Қазақстанның тәуелсіздік жариялауы сол кездегі қазақ және орыс тілді жергілікті БАҚ-та әрқилы сипатталып, газеттер сақтық пен шаттық аралас реакция танытты.
1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жоғарғы Кеңес қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы конституциялық заңын ақпарат құралдары әрқилы таратты. Кейбірі «Ақ түйенің қарыны жарылды» десе, кейбірі кезекті саяси оқиғаның бірі ретінде хабарлаумен шектелді.
Сол кезде орталық және аймақтық БАҚ-та жұмыс істеген баспасөз қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанның совет республикаларының ішінде тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялауы, орталық комитеттің әсіре сақтығы, тәуелсіздікке сенімсіздік те декларацияны ерекше оқиға ретінде жарияламауға себеп болған.
«САБЫР САҚТАП КЕЛГЕН»
Алматы қаласындағы ұлттық кітапханада сақтаулы тұрған 1991 жылғы желтоқсан айындағы газет тігінділері қым-қиғаш оқиғаларға толы. Компартияның орнында пайда болған социалистік партияның бағыты, Қазақстанның тұңғыш президентін сайлау, Беловеж келісімі мен Орта Азиядағы бес республика жетекшілерінің үндеуі сияқты совет өкіметі ыдырар алдындағы елеулі саяси процестер ақпарат құралдарында үздіксіз баяндалған.
Бүгінде Қазақстанның басты мерекесі саналатын тәуелсіздік күні – 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында қабылданған Тәуелсіздік заңы осы көп оқиғаның арасында аталып өткен. Жоғарғы Кеңес дүйсенбіде қабылдаған конституциялық заңды орталық басылымдар ертеңінде, желтоқсанның 17-сі күні жариялаған. Ал облыстық басылымдар екі күннен кейін, яғни желтоқсанның 18-і мен 19-ынан бастап тарата бастаған.
Желтоқсанның 17-сіне шыққан ақпарат құралдары тәуелсіздік заңын қоя тұрып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен белгіленген
«демократиялық жаңару күнін» атап өткені байқалады. Сөйтіп «1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» президент Назарбаевтың жарлығын жариялайды.
Тәуелсіздік туралы желтоқсанның 18-інде хабарлаған «Қостанай таңы», «Көкшетау», «Маңғыстау», «Оңтүстік Қазақстан», «Орал өңірі» секілді облыстық газеттер ертеңіне декларацияның өзін жариялады. Кейбірі оны кезекті саяси хабар ретінде газеттің оң жақ жоғары бұрышына орналастырды. «Атырау» газеті «Ақ жол, Қазақстаным» деген бас тақырып қойып, тәуелсіздікке арналған жергілікті ақынның өлеңін басқан.
«Орталық Қазақстан» желтоқсанның 18-іне «Бұрынғы одаққа енген республикалардың баршасы өздерінің тәуелсіздігін бірінен соң бірі жапатармағай жариялап жатқанда Қазақстанның басшылығы, әуелі ел жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев сабыр сақтап келген-ді. 1991 жылғы желтоқсанның 16-шы жұлдызы қазақ халқының тарихына алтын әріппен жазылары хақ» деген көлемді материал берді.
«Сыр бойы» газеті желтоқсанның 19-ы күні «Қазақстан енді тәуелсіз мемлекет болды» деп «ақсарбас» айтса, «Семей таңы» да «Тәуелсіз елге жалтақтай берген жараспайды» дейтін бас мақаласын үш күннен соң жариялады.
ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫРУ
Алайда сол кездегі материалдарға қарағанда қазақ тілді ақпарат құралдарының тәуелсіздік жариялау туралы сақтық пен шаттық аралас «сүйінші хабарларына» көпшілік орыс тілді ақпарат құралдарының ілесе қоймағаны байқалады.
Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда», Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленинская знамя», Орал облыстық «Приуралье», сол кездегі Өскемен облыстық «Рудный Алтай» газеттері желтоқсанның 19-ы күні Тәуелсіздік заңын ресми ақпарат ретінде жариялағанымен ол туралы арнайы мақала немесе қоғамдық пікір бермей, күнделікті оқиға қатарында елеусіз қалдырған.
