Қазақстанда әлеуметтік желілер танымал болғалы бері «Агент ақындары» деген ұғым қалыптасты. Agent ақындары – елдегі интернет тұтынушылардың 30 пайызы (ресми дерек бойынша) қолданатын танымал Mail.ru веб-қызметінің Mail.ru Agent чат қосымшасына өлеңдерін жариялайтын ақындар.
«Agent ақындары» туралы қарама-қайшы пікірлер бар. Өлеңді оқырманға баспа өнімдері арқылы жеткізудің жақтайтын ақындар жыр шумақтарын өңделмеген күйде көпке ұсынуды «әдебиетке жасалған қиянат» деп бағаласа, кейбір ақындар «мықты ақын интернетте де мықты ақын боп қала береді» дейді.
– Дәл қазіргі кезең – Agent ақындарының дәурені. Олар күн өткен сайын қадамын кең сілтеп, өндірте жазып жүр. Бірақ кітапқа емес, Agent-ке. Қазір көп ақындарды Agent танымал етіп жүргенін де жасырмаймыз, – деп жазады блогшы Олжас Қасым өзінің блогында.
Ол «танымал Agent ақындары» деп Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы, «шымқалалық Дәурен», Жанғазы сияқты ақындарды атайды.
«СЫНДЫ ӨТЕ СИРЕК ЕСТИМІН»
Ақын Танакөз Толқынқызы өлеңдерін Мой мир желісіндегі микроблогына күнделікті салып отырады. Ол «сиясы кеппеген» өлеңдерінің алғашқы оқырманы әрі сыншысы да «агенттегі оқырмандары» екенін айтады. Ақынның Мой мир желісінде 259 досы бар.
– Халықтың пікірін тыңдаймын. Сынды өте сирек естимін. Көбінесе, адамдар өздерінің өлеңнен алған әсерін, эмоциясын айтып отырады. Интернетте әртүрлі адамдар отырады. Поэзиядан сауаты бар адамдар да, сауаты кемшін адамдар,
тіпті мүлде поэзияға қатысы жоқ адамдар, жай әуесқойлар да болуы мүмін. Мен «керемет», «әдемі» деген пікірлердің бәріне сене бермеймін. Өйткені өзімнің ішімде де үлкен бір сыншы отыр, – дейді ол.
Танакөз Толқынқызының сөзіне қарағанда, оның кітапта жарияланған өлеңдері мен Agent-те жарияланған өлеңдерінің арасында еш айырмашылығы жоқ. «Өңдеу процесі ешқашан тоқтамайтынын» айтқан ақын Agent-те жарияланған өлеңдерінің кітапқа басқанда да 90 пайызы өзгермейтінін айтады.
Ол «Agent ақындары оқырмандар талғамын төмендетеді» деген пікірге қатысты:
– Әркім әрқалай ойлайды. Қанша бас болса, сонша ой бар. Жас кезде менің де сондай пікірлермен өмір сүрген кездерім болды. Қазір осындай формасын таңдадым. Бұл менің өз таңдауым. Бұл мүмкін, мәңгі жалғаса бермес, бір уақыттан кейін тоқтар. Бірақ жалпы ең бастысы мені қуантатыны – адамның творчестволық процесте болуы. Творчестводан қалып жатқан қаншама әріптестерім бар. Жаза алмай жатқан. Деградацияда жүрген. Ал шын қуана білген адамға ақындардың жазып жатқаны – қуаныш, жариялап жатқаны – қуаныш, – деп жауап берді.
«ӨЛЕҢМЕН ӨЙТІП ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ»
Ал ақын Бақыт Беделхан өңделмеген, «он екі мүшесі сау емес, кемтар өлеңдерді» оқырманға ұсынуға қарсы.
