Латын графикалы қазақ әліпбиінің дауы
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақ тілін латын қарпіндегі әліпбиге көшіру мәселесімен айналысып жатқан жұмыс тобы бүгін баспасөзге арналған жиын өткізді. Олар "халықтың ұсыныс-кеңестерін ескеріп, жуырда нәтижесін шығармақ" жоспарларын айтады. Бірақ өз бетінше әліпби нұсқасын жасаған кей адамдар "шын мәнінде талқылау болып жатқан жоқ" дейді.