Облыстық газеттердің ішінен «Огни Мангыстау» газеті ғана желтоқсанның 17-сі күні тәуелсіздік туралы көлемді ақпаратты бас мақала ретінде жариялайды. Тәуелсіздік декларациясы қабылданған күннің ертеңіне мұндай ақпараттарды «Жас Алаш» пен «Егемен Қазақстан» сияқты республикалық газеттер ғана таратқан еді.
«Егемен Қазақстанның» желтоқсанның 17-сіне шыққан «Тәуелсіз ел болдық» дейтін мақаласына қарағанда конституциялық заң қабылдар кезде Жоғарғы Кеңес құрамындағы орыс тілді депутаттар арасында «Кімнен, неден тәуелсіз
болмақпыз? Жетпіс жыл бойы желкелеп сөгіп жүрген ресейлік империя үлгісі бойынша қазақ империясын құруға әрекеттеніп жүрген жоқпыз ба?» «Біздің парламент ел тағдырын шешетін мәселені тездетуге неге құмар? Елдің жартысы орыс тілді халық, олар жат мемлекетте қалып қоймай ма?» дейтін сұрақтар туып, кей депутаттар референдум туралы бастама көтерген.
Қазақстанның тәуелсіздігі туралы заңының өзге тілдердегі ақпарат құралдарында селқос жарияланып, елеусіз қалғаны сол кездің өзінде назардан тыс қалмаған. Қазақ тілді басылым журналистері «Қазақстан тәуелсіздік алып жатқанда басқа тілдердегі баспасөздің үндемеуі қалай?» деген сұрақты 1990 жылдардың бас кезінде республикадағы белгілі саясаткерлерге де қойған.
«БҰРЫН ДА, ҚАЗІР ДЕ СОЛАЙ»
Азаттық тілшісі тәуелсіздік декларациясын ақпарат құралдары не себептен әрқилы таратты деген сұрақты «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының сол кездегі орынбасары Жүсіпбек Қорғасбекке және «Егемен Қазақстанның» сол кездегі тілшісі Рысбек Сәрсенбайға қойды.
Жүсіпбек Қорғасбектің айтуынша, Ресей, Украина және Беларусь президенттерінің Беловеж келісімінен кейін жарияланған кейбір материалдарға
қатысты редакцияға үкіметтің идеологиялық бөлімінен телефон шалынып, ескерту берілген.
– Жергілікті баспасөздің тәуелсіздікті тартына хабарлауына идеология бөлімдерінің қатаң бақылауы ықпал етуі мүмкін. Дегенмен бұл ретте бас редакторлардың еркіндігі мен ерік-жігері үлкен рөл ойнады ғой деп ойлаймын. Бұрын да солай болған, қазір де солай, – деді Жүсіпбек Қорғасбек.
«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай да «бас редакторлардың рөлін» теріске шығармайды. Мәселен, орыс тілді басылымдар тәуелсіздік заңын соншалықты қуанышты жаңалық санай қойған жоқ. Оған өзге ұлт өкілдерінің ертеңгі күнге сенімсіздігі, күмәні де әсер еткен болуы мүмкін.
– Тәуелсіздік заңы көптен күткен жаңалық еді. Егер ол алғашқылардың қатарында жарияланса, жұртшылықты бәлкім селт еткізер ме еді. Оның үстіне
Қазақстан әлі де болса конфедерация құру жөніндегі идея соңында салпақтап жүрді. Сол мәселе көбірек насихатталып, көбірек талқыланды. Ал тәуелсіздік қай күні жарияланатыны, мерекелік қуанышты жаңалық болатыны туралы алдын-ала толыққанды ақпарат болмады, – дейді Рысбек Сәрсенбай.
Қазақстан ақпарат құралдарының елеулі саяси оқиғаларды тарату тәсілі сол жылғы «Тамыз бүлігі» кезінде де аңғарылған еді. «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Лениншіл жас» сияқты республикалық газеттер ГКЧП-ның тамыздың 19-ындағы бұйрығын дереу жариялады.
Көпшілікке ілеспей, яғни ГКЧП қаулыларын баспай «тамыз бүлігін» төңкеріс ретінде бағалаған Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті ғана еді.