– Қаншалықты сәтті шыққан поэзия болсын, айналып бір соққан кезде, белгілі бір сүзгіден өткеннен кейін ғана барып аяғын түзейді. Жас түгілі сақа ақындардың өздері сондай. Сондықтан өлеңмен өйтіп ойнауға болмайды. Кейде Agent-ті қарап отырсаң, «түнде жазылған өлең», «жаңа жазыған өлең» деп тұрады. Ол әркімнің ұятына, намысына, арына байланысты. Немқұрайдылықпен, «насихатталсам болды», «танымал болсам болды» деген бір пәндәуи ниетпен өлеңдерді жариялай бергенге мен қарсымын, – дейді Бақыт Беделхан.
Бірақ интернеттің мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайтынын айтқан ақын «әбден сүзгіден өткен өлеңдердің антологиясын жинақ қып интернетке жариялауға болады» дейді. Оның ойынша, «сүзгіден өтпеген өлеңдер оқырман талғамын өзгертіп, әдебиетке деген ықыласын суытуы мүмкін».
– Бұл оқырманның әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген көзқарасын өзгертіп тастайды. Кейбірі «осыны да өлең қып жазып жүр ме» деуі мүмкін. Менің ауылда ағам бар. Қой бағады. Agent-тегі кейбір жеңіл өлеңдерге қарағанда оның өлеңі әлдеқайда жақсы. Сол сияқты Нарынқолдан келген Сәлім Жусанбай деген ағам бар. Оның өлеңі тіпті мықты. Анадай дүниені көріп отырып, қарапайым халықтың өзі, поэзияға енді қызығып, тәнті боп қарайтындар көңілін суытып алады, – дейді Бақыт Беделхан.
Ал Бейбіт Сарыбай «мықты ақын – интернетте де мықты ақын» дейді. Оның ойынша, Agent – мойындалған ақындар үшін өлеңді көпке жеткізудің құралы ғана.
– Кейбір адамдар журнал қарамауы мүмкін, газет қарамауы мүмкін, кейбіреуі кітап оқымайды. Бірақ Agent арқылы ақындардың өлеңін тауып, оқуы мүмкін. Бұл – мойындалған ақындар үшін өлеңді жеткізудің құралы, – дейді ақын Бейбіт Сарыбай.
«ӘДЕБИЕТТІ ЫЛҒИ КІТАП ЖАСАП КЕЛГЕН»
«Өлеңдерін кітаптары арқылы оқырманына жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан ақындар Agent-ке жүгінуге мәжбүр» деген ақын Жарас Сәрсек:
- Интернет арқылы оқырман көбейту ұғымына қарсымын. Әдебиетті ылғи кітап
жасап келген ғой, - дейді.
Қазіргі ақындарды «интернетсіз өмір сүретін» және «интернетсіз өмір сүре алмайтын ақындар» деп екі топқа бөлген Жарас Сәрсек «соңғы топтың дәурені жүріп жатқанын» айтады.
– Бірақ бұл жерде ешқандай қызғаныш тумауы керек. Екі бағытта да жұмыс істеуге болады. Екеуі бір-бірін толықтырып отыруға тиіс. Бірақ, менің ойымша, ақындар кітап шығара алу үшін үкімет қаржы бөлуі тиіс. Мысалы, ауыз толтырып айтқанымызбен, мынау түкпір-түкпір ауылдарда интернет жоқ, мүлде жоқ деуге болады. Сонда интернет болмаса, онда ауыл оқырмандары қазір жазылып жатқан шығармаларды қалай оқиды? Сондықтан кітап мәселесін қай кезде болмасын бірінші орынға қою керек. Қазіргі биліктегілер осыны көбірек ойлауы тиіс, – дейді Жарас Сәрсек.
– Дәл қазіргі кезең – Agent ақындарының дәурені. Олар күн өткен сайын қадамын кең сілтеп, өндірте жазып жүр. Бірақ кітапқа емес, Agent-ке. Қазір көп ақындарды Agent танымал етіп жүргенін де жасырмаймыз, – деп жазады блогшы Олжас Қасым өзінің блогында.
Ол «танымал Agent ақындары» деп Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы, «шымқалалық Дәурен», Жанғазы сияқты ақындарды атайды.
