Моңғолия азаматтығынан әр жылы түрлі себеппен шығарылған қазақтар ел президенті Цахиагийн Элбэгдоржыдан қайта қабылдауды сұраған. Олар өздерін «Қазақстандағы алаяқтық құрбандарымыз» дейді.
Азаттық тілшісі Моңғолия азаматтығын қайта алуға арыз берген «Қазақстан азаматтарының» бірнешеуімен хабарласты.
«СЫРТЫМНАН ҮЙЛЕНДІРІП, КВОТА АЛЫПТЫ»
Қазір Баян-Өлгий аймағында тұрып жатқан 56 жастағы Рахат Қайсарұлының айтуынша, оның «уақытын создыруға өткізген паспортын әлдекімдер пайдаланып кеткен».
– 2001 жылы шетелге шығатын паспортымның уақытын ұзарту үшін тіркеу орнына өткізгенмін. Біреулер мені сыртымнан бір адамға үйлендіріп, атымызға жеті-сегіз баланы жазып, Қазақстаннан квота алыпты. Жақын арада шет елге шықпайтын болғандықтан паспортты қудалаған жоқ едім. 2010 жылы Қазақстан азаматы екенім туралы хабарлама келді. Бірақ әйелім, сегіз баламның барлығы - Моңғолия азаматы. Енді қайтадан президенттің (Моңғолия президентінің) атына өтініш жазып, азаматтық сұрап отырмын, - дейді Рахат Қайсарұлы.
«КУРАТОРЫМ МЕНІҢ АТЫМНАН КВОТА АЛЫПТЫ»
Өзінің Қазақстан азаматтығына қалай өтіп кеткенін "аңғармай қалғандардың" бірі – қазір Моңғолияда тұрып жатқан 29 жастағы Әсемгүл Қуамергенқызы.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Баян-Өлгий аймағындағы филиалында «Қаржы және есеп» мамандығы бойынша екі жыл оқыған Әсемгүл Қуамергенқызы білімін жалғастыру үшін 2005 жылы Өскемен қаласына келген.
Ол «Қазақстанға келгеннен кейін кураторы Қарлығаш Қонбаеваның жемі болғанын» айтты.
– Оқуға алғаш барған жылы кураторымыз Қонбаева Қарлығаш "анаған қол қой, мынаған қол қой" деп көп қағаздарға қол қойғызатын. Орысша білмегеннен кейін қол қоя бердік. Оның үстіне құжаттарымыз сол кісінің қолында болды. Сөйтсем бізге басқа қағаздарға қол қойғызып, біздің атымыздан квота алып жүріпті. Оқу бітірген жылы маған Қазақстан азаматтығы берілгені туралы айтты. Бірақ өзім өтініш жазбаған соң "маған азаматтық керек емес" деп кетіп қалдым. Енді мына жаққа келсем, моңғол азаматтығынан шығарып жіберіпті. Қазір жұмыс та жоқ, азаматтық та жоқ - үйде отырмын. Жақында президенттің атына өтініш жібердік. Маусым айында шешіліп қалатын шығар, - дейді Әсемгүл Қуамергенқызы.
Әсемгүл Қуамергенқызының бұрынғы кураторы Қарлығаш Қонбаева «ешкімнің квотасын алмағанын» айтты.
– Әсемгүл Қуамерген осында келгеннен кейін тұрмысқа шығып, оқуын бір жыл кеш бітірді. Шынымды айтсам, Әсемгүлдің бір жылдық оқу ақшасын да өз қалтамнан құйдым. Өскеменде тұратын апалары тексерткенде көші-қон комитеті менің ешқандай квотаның ақшасын алмағанымды анықтап берген. Ешкімнің сыртынан құжат жасаған жоқпын. Тек Әсемгүлдің диплом алуына бар көмегімді тигіздім, - деді ол.
Азаттық тілшісі тілдескен үшінші азамат өзін «Қуаныш» деп таныстырды. Ол 2001-2009 жылдар аралығында Павлодар облысында тұрыпты.
