Қостанай облысының Федоров ауданындағы Успеновка селосының тұрғындары "ДЕП" серіктестігі бізден сүтті 25 теңгеден сатып алып, өздері 150-200 теңгеден сатады және соның өзін уақытында бермей ақымызды жеп отыр дейді. Ал дүкендегі қымбат сүт болса өтпейді.
Бұл туралы бізге осы елді мекеннің тұрғыны Татьяна Фомина хабарлады. Оның айтуына қарағанда, сүттің бір литрін әуелі отыз теңгеден сатып аламын деген делдалдар кейін оның бағасын жиырма бес теңгеге түсірген. Бірақ, сол ақшаның өзі жергілікті тұрғындарға осы уақытқа дейін төленбеген. Кейбір сүт сатушылар сүтті күн сайын өткізіп келсе де, тиесілі ақшаларын екі айдан бері алмаған. Сүт сатып алушылар сатып алынған сүтті облыс орталығындағы «ДЕП» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тапсырмасымен қабылдайтынын, сатып алынған сүт те осы кәсіпорынға өткізілетінін айтқан.
Ал, жергілікті дүкенде сол «ДЕП» шығарған сүттің бір литрі 150-200 теңгеден сатылуда. Аталған кәсіпорынның директоры Евгений Дружинин:
«Олай болуы мүмкін емес, сатып алынған сүт үшін табан астында есеп айырысуға мүмкіншілік бар, ал ондай жағдай шыныменен болса, кінәлі кісілерге шара қолданылады, жақын арада тұрғындар берешегі түп-түгел қайтарылады», - деп уәде беріп отыр.
АУЫЛДАН АРЗАНҒА, ҚАЛАҒА ҚЫМБАТҚА...
Қала тұрғындары сүттің неге қымбат екеніне таң қалса, ауыл тұрғындары оны сатып алушылар неге сонша арзан бағаға алатындарына қайран. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, шөптің бір тоннасының бағасы кейінгі айларда төрт мың теңгеден жеті мың теңгеге дейін көтерілген, яғни екі есеге жақын өсіп кеткен. Жем де арзан емес. Тек қана сүт бағасы әлі арзан.
Арзан дегеніміз, сол сүтті сатушы ауыл адамдарына ғана қатысты, ал тұтынушыларға ол өте қымбат. Қала орталығында дүкендерде сатылатын сүттің бір литрі майлылығына байланысты әр түрлі: 115 теңгеден бастап 240 теңгеге дейін бағаланған. Мәселен, майлылығы бір пайыз сүттің бір литрінің бағасы – 115 теңге. Ал майлылығы алты пайызды құрайтын сүттің бір литрі – 240 теңге.
СҮТ ҚАТҚАН ҚОҢЫР КҮРЕҢ ШАЙ ТҮСКЕ ЕНЕДІ
Көшеде сатылатын сүттің бір литрі кейінгі бір айдың ішінде жетпіс теңгеден сексен теңгеге дейін көтерілді. Қаймақтың бір литрі 600 теңгеге жетті. Қала көшелерінде сүт сатушылардың көпшілігінің рұқсаты да жоқ, олардың біразы ауылдық жерден жинап алған сүттерін қалаға әкеліп сатады. Кейде сатқан сүттері ашып кетіп жатады.
Қостанай облысында тұратын тұрғындардың кейбіреулері мал өнімдерін көршілес Ресейге апарып, пайда тапқысы келеді. Cоңғы аптаның өзінде ғана Челябинск облысындағы «Қарталы» кеден бекетінде «Тобыл-Қарталы» жүрдек пойызының жолаушыларынан 45 келі ет және сүт өнімдері тәркіленген. Аталған азық-түлікке мал дәрігерлері тарапынан рұқсат қағаздары берілмегені туралы Магнитогорск кеденінің баспасөз хатшысы Элина Куликова хабарлады.
Биылғы жылдың қыркүйек айында Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 12439 теңгені құрады. Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы екі пайызға көтерілді. «Үкіметтің кейінгі айда зейтетақыға қосқан үстемесі небәрі тоқсан тоғыз теңге. Оған бір литр сүт те ала алмайсың. Қала тұрғындарының көпшілігі енді сүт қатып ішкен шайдан гөрі қара шай немесе көк шай ішкенді қолайлы көреді», - дейді Қостанай қаласының тұрғыны, зейнеткер Ақапа Баймулдина.