Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісі
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы “Ақ-тілек автожол” өткізу пунктінде кезекте тұрған жүк көліктерінің саны 30 наурыз күні 170-ке жетті. Ақпарат бойынша, мұндай жағдай Қазақстан жағына өтейін деп тұрған көліктердің мұқият тексерілуіне байланысты туындап отыр. Мұндай тексеру шарасы 19 наурыздан басталған. Әзірге Қазақстанның ресми орындары оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді. Қырғызстан экономистері жергілікті билікті мәселені тезірек шешуге шақырды. (Азаттықтың Қырғыз қызметі әзірлеген сюжет).