– 2007 жылы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бердім. Бірақ 2009 жылы денсаулығыма байланысты Моңғолияға қайта көштім. Мен көшкенге дейін азаматтық шыққан жоқ. Сондықтан қолымдағы Моңғолия паспортымен осында жүре бердім. Кейін үлкен балам орта мектеп бітірген кезде оқуға апарайын десем, ол «Қазақстан азаматы» болып шықты. Қазір үш балам мектеп бітірді. Үшеуі де оқусыз. Өзім Баян-Өлгийдің түбінде жеке компанияда дәнекерлеуші болып жүріп жатырмын, - дейді Қуаныш.
"ТІРКЕЛГЕНДЕР 800 АДАМҒА ЖЕТТІ"
Азаттық тілшісі Моңғолия қазақтарының азаматтық алу мәселесі бойынша Баян-Өлгий әкімдігі мен аймақтық мәслихат жанынан арнайы жұмыс тобы құрылғанын анықтады.
Осы топтың мүшесі, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының тұрғыны Шерхан Зейтінұлының айтуынша, азаматтықты қайта алу үшін «ресми түрде тіркелгендері - 800 адам, ал тіркелмей жүргендердің саны тағы да осындай болуы мүмкін».
Паспорт мәселесіне қатысты мәселелердің енді бір түрін Шерхан Зейтінұлы айтты.
– Моңғолияда паспорт ауыстырған кезде ескі паспортты естелік ретінде өздеріне қалдырады. Осыны пайдаланған кейбір адамдар қырдағы қарт адамдардың паспорттарын 20-30 мың теңгеге сатып алады да, Қазақстанға барып олардың атынан квота алады. Көбін Қазақстан азаматтығына өткізіп жіберген. Ал Моңғолия үкіметі Қазақстаннан келген тізім бойынша оларды автоматты түрде азаматтықтан айырған. Қазір олардың барлығы да үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерден қағылып отыр, - дейді ол.
Шерхан Зейтінұлының сөзінше, Моңғолия азаматтығын қайта алуға өтініш берген адамдар көбейген соң, 2012 жылы қаңтарда Баян-Өлгей аймақтық әкімдігінің ұсынысымен жұмыс тобы құрылған.
– Жұмыс тобы тоғыз бағыт бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бұл адамдардың біразы – денсаулығына, кейбірі басқа да бір себептерге байланысты Моңғолияға қайта көшіп келгендер. Енді бір тобы – өздерінің Қазақстан азаматтығына қалай өтіп кеткендерін білмей қалғандар, - дейді ол.
Топ 2012 жылдың қаңтарынан бастап үш ай жұмыс істеп, Қазақстан азаматтығын алған, бірақ Моңғолияда тұратын 307 адамды анықтаған. Жұмыс тобы құрылғанға дейін азаматтардың өтініштері «Қазақстан азаматтығынан шығып кел» деген жауаппен қайтарылып отырған.
– Биыл жұмыс тобы алдыңғы жұмысты әрі қарай жалғастырып жатыр. Мен – пенсиядамын. Аймақтық мәслихат «кеденде істедің, хабарың бар» деп тапсырғаннан кейін істеп жүрмін. Алдыңғы жұмыс тобы анықтаған 307 адамның 130-ына жақын арада Моңғолия азаматтығы қайта беріледі, - дейді Шерхан Зейтінұлы.
Оның айтуынша, биыл екінші мәрте құрылған жұмыс тобы азаматтық алуға өтініш берген азаматтардың құжаттарын дайындауға да көмектеседі.
– Моңғол азаматтығынан шығып қалған, бірақ Моңғолияда тұратындардың тізімін нақтылап жатырмыз. Қазірге дейін тіркелгендердің саны 800-ге жетті. Бұл тағы бір есеге өсуі мүмкін. Себебі қырда, шалғайда отырғандардың көбі өздерінің азаматтықтан шығарылғандарынан хабарсыз болуы мүмкін. Әлі де келіп тіркеліп жатқандар бар, - деді Шерхан Зейтінұлы.
