20 жыл бұрын Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге алғаш айналымға енген күндері Аманхан Тұяқов ҚазҰУ-да оқып жүрген студент болатын. Ол сол бір кездегі қарбаласты әлі ұмытпаған.
– Құны кетіп қалған қап-қап совет рубльдерін арқалаған коммерсанттар Алматыны басып қалды. Енді қайтеді, күйіп бара жатқан миллион, миллиард советтің сомын кімге өткізеді? Жалғыз амал - Алматыда кім көп студент көп, таныстары арқылы соларға бөліп беріп жаңа теңгеге айырбастап алады. Бізге деканаттан әр студент тек 100 мың сом ғана айырбастай алады деген хабарландыру жасалды. Бір досымның саудагер ағасының ақшасын өткізіп беріп ем, онысы 200 теңге боп шықты. Абайдың суреті бар 20 теңгелікті «еңбек ақың» деп қолыма берді, – дейді Аманхан.
Қазақстанның ұлттық валютасы айналымға кірген күні – 1993 жылғы қарашаның 15-інде 1 АҚШ доллары 4 теңге 75 тиын болып бекітілді. Бірақ бас-аяғы бірнеше айдың ішінде теңгенің құны қатты құлдырап, 1 АҚШ доллары 50 теңгеден асып кетті (теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы қазіргі құны – 151 теңге шамасында – ред.).
– Басында «КазГУградтың» «комбинат питаниясынан» (асханасы – ред.) үш теңгеге төрт жігіт тойып тамақ ішіп жүргенбіз. Келесі жылдың көктемінде 10 теңгеге бір порция тамақ тимей қалды ғой, – дейді Аманхан Тұяқов.
СОМҒА КӨМІЛГЕН ҚАЗАҚСТАН
Теңгені 1993 жылы сәуір айында әзірлеп қойған Қазақстан оны енгізуден гөрі Ресеймен «жаңа сом аймағын құру» мәселесін соңына дейін талқылауды жөн санады. Сөйтіп 1993 жылы қыркүйектің 23-іне «Қазақстан мен Ресей Федерациясының ақша жүйесін біріктіру туралы» екі жақты келісім жасасты. Бұл кезге дейін Тәжікстан мен Армениядан басқа бұрынғы одақтас республикалардың барлығы өзінің ұлттық валютасын, кейбірі уақытша валютасын шығарып қойған еді.
Одақтас республикалардан шығып қалған совет сомы кедендегі тексерісті күшейткеніне қарамастан біртіндеп Қазақстанға қарай ағылып, артық ақшаны көбейтті. Сол кездегі Бас кеден басқармасының бастығы Амангелді Қапсұлтановтың 1993 жылы қазан айында таратқан мәліметтеріне қарағанда, қазан айындағы он күн ішінде ғана Қазақстанға заңсыз өткізілмек болған 1 миллиард 300 милионға жуық ақша кеденшілердің қолына түскен.
1993 жылы қараша айының бас кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі «Соңғы үш күнде Қордай кеденшілері 16 миллион сомды, Меркі-Луговой, Жамбыл кеденшілері 30 миллион сомды қолға түсіргенін» хабарлады.
Тілші «Кеденшілердің пікірінше, біздегі басы артық ақша ахуалын одан әрі асқындырып, сол арқылы бағаның күрт өсуі мен банкноттардың құнсыздануын өршітіп отырған басты себеп – Ресей мен Әзербайжаннан (Каспий теңізі арқылы), Түрікменстан мен Өзбекстаннан және Қырғызстаннан әкелінген қап-қап қазына қағаздары болса керек» деп жазады.
1993 жылы Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарған Ғалым Байназаров 2011 жылы «Егемен Қазақтанға» берген сұхбатында «Ұлттық валюта дайын жатқанымен, қолданысқа кешеуілдеп енді. Үкімет рубль аймағынан кетпейміз деп 6-7 шартқа қол қойды. Ал оның бәрі дайын тұрған теңгені айналысқа енгізуге кедергісін тигізді. Бірақ Ресейдің өзі сол Совет Одағының ортақ рубль аймағынан тамыз айында шығып кетті. Өздерінің рәміздерімен жаңадан ресейлік валюта шығарып, жаңа ресейлік рубль аймағына Қазақстанды кіргізбейтіндерін ашық ескертті. Ресейдің Орталық банкі, банкнот фабрикасы Совет Одағының валютасын шығаруды 1993 жылдың шілде айынан бастап толық тоқтатып, бізге банкнот беруді мүлдем доғарды» деп еске алады.
Қазақстан соған қарамастан қыркүйек айында «Ресей Федерациясының ақша жүйесін біріктіру туралы» екі жақты келісім жасасты, бірақ оның да орындалмайтыны белгілі болды. Тек қараша айының 3-і күні Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөзінен кейін ғана екі елдің ақша жүйесі жаңа жылға дейін бөлінетіні мойындалды.
