Қазанның 15-і күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті.
Назарбаев Путиннің Қазақстанға сапарын "ерекше оқиға" деп мәлімдеді, ал Путин "екі елдің қарым-қатынасы екі жақты жоспар аясында өте тиімді дамып жатқанын" айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлісу жөніндегі, Ресейдің Орынбор облысындағы Домбаровский ауданынан зымыран ату тәртібі туралы, авиациялық іздеу мен құтқару саласындағы ынтымақтастық жайлы, "Бипэк Авто Қазақстан" мен "АвтоВАЗ" компаниялары арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту туралы келісімдерге де қол қойды.
Азаттықтың 16 қазан, жұма күні Астана уақытымен сағат 15:00-де өткізген AzattayqLIVE хабарында Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары талданды. ЕАЭО аясындағы әріптестіктің бүгіні мен болашағы, Кремль мен Ақорданың ендігі қарым-қатынасы да тікелей эфирде сөз болды.
Хабарға қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры, экономист Меруерт Махмұтова қатысты.
Журналист Қасым Аманжолұлы жүргізген тікелей эфир видеосын төменнен көре аласыздар.
Бірінші бөлімі
Your browser doesn’t support HTML5
Екінші бөлімі
Your browser doesn’t support HTML5