Солтүстік Қазақстан тұрғынының екі аяқтан айырылуына кінәлі деп танылған екі полицейдің ісі «Өкілетін асыра пайдалану» бабынан «Азаптау» бабына ауыстырылып, жаза мерзімі қысқарды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Ясновка ауылының 20 жастағы тұрғыны Иван Рожнов жаңа жыл мерекесінен кейін құрбы қызымен кездесу үшін Мәскеуге баруға жиналып жүр. Олар жуырда интернет арқылы танысыпты. Жігіттің кемтар екенін білсе де, бойжеткен одан теріс айналмапты.
Ал жаңа жыл қарсаңында өткен сот екі полицейді азаптау бабы бойынша айыпты деп танып, талай соттың сергелдеңіне түскен жігіт екі полицейге қарсы сотта тағы бір жеңіске жетті. Бірақ Иван Рожнов соттың түрмеде отырған екі азаматтың жаза мерзімін қысқартқанына қынжылады. Ал полицейлер мен туыстары «заңсыз қудалады» деп санайды.
«АЗАПТАУ БОЛҒАНЫМЕН, АЗ ОТЫРАДЫ»
Былтыр желтоқсан айының соңында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының аппеляциялық соты өтіп, 2012 жылдың қаңтарында орманға қашамын деп екі аяғын да үсітіп алған Иван Рожновтың талап-арызы бойынша екі полицейдің ісін қайта қарады. Сот істі «Қызметтік өкілеттігін асыру» бабынан «Азаптау» бабына ауыстырды. Екі полицейдің түрмеде отыру мерзімі қысқартылды. Сот полиция майоры Қайрат Сәрсенбаевты төрт жылға, ал аға лейтенант Руслан Козыревті үш жарым жылға түрмеге кесті.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылының 20 жастағы тұрғыны, «ноутбук ұрлады» деген күдікпен ұсталған Иван Рожновтың шулы
ісінен Азаттық сайты оқырмандары хабардар. Рожновтың айтуынша, ол екі полицей азаптаған соң қашып кеткен. 40 градус аязда екі тәулік бойы орманда адасқан Иванды үсік шалып, дәрігерлер екі аяғын бірдей кесіп тастады.
Кейін Иван Рожновқа қатысты іс жабылып, екі полицейге қарсы іс қозғалды. 2012 жылдың қараша айында «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған» деген айыппен Сәрсенбаев пен Козырев бес жарым жылға сотталды. 2013 жылдың мамырында апелляциялық сот екеуінің жазасын жарты жылға қысқартты. Ақыры бұл іс өткен жылдың күзінде облыстық соттың кассациялық алқасына жетіп, ол қайта қарау үшін істі аппеляциялық сотқа қайтарды. Ал аппеляциялық сот 2013 жылғы желтоқсанның 30-ында істі «Азаптау» бабына ауыстырды. Бұл іс бойынша осымен төртінші сот өтті.
ЕКІ ПОЛИЦЕЙ ЗАРЕЧНЫЙ ТҮРМЕСІНДЕ ОТЫР
Азаттық тілшісі сотталған полицейлердің екі туысымен телефон арқылы хабарласты. Екі әйел сотталған туыстарымен түрмеде жүздесіп, Петропавл қаласына қайтып бара жатқан беті екен. Түрме Петропавл қаласы түбіндегі Заречный кентінде орналасқан.
Сотталған аға лейтенант Руслан Козыревтің анасы Елена Козырева мен майор Қайрат Сәрсенбаевтың әйелі Айман Сәрсенбаева түрме қақпасы алдына таң сәріден келіп, кезекке алғашқылардың бірі болып жазылғандықтан ғана сотталған туыстарымен кездескен. Екі әйел де «кездесуге келген кезде қақаған аязда
түрме алдында түні бойы дірдектеп тоңғанымыздан бұрын кезек жетпей қалып, кездесе алмай қаламыз ба деген қорқыныш қинайды» дейді.
Олар апелляциялық соттың шешіміне көңілдері толмайтынын айтады. «Жазықсыз сотталғандықтан екеуін жаңа жылға қарсы босатады деп үміттеніп едік» дейді туыстары.
"Бірақ жаңа жылда күткен ғажайыбымыз орындалмады. Осындай әділетсіздіктен кейін мемлекетке деген сенімің қалмайды екен" дейді Елена Козырева.
Туыстарының пікірінше, сотталған полицейлерге «Азаптау» бабын негізсіз қолданған. Іс материалдарында жәбірленуші Иван Рожновтың денсаулығына зиян келтіргенін дәлелдейтін ешқандай медициналық ұйғарым жоқ. «Оны полицейлер ұрып-соққан» деген қорытынды Рожновтың түсініктемесі негізінде ғана жасалған.
2012 жылдың маусымынан бері қамауда отырған полицейлер өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды. Жақындарының сөзінше, «екеуі ақырына дейін күреседі, үндемей қалмайды».
"Сотта тараптардың жарыссөзінде мен «бұл – жазықсыз жандарды нақақтан соттаған 1937 жылға қайта оралу» деп айтып салдым" дейді Елена Козырева.
Түрмедегі туыстарымен кездесіп қайту үшін әйелдер екі күнін жұмсайды.
Әсіресе 13 жастағы ұлы мен бес жарым жасар қызы бар Айман Сәрсенбаева қатты қиналып жүр.
"Кішкентай қызымды ұлымның қарауына қалдыруға тура келеді. Бүгін ұлым сабаққа да бармайды" дейді екі баланың қамы өзіне қарап қалған Айман Сәрсенбаева.
Ал Елена Козырева қолында ауыр науқас қарт әке-шешесі барын, жалғыз ұлы жазықсыз сотталып, түрмеде отырған өзіне оңай емес екенін айтады.
Бірақ екі әйел сотталған туыстарын түрмеден босату үшін ауыртпалыққа қарамастан бар күш-жігерін салмақ. Олар енді кассациялық алқаға апелляциялық сот шешіміне қатысты шағымданбақ.
АЯҒЫНАН АЙРЫЛҒАН ЖАС ЖІГІТ
2012 жылдың ақпанында екі аяғын бірдей кесіп тастаған Иван Рожнов Ясновка орта мектебінде лаборант болып істеп жүр. Бірақ оның өмірі күрт өзгерген: енді бұрынғыдай достарымен бірге спортпен шұғылдана алмайды, анасына шаруаға қолқабыс жасауға да қауқарсыз
Кигеніне бір жарым жылдан асса да, