Гүлдәурен Ботағарина Шығыс Қазақстан облысындағы Мүкір ауылында қамқоршы отбасымен тұрады. Қамқоршысы Манаргүл Қыдырханның айтуынша, әке-шешесі қайтыс болған кішкентай қызды Моңғолиядан алып келген.
-Туыстары Гүлдәуренді балалар үйіне өткізгісі келмеді. 2001 жылы бес жасар жетім қызды Қазақстанға - алдымен Астана қаласына, кейін Семейге әкелді, - дейді Манаргүл Қыдырхан.
«ПАРЛАМЕНТКЕ ДЕ БАРДЫҚ»
Қыздың әке-шешесінің танысы Манаргүл Қыдырхан қалалық білім беру бөліміне 2005 жылы Гүлдәуренді қамқорлыққа алу туралы арыз беріп, баланың туу туралы куәлігін көрсетіп, қамқоршы деген ресми мәртебе алыпты. Ол қазір Манаргүлдің бауырына басқан қызы болып есептеледі.
Азаматтық алу мәселесі ұзақ уақыт шешілмегендіктен, ол мектепке де өзі құралпы балалардан кешігіп барған. Гүлдәурен қазір 18-де, 10-сыныпта оқиды. Өзі педагогикалық институтқа түсуді армандайды. Алайда оған Қазақстан азаматтығы берілмеген, ал қыздың Моңғолия азаматы екенін анықтау қиын.
Азаматтық алуға қажетті негізгі құжат - Гүлдәурен Ботағарина Моңғолия азаматшасы емес деген анықтаманы алу қияметке айналды. Қамқоршысының айтуынша, тиісті мекемелерге берген өтініш-арыздары әлі нәтиже бермеген.
Манаргүл Қыдырхан парламент депутаттарынан көмек сұрау үшін өткен жазда Астанаға барғанын айтты. Оның сөзінше, парламент өкілі «мұндай мәселелер жергілікті орындарда шешілуі тиіс» деп қабылдауға жазбай қойған.
Азаттық тілшісімен сөйлескен Манаргүлдің айтуынша, Семейдің халыққа қызмет көрсету орталығы бұл мәселені шешу үшін күйеуі Ғабит Қыдырханды көші-қон полициясына жіберіпті. Ондағы мамандар Гүлдәуреннің заңды өкілі емес деп, күйеуімен сөйлеспей қайтарған. Қамқоршылық ету және заң тұрғысындағы мәселелерді шешу құқығы Гүлдәуреннің ресми қамқоршысы Манаргүлде ғана бар.
ЕНДІГІ ҮМІТ МОҢҒОЛИЯ ЕЛШІСІНДЕ
Көші-қон полициясы мамандарының айтуынша, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғандықтан, олар Гүлдәурен Ботағарина Моңғолия азаматы ма, жоқ па - тексеруге міндетті. Бұл үшін Гүлдәурен Моңғолияның төлқұжатын немесе Моңғолия азаматшасы емес екенін дәлелдейтін анықтама қағаз көрсетуі тиіс. Көші-қон полициясы инспекторы Дина Қалиева «Қазақстан-Семей» телеарнасының жаңалықтар бағдарламасында Гүлдәуреннің мәселесі Моңғолия азаматтығынан айырылғанын растайтын құжаттар болса ғана қаралатынын ескерткен болатын.
БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Қазақстандағы инспектор-кеңесшісі Жанна Жибраеваның айтуынша, егер Гүлдәурен Ботағаринаның қамқоршылары БҰҰ Даму бағдарламасы кеңсесіне өтініш түсірсе, құжаттарды тездетіп алдыруға болады.
- Біз Моңғолияның Қазақстандағы елшісіне тікелей шыға аламыз. Бұл мәселе еш қиындықсыз шешілетін еді, - дейді Жанна Жибраева.
БҰҰ-ның бірлескен бағдарламасы аясында оралмандардың құжаттары мәселелері жөніндегі кеңесші Шәріп Табылтай Азаттық тілшісіне Қыдырхандар отбасымен сөйлескенін айтты.
- Гүлдәуреннің проблемасын естіп, оларға өзім телефон соқтым. Ғабит менің кеңестерімді мұқият тыңдап, қолы босаған сәтте құжаттарды алып бізге келетінін айтқан. Соңғы кезде Гүлдәуренді 2001 жылы шекара арқылы Қазақстанға жеткізген адаммен байланыс үзіліп қалған. Енді қыздың Моңғолия азаматтарының арасында тіркеуде жоқ екені туралы анықтаманы Моңғолияның Қазақстандағы елшісі ғана ресми түрде сұрата алады. Міне, сол кезде Гүлдәуреннің азаматтығы туралы мәселе біржола шешіледі, - дейді Шәріп Табылтай.
КӨМЕКШІ КІТАПШАЛАР
Оралмандарды орналастыру мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерінің айтуынша, репатрианттардың басындағы қиындықтар бір-біріне ұқсайды.
«Қазақстандық жастарды қолдау» қоғамдық ұйымы Шығыс Қазақстан облысында оралмандарға ақпараттық-кеңестік көмек көрсетеді. Үкіметтік емес ұйым БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасының демеуімен қазақ тілінде оралмандарға арналған ақпараттық-құқықтық кітапшалар шығарады.
Жоба авторлары Семейдегі бейімдеу және интеграция орталығының деректер қорының көмегімен жергілікті оралмандарды мазалайтын мәселелерді зерттеп, білім беру, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, азаматтық алу және мемлекеттік органдарға өтініш беру істері бойынша анықтамалық сипаттағы кітапшалар шығарған.
Жоба менеджері Думан Жампейісов оралмандар шекарадан өтерде қандай қиыншылықтар көретінін айтып берді.
- Мысалы, төлқұжат, виза рәсімдеу немесе дүние-мүлкін шекарадан өткізу кезінде кедендік брокерлерге төленетін баж салығының ресми ставкадан көп айырмасы бар. Брокер компаниялар құжаттарды ресімдегені үшін тым көп ақша талап етеді. Ал кеден салығын төлеу схемасында да ашықтық жоқ, - дейді ол.
Думан Жампейісовтің айтуынша, 2012 жылдың желтоқсанында оралмандардың қоғамдық ұйым өкілдері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) кедендік бақылау және шекара қызметі өкілдерінің басын қосып, жиын өткізілген. Бұл жиынға «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттерінен де мамандар келген. Өйткені оралмандар көп өтетін кедендер - осылар.
Думан Жампейісовтің түсіндіруінше, осы кездесуден кейін ұйым шығаратын кітапшалардың тақырыптары нақтыланыпты.
- Шекарадан өтерде қажет құжаттардың тізімін, кедендік алым-салық төлемдерінің мөлшерін білу қажет. Адамдар тұрмысқа қажетті заттарын ғана емес, ауыл шаруашылық техникасы, жеке көліктері сияқты дүние-мүлкін де шекарадан өткізеді. Өз кәсібін ашқысы келетіндер мұнда көшіп келгесін жер телімі мен баспана алу мәселелері сияқты қиындықтарға тап болады. Біз мұндай сұрақтардың жауаптарын кітапшаларға енгіздік, - дейді БҰҰ жобасының менеджері Думан Жампейісов.
Оның айтуынша, көші-қон және оралмандарды орналастыру мәселелеріне қатысты заңдардағы соңғы өзгерістер енген кітапшалардың оралмандарға көмегі зор.

Біз Моңғолияның Қазақстандағы елшісіне тікелей шыға аламыз. Бұл мәселе еш қиындықсыз шешілетін еді.