Қазанның 3-і күні Оралда Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, күйші-композитор Тұяқ Шәмеловтің жаназасы оқылды.
Орал қаласындағы Островский атындағы орыс драма театрында өткен қоштасу рәсіміне ел-жұрт көп жиналды. Күйшінің мүрдесі қойылған табыт жанында марқұмның әріптестері – Құрманғазы оркестрінің мүшелері азалы да мұңды күйлерді ойнап тұрды.
Осы жерде оркестрдің директоры Еркебұлан Мүсіреп, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, марқұмның ағайындары қоштасу сөз сөйледі.
– Қазақ өнеріне бір адам қызмет етсе, Тұяқберді ағамыздай болсын! Бар білімін, өнерін соған жұмсады. Құрманғазы, Мәмен, Қали Жантілеуов, Тұяқберді Шәмелов – бұл тізім жалғаса береді. Себебі, ағамыздың көптеген шәкірттері ұстаз сенімін ақтайды деп ойлаймын. Қазақ бар кезде, домбыра бар кезде Тұяқберді Шәмеловтің есімі ұмытылмақ емес, – деді Нұрлан Ноғаев.
Марқұмның қазасына орай Қазақстан мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов және ондаған қалалардағы өнер ұжымдары көңіл айтқан жеделхат жолдапты.
– Тұяқ ініміз халыққа өте қадірлі, өнерде алға озып шыққан Қалекеңнің (Қали Жантілеуовтің – Азаттық) соңғы тұяқтарының бірі еді. Тұяқпен кездескен кештеріміз, отырыстарымыз есімізден кетпейді. Осы тұрғанда өзім қатты қиналып тұрмын, шырағым. Өнерде Тұяқтың орны бөлек еді, адамгершілігі ерекше еді. Айырылып қалдық. Ол Мәменнің, Қалидың мұрасын кейінге жеткізуші еді. «Қали-Мәмен күмбірі» деген күй шығарған Тұяққа сол Мәменнің жанынан топырақ бұйырды. Алланың рахымында болсын! – деді белгілі оралдық домбырашы, дәстүрлі күй өнерін насихаттаушы, 80-нен асқан ақсақал Өтеген Жұмашев.
Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрінің бас концертмейстері Батыржан Мықтыбаев күйшінің қазасы бүкіл қазақ жұрты үшін, Құрманғазы
оркестрі үшін орны толмас өкініш болғанын айтты.
- Менің Құрманғазы оркестріне келуіме мұрындық болған да осы Тұяқ аға еді. Оркестрдегі өзінің бас концертмейстер орнын босатып, мені отырғызған да өзі еді. «Осындай ізбасарым бар, өнердегі інім бар» деуші еді. Қоштасуға қимаймыз, бірақ амал қанша?! Жатқан жері жайлы болып, жаны жәннатта болсын! – деді ол.
Қаралы жиын аяқталысымен жерлеу комиссиясы марқұмның денесін арнайы тікұшақпен Жаңақала ауылына алып кетті. Ол жерде де ел-жұртпен қоштасу рәсімі өтті.
Тұяқ Шәмелов Жаңақала ауданының Айтпай ауылы тұсында күйші Мәмен Мұратұлына жақында ғана көтерілген кесене жанына жерленді.

Your browser doesn’t support HTML5