«НАЗАРБАЕВТЫ ЖАЗҒЫРУДЫҢ ЖӨНІ ЖОҚ»
1993 жылғы қараша айының басында Қазақстан мен Ресейдің ақша жүйелерінің бірікпейтіні анық болған соң қазақстандық ресми ақпарат құралдары ұлттық валюта шығару мәселесін көтере бастады. «Егемен Қазақстан» газеті қарашаның 4-індегі санын «Қазақстанның өз ақшасын айналымға шығару егемендікті жариялаудан қиын болмас» деген бас тақырыппен шығарып, кәсіпорын жұмысшылары мен жеке адамдардың түрліше үндеулерін жариялады.
«Дамыған Батыс елдері өзара бірігіп, біртұтас ақша жүйесін жасап жатқанда, Ресейдің достас елдерден басын ала қашуы жараспайды-ақ. Оның есесіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үзілген экономикалық қарым-қатынастарды қалпына келтіріп, сом аймағын сақтап қалу үшін қаншама күш-жігер жұмсады...» деп жазды газет.
Ресми басылым оқырмандарын «Ресей президенті Борис Ельциннің бастапқы сөзіне сеніп қалған» Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жазғырудың жөні жоқ екеніне иландыруға тырысты.
Ал бұл кезде бұрынғы одақтас елдерден шыққан құнсыз ақшаға Қазақстаннан қолға ілінген тауардың кез-келген түрі жаппай сатып алынып жатты. Сол кездегі баспасөзден Қазақстанда ғана ақша саналған ескі совет сомына алынған тауарлардың неше түрін кезіктіруге болады. Олардың ішінде Өскеменде - алты вагон кірпіш, төрт вагон ет, бес вагон құс еті, Атырауда - екі вагон жем, Ақтауда - тіс пастасы тиелген контейнер, Шымкентте - екі вагон жем, Жамбылда - екі вагон қант, Қызылордада - төрт вагон тұз, Алматыда - бір вагон «Бальзам», Қорғаста екі вагон металл, 160 машинаға тиелген түрлі жүк саудалағандар да бар.
Қарашаның ортасына қарай «Егемен Қазақстан» газеті «...Ресей түлкі бұлаңға салуын қояр емес. Ақша аппаратын бұлдап, жұрттың жүйкесін жұқартып барады. Ортақ өгізден оңаша бұзауымыз артық емес пе? Біз түркімен, қырғыз ағайындар құрлы жоқпыз ба? Өз теңгемізді неге шығармаймыз» деген үндеулер басты.
«МӘЖБҮРЛІКПЕН ЕНГІЗУ»
1993 жылы қарашаның 12-сі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты. Соған орай халыққа жариялаған үндеуінде ол «жаңа тұрпаттағы сом аймағын құру жөнінде бастама көтергенін», «күні кешеге дейін Ресей басшылығы республика тең құқылық негізде жаңа сом аймағына кіретін болады деп Қазақстанды қайта-қайта сендірумен келгенін» айтты.
«Біртұтас ақша жүйесінің Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де экономикалық және саяси мүддесіне сай келетініне қазір де көзім толық жетіп отыр. Өкінішке орай, стратегиялық мүдделер кейінге сырғытылды» деген Нұрсұлтан Назарбаев «республиканың экономикалық егемендігін шектейтін жаңа талаптар қойыла бастаған соң теңгені мәжбүрлікпен енгізіп отырғанын» хабарлады.
Президент жарлығымен бір мезгілде Жоғарғы Кеңес төралқасы мен министрлер кабинетінің «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қарашадан ел аумағында ұлттық валюта теңгені енгізу туралы шешімін ақша айналымында қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір дұрыс және дер кезіндегі жолы деп есептелсін» деген қаулысы шықты.
Жоғарғы Кеңестің сол кездегі төрағасы, оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин әлі де сол пікірінен айнымаған. Азаттық радиосының тілшісімен әңгімеде ол валютаның өзгелермен салыстырғанда кеш енгізілгенін «Қазақстан экономикасының Ресеймен тым терең байланыс орнатқаны» арқылы түсіндірді.
Серікболсын Әбділдиннің сөзіне қарағанда, «ұлттық валюта шығару мәселесін 1991 жылдың басында Жоғарғы Кеңестің бюджет және экономикалық реформа комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов көтеріп, арнайы топ жұмыс істей бастаған».
– Ресей бірыңғай ақша жүйесін құрудан бас тартқан соң Жоғарғы Кеңесте ондай жұмыс жасалып жатқанын президент Назарбаевқа айтуға тура келді, –дейді Серікболсын Әбділдин.
Қазақстанның ұлттық валютасының енгізілу мерзіміне орай айтылған түрлі пікірлерге қатысты теңге айналымға шығардан бір апта бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы «Қазақстан өз валютасын енгізу жөнінен кешікті, кешікпеді деп таласуға болатын шығар. Бірақ біз үшін көп ұлтты республикадағы өзара түсіністік, тыныш ахуал басты басты байлық болып табылады» деп жауап берді.