Жамбыл облысы Қордай ауданы Бел ауылының он шақты тұрғыны Қазақстанның төлқұжатын ала алмай, қиналып отырғандарын айтады. Жергілікті атқарушы мекемелер «тұрғындардың 20 жыл бойы қордаланып келген мәселесін бір күннің ішінде шешу мүмкін емес» дейді.
Қазақстан республикасының азаматтығы мен төлқұжатын ала алмай жүрген тұрғындардың айтуынша, Қазақстан 1945 жылы Қырғызстанға 476 мың гектар көлемінде жерді жалға беріп, 1996 жылы жалға алу мерзімі аяқталған соң жерді қайтарып алған. Оның арасында Бел ауылы да болған. Жалға алу мерзімі аяқталған кезде Бел ауылының Қырғызстан азаматы болып жүрген кейбір тұрғындары құжаттарын уақытында рәсімдей алмай, жылдар бойы бұл мәселе шешілмей қала берген.
«ӨЗ АУЫЛЫМДА ОРАЛМАН ДЕП АТАЙДЫ»
Ақпарат бойынша, Бел ауылында сондай құжат ала алмай жүрген 17 азамат бар.
– Олардың арасында азаматтық ала алмай, бұрынғы қызыл паспортпен жүргендері де бар, – дейді Азаттық радиосына хабарласқан ауыл тұрғындары.
24 жастағы Батырбек Аязбаев туу туралы куәлігінен басқа құжаты жоқ екенін, сондықтан жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады.
– Әкем де, атам да осында туып өссе де, бізді «оралман» деп атап отыр. Төлқұжат алайын десем, «Қырғызстаннан құжаттар керек» дейді. Ал төлқұжатсыз
Қырғызстанға өткізбек түгілі жолатпайды. Сол себепті әлі жұмыссыз жүрмін. Мамам оқымаған. Әкем қайтыс болып кеткен. Әрең күн көріп отырмыз, – дейді Батырбек Аязбаев.
Ол сегіз ағайынды екенін, бірнеше бауырының Қырғызстанда тұратынын, олардың құжаттары бар болғанмен Қазақстан жағына ауыстыра алмай отырғанын да айта кетті. Батырбек Аязбаевтың айтуынша, ауылда өзі сияқты кәмелетке толса да, төлқұжат ала алмай отырған жастар да бар.
Ауыл тұрғыны Борис Валтышевтың айтуынша, осыдан бес жыл бұрын ұлы Александр Валтышев төлқұжатын ауыстыру үшін қажетті құжаттар жинап тапсырған екен. Алайда «5 жыл болды – ұлым құжатсыз жүр» дейді ол.
– Балам еш жерге жұмысқа орналаса алмай жүр. Ешқайда бара алмайды да. Міне, бес жылдың жүзі болды. Біресе құжаттарды алады, біресе қайтарып береді. «Қолы дұрыс емес», «дұрыс толтырылмаған» дейді. Ұлым осы жерде туып-өсті. Осы жерден әскерге барған. Қайда барарымызды білмейміз, – дейді Борис Валтышев.
«ҚАЙДА ЖАЗСАҢ, ОНДА ЖАЗ»
Ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы Кәртенбай Қожамқұловтың айтуынша, тұрғындар көмек сұрап, жергілікті ресми органдардың барлығын шарлап шыққан. Ол «бұл мәселені 2008 жылдан бері көтеріп келе жатқандарын», алайда «ешқайсысы құлақ аспағанын» айтты.
– Осында тұрған адамдар оралман болып қалды. Құжат алу үшін Алматыға бару керек. Бішкектегі екі-үш жерге бару керек. Құжат жинау керек. Бірақ олар бара алмай отыр. Кейбір балалар осында туып-өскен. Бір метр көшіп-қонбаған. Олар қалай оралман болады? Соны айтсам, ешкім түсінбейді. «17 адам өмір бойы өстіп өте ме?» десем, «Қайда жазсаң, онда жаз. Көші-қон заңы аясында істеп жатырмыз» деп жауап береді. Қайда шағымданарымызды білмейміз, – дейді ақсақал.
