«Діни ахуал туралы» жиында полицейлер қанша адамның сотталғанын баяндаса, экс-депутат «жастардан шамадан тыс күдіктеніп, қудалай берсе, мемлекеттің өзі экстремистке айналып кетуі мүмкін» деді.
2012 жылы қарашаның 26-сы күні Ақтөбеде Қазақстанның дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы діни ахуал туралы» жиын өтті. Онда Ақтөбе облысындағы діни ахуал «өте күрделі» деп бағаланды.
АҚТӨБЕ ТҮРМЕЛЕРІНДЕГІ 300 «РАДИКАЛ»
Жиынға қатысқан Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұртай Ноғаев:
- Қазір Ақтөбенің түрмелерінде радикалды исламды ұстанатын 300 адам отыр. Оларды қайтадан қатарға қосып, аймақтағы діни ахуалды жақсарту үшін бізге кемінде 40 теолог керек. Әйтпесе дін істері департаментіндегі бес-алты адам не істей алады? Теріс ағымдарды уағыздаушы топтар облыстың түпкір-түпкірінде толып жүр. Жастар олардың айтқанына иланады. Ал мұндай белсенділікті біз дәстүрлі дін өкілдерінен байқай алмай отырмыз, - деді.
Жуырда жергілікті басылымдардың бірі Нұртай Ноғаев басшылық ететін экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Әділбек Жәнібекұлына сілтеме жасап, «Ақтөбе облысының аумағында теріс ағымдарды насихаттап жүрген 380 адам бар. Уағызшылардың бірқатары шетелде оқып келген. Оларды полиция жіті бақылап отыр» деген ақпарат таратты.
- Ақтөбе облысының аумағында теріс ағымдарды насихаттап жүрген 380 адам бар екені туралы ақпаратты мен де газеттен оқып білдім. Одан менің хабарым жоқ. Полициядан сұрап біліңіздер, - деді Ақтөбе облысы дін істері департаментінің директоры Бауыржан Есмахан бұл ақпаратқа қатысты.
Бұл мәліметке ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Нұртай Ноғаев «кейбір деректерді жалпыға бірдей жария етуге болмайды» деп жауап берді.
Ал облыстық ІІД баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев бұл ақпаратты растаған жоқ.
Жиында мәлім болған ақпараттың бірі - Ақтөбе облысындағы 23 діни бірлестіктің жабылғаны. Облыстық дін істері департаментінің директоры Бауыржан Есмаханның сөзіне қарағанда, «облыстық дін істері департаменті қазір облыс аумағындағы діни бірлестіктерді бір орталыққа, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) бағындыру бағытындағы жұмыстармен айналысып жатыр».
– Аймақтағы діни бірлестіктерді қайтадан тіркеуге алдық. 23 ұйым талапқа сай болмай, жұмысын тоқтатты, - деді ол.
«МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗІ ЭКСТРЕМИСТКЕ АЙНАЛЫП КЕТУІ МҮМКІН»
Соңғы кезде Ақтөбедегі дін тақырыбына қатысты жиындардың екінші, яғни негізгі бөлігіне журналистер қатыстырылмайтын болып жүр.
Тілшілерге мардымсыз ақпарат берілген бұл жиынның алғашқы бөлігінде 2012 жылы Ақтөбе облысының 15 тұрғыны лаңкестік әрекеті үшін бас бостандығынан айырылғандығы айтылды. Олардың дені - 30-ға толмаған жас жігіттер. Бұл деректі жиынға қатысқан Ақтөбе облыстық прокуратурасының өкілі Нұрлан Қалдығожин айтты.
«Қазақстандағы діни ахуал туралы» жиында сөз алған Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Амангелді Айталы Нұрлан Қалдығожин айтқан ақпараттан кейін:
- Жастарды қуғын-сүргінге салу дұрыс емес. Біздегі күштік құрылымдар кеңес заманындағы КГБ шекпенінен шыға алмай жүр. Әлі күнге қылмыстық іс-әрекеттер мен экстремизмнің ара жігін ажырата алмай келеді. Меніңше, Ақтөбе облысында экстремистер жоқ. Қылмыс жасайтын адамдардың бары - рас. Неге сол «экстремистер» полицияға тиіседі? Себебі әділетсіздік болған жерде халық өшігеді, - деді.
Профессордың айтуынша, «Діни ахуал дегеніміз - ғылыми ұғым. Біріншіден, ол - діни нанымның деңгейі. Ол өте төмен. Себебі, біз кешегі құдайсыздар қоғамынан шықтық. Бізде терең діни сана сезім болуы мүмкін де емес. Сондықтан аяғын шалыс басқан жастардан шамадан тыс күдіктеніп, оларды шамадан тыс қудаласа, мемлекеттің өзі экстремистке айналып кетуі мүмкін».