Бүкіл ТМД кеңістігін, оның ішінде Орта Азия елдерін дүр сілкіндірген Қырғызстандағы «қызғалдық» төңкерісіне биыл 5 жыл болып отыр. Осыған байланысты Азаттық Радиосы өзінің кезекті дөңгелек үстел талқылауын өткізген еді.
2005 жылдың 24 наурызында Қазақстанға көрші Қырғызстанда тарихта «қызғалдақ» деген атаумен қалған бейбіт төңкеріс болып, 15 жылдай билік басында отырған Асқар Ақаевты тағынан түсірді.
Азаттық Радиосының кезекті дөңгелек үстел талқылауына Қырғызстандағы белгілі саясаттанушы, сарапшы Тоқтағұл Какчекеев, Қазақстандағы саяттанушы әрі Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов, Азат Еуропа/Азаттық Радиосының Қырғызстан бойынша сарапшысы әрі қырғыз редакциясының қызметкері Әмірбек Ұсманов және Азат Еуропа/Азаттық Радиосы қырғыз редациясының директоры Тыныштықбек Чороев қатысты.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырып өткізген Азат Еуропа/Азаттық Радиосының қызметкері Сұлтан Хан Аққұлұлы.
Сонымен, 17 наурыз күні Бішкекте қырғыз оппозициясын қолдаушылардың 3 мыңнан астам адам қатысқан халық құрылтайы болып өтті.
Жиналғандар қолдарына «Бәкиевтердің отбасылық-қылмыстық билігі кетсін!», «Билік, халықты тонауыңды тоқтат!», «Ар-ұждан тұтқындары босатылсын!» деген үндеулер көтеріп шықты.
Құрылтайда сөйлеген сөзінде оппозиция көсемдерінің бірі Өмірбек Текебаев «билікті өз қолына алу үшін» мемлекеттік билік мекемелерімен баламалы құрылымдар құруды ұсынды және тегеуренді іс-әрекетке кірісуге шақырды.
Құрылтай – Социал-демократиялық партияның кеңсесі маңында көшеде өтіп, ол маңайды бірнеше жүз полиция қызметкері қоршап тұрды.
Оған қоса Қырғызстанның «Ашық саясат» газетінің бас редакторы Бабырбек Жеенбеков пен «Назар» газетінің редакторы Кенжебек Арықбаев бірқатар мақалалар жариялағаны үшін сәрсенбі күні Бас прокуратураның кеңсесіне шақырылып, олардан жауап алынды.
Сонымен президент Асқар Ақаевты биліктен тайдырып, қазіргі президент Құрманбек Бәкиевті билікке отырғызған «қызғалдақ" төңкерісінен қырғыз қоғамы арада 5 жыл өткенде күткен нәтижесіне қол жеткізе алды ма?
Міне осы және басқа да өзекті деген сұрақтар төңірегінде Азаттық радиосының дөңгелек үстел сұхбатына қатысқан қонақтары ой бөліскен еді. Дөңгелек үстелдің толық аудиожазба нұсқасын осы арадан тыңдай аласыздар.