мұраларымызда сомдалуы жан-жақты зерделенген жоқ" дейді.