AzattyqLIVE Қазақстандағы педофилия мәселесін талқылады. Хабарға психоаналитик Анна Құдиярова қатысты.
Қаңтар айының аяғында Жамбыл облысында жеті жасар баланы зорлап, соңынан өлтіріп кеткені жөнінде ақпарат тарады. Тергеу басталып, қылмыс тексеріліп жатыр.
Ресми деректер бойынша, Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үлесі барлық жыныстық қылмыстардың ширек бөлігі болып отыр. Оның ішінде бала зорлау фактілері – 8,5 пайыз.
Оқи отырыңыз: Педофилдерге кастрация қолдануды ұсынды
Педофилия нендей құбылыс, олардың қатардағы адамнан ерекшеліктері қандай, ата-аналар қылмыскерден баласын қайткенде сақтай алады, баланың шабуылға ұшырағанын қалай білуге болады? Осы тәрізді сұрақтарға AzattyqLIVE хабарында психоаналитик Анна Құдиярова жауап берді.
Your browser doesn’t support HTML5