Ақпарат бойынша, Отар ауылдық округіне қарайтын Бел ауылында шамамен 78 отбасы тұрады.
«ЖОҒАРЫ ЖАҚ ШЕШЕ АЛМАЙТЫНЫН БІЛДІК»
Қордай ауданының әкімі Болатбек Байқонысұлы бұл мәселеден хабардар екенін айтты. Қызметіне үш-төрт ай бұрын ғана кіріскенін хабарлаған әкімнің сөзіне қарағанда, «екі ай бұрын осы мәселеге орай арнайы комиссия құрылған», «20 жыл бойы қорданалып қалған мәселені бір күннің ішінде шеше салу мүмкін емес».
– Бұл мәселені жоғары жақ шеше алмайтынын білдік. Сондықтан мұны өзіміз арнайы комиссия құрып қолға алдық. Бір тұрғынға 10-15 құжат, біреуіне екі-үш құжат дайындау керек. Қиын болса да, биыл керек құжаттардың барлығын Бішкекке барып әкелсек пе деп отырмыз. Керек болса, нотариусты да Бел ауылына апарамыз. Қазір Қырғызстандағы елшіліктерге шығып жатырмыз. Шекарашылардан да рұқсат сұрап жатырмыз. Соларды ары қарай алып өтсек дейміз тізімін көрсетіп, – дейді бұл мәселенің қашан шешілетінін нақты айта алмаған Болатбек Байқонысұлы.
Аудан әкімінің айтуынша, Бел ауылы аудандағы «әлеуметтік жағынан ең төмен ауыл» ретінде бекітіліп, ондағы тұрғындарды дамыған елді мекендерге көшіру мәселесі де жоспарда бар.
Азаттық тілшісі бұл мәселеге байланысты Астанадағы ресми органдардан әзірге жауап ала алмады.
«ӨЗ АУЫЛЫМДА ОРАЛМАН ДЕП АТАЙДЫ»
Ақпарат бойынша, Бел ауылында сондай құжат ала алмай жүрген 17 азамат бар.
– Олардың арасында азаматтық ала алмай, бұрынғы қызыл паспортпен жүргендері де бар, – дейді Азаттық радиосына хабарласқан ауыл тұрғындары.
24 жастағы Батырбек Аязбаев туу туралы куәлігінен басқа құжаты жоқ екенін, сондықтан жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады.
– Әкем де, атам да осында туып өссе де, бізді «оралман» деп атап отыр. Төлқұжат алайын десем, «Қырғызстаннан құжаттар керек» дейді. Ал төлқұжатсыз
Ол сегіз ағайынды екенін, бірнеше бауырының Қырғызстанда тұратынын, олардың құжаттары бар болғанмен Қазақстан жағына ауыстыра алмай отырғанын да айта кетті. Батырбек Аязбаевтың айтуынша, ауылда өзі сияқты кәмелетке толса да, төлқұжат ала алмай отырған жастар да бар.
Ауыл тұрғыны Борис Валтышевтың айтуынша, осыдан бес жыл бұрын ұлы Александр Валтышев төлқұжатын ауыстыру үшін қажетті құжаттар жинап тапсырған екен. Алайда «5 жыл болды – ұлым құжатсыз жүр» дейді ол.
– Балам еш жерге жұмысқа орналаса алмай жүр. Ешқайда бара алмайды да. Міне, бес жылдың жүзі болды. Біресе құжаттарды алады, біресе қайтарып береді. «Қолы дұрыс емес», «дұрыс толтырылмаған» дейді. Ұлым осы жерде туып-өсті. Осы жерден әскерге барған. Қайда барарымызды білмейміз, – дейді Борис Валтышев.
«ҚАЙДА ЖАЗСАҢ, ОНДА ЖАЗ»
Ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы Кәртенбай Қожамқұловтың айтуынша, тұрғындар көмек сұрап, жергілікті ресми органдардың барлығын шарлап шыққан. Ол «бұл мәселені 2008 жылдан бері көтеріп келе жатқандарын», алайда «ешқайсысы құлақ аспағанын» айтты.
«Қайда жазсаң, онда жаз. Көші-қон заңы аясында істеп жатырмыз» деп жауап береді.