Моңғолия қазақтарының ақпараттық порталына сұхбат берген тарихшы, сол елдің бұрынғы вице-премьері Зардыхан Қинаятұлы «1992-93 жылдары Моңғолиядағы қазақтарға санақ жүргізіліп, тізімге 131 мың қазақ енген. Елге (Қазақстанға - ред.) соның 80 мыңдайы оралғаны белгілі» дейді. Моңғолияда 2010 жылы өткен санақ қорытындысы ол елде 101 мың 526 қазақ бар екенін анықтаған.
Ресми мәліметтер бойынша, 1991-2011 жылдар арасында Қазақстанға сыртта тұратын 800 мыңнан астам қазақ репатриант ретінде көшіп келген. Қазақстанда оларды «оралман» деп атау қалыптасып кетті.
Қазақстанда 2000 жылдардың ортасында оралмандарға квота бойынша баспана берілетін тәртіп өзгеріп, орнына ақша бөлінді. Оралман отбасындағы жан басына белгілі бір мөлшерде (1000 АҚШ доллары шамасында – ред.) қаражат тағайындалды. Шетелдегі қазақтарды сыртынан квотаға енгізіп, заңсыз қаржы табу әрекеті осы кезге байланысты.
Қазақстан үкіметі 2011 жылғы 22 желтоқсанда «2011-2014 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлінетіні» туралы қаулы шығарған еді. 2012 жылы сәуірдің 23-і күні үкіметтің бұл қаулыны кері қайтарып алғаны хабарланды. Квота беру тоқтатылғаннан кейін оралмандардың мәселесі қиындай түскені туралы Азаттық бұған дейін де жазып келген.

Кураторымыз басқа қағаздарға қол қойғызып, біздің атымыздан квота алып жүріпті.
– Оқуға алғаш барған жылы кураторымыз Қонбаева Қарлығаш "анаған қол қой, мынаған қол қой" деп көп қағаздарға қол қойғызатын. Орысша білмегеннен кейін қол қоя бердік. Оның үстіне құжаттарымыз сол кісінің қолында болды. Сөйтсем бізге басқа қағаздарға қол қойғызып, біздің атымыздан квота алып жүріпті. Оқу бітірген жылы маған Қазақстан азаматтығы берілгені туралы айтты. Бірақ өзім өтініш жазбаған соң "маған азаматтық керек емес" деп кетіп қалдым. Енді мына жаққа келсем, моңғол азаматтығынан шығарып жіберіпті. Қазір жұмыс та жоқ, азаматтық та жоқ - үйде отырмын. Жақында президенттің атына өтініш жібердік. Маусым айында шешіліп қалатын шығар, - дейді Әсемгүл Қуамергенқызы.
Әсемгүл Қуамергенқызының бұрынғы кураторы Қарлығаш Қонбаева «ешкімнің квотасын алмағанын» айтты.
Көші-қон комитеті ешқандай квотаның ақшасын алмағанымды анықтап берген.
– Әсемгүл Қуамерген осында келгеннен кейін тұрмысқа шығып, оқуын бір жыл кеш бітірді. Шынымды айтсам, Әсемгүлдің бір жылдық оқу ақшасын да өз қалтамнан құйдым. Өскеменде тұратын апалары тексерткенде көші-қон комитеті менің ешқандай квотаның ақшасын алмағанымды анықтап берген. Ешкімнің сыртынан құжат жасаған жоқпын. Тек Әсемгүлдің диплом алуына бар көмегімді тигіздім, - деді ол.
Азаттық тілшісі тілдескен үшінші азамат өзін «Қуаныш» деп таныстырды. Ол 2001-2009 жылдар аралығында Павлодар облысында тұрыпты.
– 2007 жылы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бердім. Бірақ 2009 жылы денсаулығыма байланысты Моңғолияға қайта көштім. Мен көшкенге дейін азаматтық шыққан жоқ. Сондықтан қолымдағы Моңғолия паспортымен осында жүре бердім. Кейін үлкен балам орта мектеп бітірген кезде оқуға апарайын десем, ол «Қазақстан азаматы» болып шықты. Қазір үш балам мектеп бітірді. Үшеуі де оқусыз. Өзім Баян-Өлгийдің түбінде жеке компанияда дәнекерлеуші болып жүріп жатырмын, - дейді Қуаныш.
