Белсенділер Қазақстан билігін Ресейдің ығына жығылып отыр деп кінәлады.
Маусымның 13-і күні Алматы қаласындағы «Тянь-Шань» қонақ үйінің конференц-залында бір топ ұлтшыл белсенді (Төлеубек Қарамендин, Кемелхан Әділханов және Мұхтар Тайжан) баспасөз мәслихатын өткізіп, екі мәселе бойынша көзқарастарын айтты.
Олар «биліктің Қазақстан ұлттық мүддесіне қайшы келетін келісім-шарттар жасауына халықтың өзі де жол беріп отыр» дейді.
«ҚАЗАҚ ТІЛДІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚОРҚАДЫ»
Әуелі «2011 жылы мұнайшылар арасына барып, «әлеуметік араздық туғызды» деген айып бойынша Жаңаөзен қаласында екі айдан бері қамауда отырған Серік Сапарғали босатылсын» деген талап айтылды.
Бірақ осы талап бойынша жасалған мәлімдемеге қол қойғандардың арасында жүрген жазушылар Сапабек Әсіп пен Ғаббас Қабышұлы баспасөз мәслихатынан көрінбеді.
Белсенді Кемелхан Әділханов өздері әзірлеп әкелген мәлімдемені оқып берді. Мәлімдемеге қарағанда «Жетібай, Өзен, Жаңажол, Теңізмұнай кеніштерінде еңбек еткен Серік Сапарғали - Маңғыстау өңірінде өршіп тұрған ереуілдердің себебін жақсы білетін маман. Халыққа жанашыр азамат ретінде сол жаққа барып, мұнайшылардың талаптарын заңға сәйкес шешуге күш салған. Сондай-ақ ол Жаңаөзендегі жағдай ушыға бастағанда мұнайшылармен де, мұнай компаниясының басшыларымен де кездесіп, бітімгерлік әрекет жасаған».
Баспасөз-мәслихатын өткізген белсенділер президент Назарбаевқа биыл 29 наурызда да ашық хат жазғанын, бірақ оған президент те, әкімшілік те жауап бермегенін айтады. Мәлімдеме егер 2011 жылғы президенттік сайлауда үміткерлердің бірі болған Серік Сапарғали сотталатын болса, Қазақстан жұртшылығы мен халықаралық қауымдастық оны «билік өз қарсыласынан осылайша құтылып, өш алып жатыр» деп қабылдауы мүмкін» деп аяқталады.
Азаттық тілшісі қоғамдық белсенділерден «әлеуметтік араздық туғызды» деген бап бойынша тағы басқа бірнеше азаматқа айып тағылып, кейбірі қамауда отырғанын айта келе, «Не себепті тек Серік Сапарғалидың мәселесін көтеріп отырсыздар?» деген сауал қойған еді.
- Винявский, Козлов, Айжангүл Әмірованы орыс тілді ақпарат құралдары көбірек көрсетеді, Серік Сапарғали қағыс қалып жатады. Ал қазақ тілді газеттер өте аз жазады, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан Серікке арнайы тоқталып отырмыз, - деп жауап берді Төлеубек Қарамендин.
«Президент сайлауы қарсаңында Сапарғалиға сенімді өкіл болдым» деген Кемелхан Әділханов:
- Серік Сапарғали ұлтшыл азамат болғандықтан артында іздеушілері аз болып жатыр, - деді.
Мұхтар Тайжан Игорь Винявский қамауға алынғанда оны өздері қазақ тілінде де, орыс тілінде де қорғауға ұмтылғанын, бірақ қазір Серік Сапарғали туралы ақпарат аз таралып отырғанын айтты. Ол қазақ тілді басылымдардың жазбай отыруына «құлдық сана себеп болды» деп санайды. Кемелхан Әділхановтың айтуынша қазақ газеттері «жауып тастайды» деп қорқады.
Мұхтар Тайжан «әлеуметтік араздық туғызды» деген бап бойынша айыпталған азаматтардың соты жабық өтуі мүмкін деген қауіп бар екенін айтты.
«ПУТИННІҢ ҚАУІПТІ САПАРЫ»
Баспасөз мәслихатының екінші жартысы белсенділердің «Ресеймен бірігу процесін тоқтатуды талап ететіндігі туралы мәлімдемелері» бойынша өрбіп, Ресей президенті Владимир Путиннің сапары тұсында атылған зымыранға ұласты.
«Еуразия Одағына» қарсылығын білдірген қоғамдық белсенділер «Путиннің соңғы сапары – қауіпті сапар» болғанын айтады.
- Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерді халқымен бірге жалға алу туралы «Известия» газетіндегі ақпаратты бәріміз де оқыдық. Мүмкін, Қазақстан жерді беріп те қойған шығар - бірақ ол туралы біз ештеңе білмейміз. Ресей Қазақстаннан 10 миллион гектар жерді онсыз да жалға алып отыр, - деді Мұхтар Тайжан.
Ол Ресей президенті Путиннің соңғы сапарында Қазақстан әдеттегідей тағы да өзіне тиімсіз келісім-шарттарға қол қойды деп есептейді.
- Ресейлік көлік компаниясы Қазақстанда 100 мың көлік шығаратын завод салмақшы. Ресейліктердің өздері қашатын мұндай көліктерді Қазақстанға әкелудің не қажеті бар еді? Қазақстанда атом электр станциясын саламыз деп отыр. Біздің үкіметіміз ол станцияны қайда салатынын да, Қазақстанға қанша электр қуаты керек екенін де білмейді екен. Мұны қалай түсінуге болады? - деген сауал қойды Мұхтар Тайжан.
Ол Владимир Путин Қазақстанға келгенде Ресейден атылған зымыранның Сарышағандағы нысанаға түскенін еске алып, «мұндай әрекетті басқа ешбір мемлекет жасамайтынын» айтты.
- Егер ол зымыран елдімекендердің бірінің үстіне түссе, мәселен, Алматыға құласа не болады? - деді ол.
Азаттық тілшісі «Сіздер айтқандай ұдайы Қазақстанның ұлттық мүддесіне залал келтіретін келісімдерге кім қол қойып жүр? Оны қол қоюға мәжбүр етіп жүрген қандай күш?» деген сауал қойған еді:
- Оны өзіңіз де жақсы білесіз, - деп жауап берді Мұхтар Тайжан.
Белсенді сонымен қатар «барлығына билік кінәлі дей беруге болмайтынын, оған халықтың өзі де жол беріп отырғанын» атап айтты.