«СЫНДЫ ӨТЕ СИРЕК ЕСТИМІН»
Ақын Танакөз Толқынқызы өлеңдерін Мой мир желісіндегі микроблогына күнделікті салып отырады. Ол «сиясы кеппеген» өлеңдерінің алғашқы оқырманы әрі сыншысы да «агенттегі оқырмандары» екенін айтады. Ақынның Мой мир желісінде 259 досы бар.
– Халықтың пікірін тыңдаймын. Сынды өте сирек естимін. Көбінесе, адамдар өздерінің өлеңнен алған әсерін, эмоциясын айтып отырады. Интернетте әртүрлі адамдар отырады. Поэзиядан сауаты бар адамдар да, сауаты кемшін адамдар,
Танакөз Толқынқызының сөзіне қарағанда, оның кітапта жарияланған өлеңдері мен Agent-те жарияланған өлеңдерінің арасында еш айырмашылығы жоқ. «Өңдеу процесі ешқашан тоқтамайтынын» айтқан ақын Agent-те жарияланған өлеңдерінің кітапқа басқанда да 90 пайызы өзгермейтінін айтады.
Ол «Agent ақындары оқырмандар талғамын төмендетеді» деген пікірге қатысты:
– Әркім әрқалай ойлайды. Қанша бас болса, сонша ой бар. Жас кезде менің де сондай пікірлермен өмір сүрген кездерім болды. Қазір осындай формасын таңдадым. Бұл менің өз таңдауым. Бұл мүмкін, мәңгі жалғаса бермес, бір уақыттан кейін тоқтар. Бірақ жалпы ең бастысы мені қуантатыны – адамның творчестволық процесте болуы. Творчестводан қалып жатқан қаншама әріптестерім бар. Жаза алмай жатқан. Деградацияда жүрген. Ал шын қуана білген адамға ақындардың жазып жатқаны – қуаныш, жариялап жатқаны – қуаныш, – деп жауап берді.
«ӨЛЕҢМЕН ӨЙТІП ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ»
Ал ақын Бақыт Беделхан өңделмеген, «он екі мүшесі сау емес, кемтар өлеңдерді» оқырманға ұсынуға қарсы.
Немқұрайдылықпен, «насихатталсам болды», «танымал болсам болды» деген бір пәндәуи ниетпен өлеңдерді жариялай бергенге мен қарсымын.
– Қаншалықты сәтті шыққан поэзия болсын, айналып бір соққан кезде, белгілі бір сүзгіден өткеннен кейін ғана барып аяғын түзейді. Жас түгілі сақа ақындардың өздері сондай. Сондықтан өлеңмен өйтіп ойнауға болмайды. Кейде Agent-ті қарап отырсаң, «түнде жазылған өлең», «жаңа жазыған өлең» деп тұрады. Ол әркімнің ұятына, намысына, арына байланысты. Немқұрайдылықпен, «насихатталсам болды», «танымал болсам болды» деген бір пәндәуи ниетпен өлеңдерді жариялай бергенге мен қарсымын, – дейді Бақыт Беделхан.
Бірақ интернеттің мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайтынын айтқан ақын «әбден сүзгіден өткен өлеңдердің антологиясын жинақ қып интернетке жариялауға болады» дейді. Оның ойынша, «сүзгіден өтпеген өлеңдер оқырман талғамын өзгертіп, әдебиетке деген ықыласын суытуы мүмкін».
– Бұл оқырманның әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген көзқарасын өзгертіп тастайды. Кейбірі «осыны да өлең қып жазып жүр ме» деуі мүмкін. Менің ауылда ағам бар. Қой бағады. Agent-тегі кейбір жеңіл өлеңдерге қарағанда оның өлеңі әлдеқайда жақсы. Сол сияқты Нарынқолдан келген Сәлім Жусанбай деген ағам бар. Оның өлеңі тіпті мықты. Анадай дүниені көріп отырып, қарапайым халықтың өзі, поэзияға енді қызығып, тәнті боп қарайтындар көңілін суытып алады, – дейді Бақыт Беделхан.
Мықты ақын – интернетте де мықты ақын.