"Нұр Отан" партиясының жетекшісі Дархан Қалетаев Астана халықаралық әуежайын Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауды ұсына отырып, Америкада әрбір екінші аэропорт президенттер есімімен аталады деп атап өтті. Билік партиясы көсемінің бұл мүлт кеткен жері болды.
"...ҚЫМБАТТЫ ЖОЛАУШЫЛАР, НАЗАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӘУЕЖАЙҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!.."
Президенттік «Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев өзінің ұсынысын «Нұр –медиа» холдингіне қарасты "Астана" телеарнасының тікелей эфирдегі хабарында, 13 мамыр күні айтты.
Бағдарлама жүргізушісінің сауалына жауап берген кезде Қалетаев: "Қазақстан" және "Назарбаев" деген брендтерді бір-бірінен ажырату мүмкін емес екенін білеміз. Бүгінде бұлар біртұтас ұғымдар. Әуежайларды ұлт көшбасшыларының атымен атау - халықаралық танымал тәжірибе. АҚШ-та әрбір екінші әуежай президенттің атымен аталған» - деп атап өте келе, әуежайларды белгілі адамдардың аттарымен атау әлемдік деңгейдегі тәжірибе екендігіне қайыра назар аударды:
"Бұл - әлемдік тәжірибе, өзім ештеңе ойлап тапқан жоқпын. Джордж Буш атындағы әуежай Техас штаты Даллас қаласында бар. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы Қазақстанның басты әуе қақпасын білдіреді", - деп қосып қойды президенттік партия төрағасының бірінші орынбасары
Келесі күні-ақ жаңалықтар агенттіктері партия жетекшісінің аузынан шыққан осы сөзді іліп әкетіп, таратты. Дегенмен де интернеттегі деректер партия шенеунігінің сөздері шындықтан алыстау жатқанын көрсетті.
Америкада бірнеше мыңдаған әуежай болса, олардың тек санаулысы ғана бұрынғы президенттердің атымен аталады. АҚШ-та әуежайларға презденттің аты олар биліктен кеткеннен кейін берілген. Мәселен, Хьюстон әуежайы - үлкен Джорж Буш есімімен, Нью-Йоркте - Кеннеди есімімен, ал Вашингтонда - Рейган есімімен аталатын халықаралық әуежайлар бар.
Эстонияның бұрынғы президенті Леннарт Меридің құрметіне жақында Таллиндегі әуежайға оның аты берілді. Салтанатқа қатысқан Эстонияның қазігі президенті Томас Илвес әуежайға мемлекеттің бұрынғы басшысының атын беру түралы алғаш ұсыныс жасаған журналисті шақырып алып, елдің алдында оған алғыс айтты. Эстониялық журналисттің басына елді басқарып отырған қазіргі президенттің атын мәңгілікке қалдыру туралы ой кіріп те шықпаған болар.
Тарихта мемлекеттік билік басында отырған президенттің есімі әуежайға берілген мысалдар да кездеседі. Оның өзі де өткен шақта қалған. Алғашқысы, Бағдад әуежайы бұрынғы диктатор Саддам Хусейн есімімен аталса, келесі мысал - Ашхабад әуежайына Түркменбашының аты оның көзі тірі кезінде берілген болатын. Қазір бұл екі президенттің екеуі де өмірде жоқ. Бүгінде Бағдад әуежайының аты өзгерген, ал Ашхабад әуежайы - Сапармұрат Ниязовтың атында. Бұрынғы советтік мемлекет болған Әзірбайжанда президент Гейдар Әлиев қайтыс болғаннан кейін Бакудегі әуежайға оның аты берілген.
Сонымен партия бағытында Назарбаевтың оң қолы саналатын Дархан Қалетаевтың басына мұндай «тың» идея қайдан келе қалды. Мамырдың 14-інде біздің радиомызға берген сұхбатында Дархан Қалетаев былай деді:
«Бұл аяқастынан айтылып кеткен ұсыныс. Оған журналистің өзі итермеледі десем де болады. Негізінде, Астанадағы әуежайды Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауды мен тек мысал ретінде келтірген болатынмын. Әлемде мұндай жайттар бар ғой, неге бізге де осы тәжірибені қайталамасқа!»