"ТІРКЕЛГЕНДЕР 800 АДАМҒА ЖЕТТІ"
Азаттық тілшісі Моңғолия қазақтарының азаматтық алу мәселесі бойынша Баян-Өлгий әкімдігі мен аймақтық мәслихат жанынан арнайы жұмыс тобы құрылғанын анықтады.
Осы топтың мүшесі, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының тұрғыны Шерхан Зейтінұлының айтуынша, азаматтықты қайта алу үшін «ресми түрде тіркелгендері - 800 адам, ал тіркелмей жүргендердің саны тағы да осындай болуы мүмкін».
Паспорт мәселесіне қатысты мәселелердің енді бір түрін Шерхан Зейтінұлы айтты.
– Моңғолияда паспорт ауыстырған кезде ескі паспортты естелік ретінде өздеріне қалдырады. Осыны пайдаланған кейбір адамдар қырдағы қарт адамдардың паспорттарын 20-30 мың теңгеге сатып алады да, Қазақстанға барып олардың атынан квота алады. Көбін Қазақстан азаматтығына өткізіп жіберген. Ал Моңғолия үкіметі Қазақстаннан келген тізім бойынша оларды автоматты түрде азаматтықтан айырған. Қазір олардың барлығы да үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерден қағылып отыр, - дейді ол.
Шерхан Зейтінұлының сөзінше, Моңғолия азаматтығын қайта алуға өтініш берген адамдар көбейген соң, 2012 жылы қаңтарда Баян-Өлгей аймақтық әкімдігінің ұсынысымен жұмыс тобы құрылған.
– Жұмыс тобы тоғыз бағыт бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бұл адамдардың біразы – денсаулығына, кейбірі басқа да бір себептерге байланысты Моңғолияға қайта көшіп келгендер. Енді бір тобы – өздерінің Қазақстан азаматтығына қалай өтіп кеткендерін білмей қалғандар, - дейді ол.
Топ 2012 жылдың қаңтарынан бастап үш ай жұмыс істеп, Қазақстан азаматтығын алған, бірақ Моңғолияда тұратын 307 адамды анықтаған. Жұмыс тобы құрылғанға дейін азаматтардың өтініштері «Қазақстан азаматтығынан шығып кел» деген жауаппен қайтарылып отырған.
– Биыл жұмыс тобы алдыңғы жұмысты әрі қарай жалғастырып жатыр. Мен – пенсиядамын. Аймақтық мәслихат «кеденде істедің, хабарың бар» деп тапсырғаннан кейін істеп жүрмін. Алдыңғы жұмыс тобы анықтаған 307 адамның 130-ына жақын арада Моңғолия азаматтығы қайта беріледі, - дейді Шерхан Зейтінұлы.
Оның айтуынша, биыл екінші мәрте құрылған жұмыс тобы азаматтық алуға өтініш берген азаматтардың құжаттарын дайындауға да көмектеседі.
– Моңғол азаматтығынан шығып қалған, бірақ Моңғолияда тұратындардың тізімін нақтылап жатырмыз. Қазірге дейін тіркелгендердің саны 800-ге жетті. Бұл тағы бір есеге өсуі мүмкін. Себебі қырда, шалғайда отырғандардың көбі өздерінің азаматтықтан шығарылғандарынан хабарсыз болуы мүмкін. Әлі де келіп тіркеліп жатқандар бар, - деді Шерхан Зейтінұлы.
Моңғолия қазақтарының ақпараттық порталына сұхбат берген тарихшы, сол елдің бұрынғы вице-премьері Зардыхан Қинаятұлы «1992-93 жылдары Моңғолиядағы қазақтарға санақ жүргізіліп, тізімге 131 мың қазақ енген. Елге (Қазақстанға - ред.) соның 80 мыңдайы оралғаны белгілі» дейді. Моңғолияда 2010 жылы өткен санақ қорытындысы ол елде 101 мың 526 қазақ бар екенін анықтаған.
Моңғолияда 2010 жылы өткен санақ қорытындысы елде 101 мың 526 қазақ бар екенін анықтаған.