«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары өз басы барлық жерде «нұр» қосымшасының қолданылуына қарсы екендігін айтқанымен де, «біз ұлт ретінде көшбасшымыз Назарбаевтың төңірегінде бірігуіміз қажет» деген ойын алға тартады.
Аталмыш ұсыныс «аяқасты» айтылды дегеніне қарамастан, Дархан Қалетаев одан бас тартып отырған жоқ. Дегенмен, мұндай ұсыныстарды көтеру үшін алдымен партия мүшелерімен ақылдасқан жөн болар деген тоқтамға келгенін айтты ол Азаттық радиосына берген сұхбатында.
"... ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖАҒЫМПАЗДАНУДЫҢ КЕЗЕКТІ ӘРЕКЕТІ ДЕП БІЛУ КЕРЕК... "
Қазақстандағы «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы Дос Көшім негізінен шенеуніктер партиясы болғандықтан «Нұр -Отанның» осындай бастама көтеруі әбден мүмкін дейді. Дей тұрғанмен, партияда қызмет етіп жатқан жас буынның өзі осындай бастамамен шығып жатқандығы таңқалдырарлық дейді ол.
- Дархан Қалетаев, Ерлан Қариннің келгені, сосын Берік Әбдіғалидің сол жақта жұмыс істеп жүргені мені іштей қуантатын еді. Себебі жастардың аты– жастар. Олар үлкендердің жалтақтық, жағымпаздықтары, бастыққа бас изеулерінен гөрі нақты жұмыстар жасайды деп ойлағанмын. Алайда егер осындай ұсыныс орын алса, онда сол жағымпаздық психологиядан арыла алмағандығымыздың белгісі. Менің ойымша бұл Дарханға жараспайтын қылық, – дейді Дос Көшім.
Оның сөзіне қарағанда соңғы уақыттары жиі орын алып отырған осы сынды жеке басқа табынушылықтың ыңғайсыз көріністері президент Назарбаевтың өзіне де ұнамасы анық.
Ал саясаттанушы Эдуард Полетаев бұл ұсынысты айтар алдында Дархан Қалетаев жақсылап ойланып алғаны жөн еді дегенді айтты.
- Қалетаев мынадай бір мәселені елемей кеткен сияқты. Аталған әлемдік тәжірибеде әуежайларға президенттің аты олар тек билік басынан кеткеннен кейін ғана берілген болатын. Осы тұрғыдан қарағанда бұл ұсыныспен қатар партия президентке отставкаға кетуді ұсынып отырған сияқы. Әрине Дарханның мұндай ойы болмағаны анық, – дейді Эдуард Полетаев.
МҰНДАЙ ПРЕЦЕДЕНТТЕР БҰРЫН ДА БОЛҒАН
Өткен жылы Астананның 10 жылдық мерейтойы алдында депутат Сәт Тоқпақбаев әріптестеріне қайрылып, премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына астананы "Нұрсұлтан" деп атау жөнінде депутаттық сауал жолдады. Депутаттардың барлығы дерлік ол ұсынысты қолдап, үндеуге қол қойды.
Дегенмен мерейтойдың алдында ғана Нұрсұлтан Назарбаев праламентарийлердің ұсыныстарын қабылдамай кері қайтарды.
«Мен әрқашанда мұндай қайта атау шараларына және менің атымды беру мәселелеріне қарсымын. Мен әзір ешқайда кетпеймін, халық қаншалықты маған сенсе және денсаулығым мен мүмкіндігім болғанша жұмыс істемек ойым бар» деп, ұсынысқа наразы болған президент сөзін осылайша бастағанымен де соңында депутаттарға алғыс айтты.
Бұдан бұрын Н. Наэарбаевқа жаңадан тағайындалған Еңбек Ері атағын және Армия генералы шенін беру туралы да ұсыныс жасалған. Мұндай ұсынынстарсыз-ақ президент Назарбаевтың жеке басына табынушылық кең етек алып барады. Президент Назарбаев кітап, балалар мультфильмдер мен спектакльдердің, әңдер, көркем кинолардың кейіпкерлеріне айналғалы қашан.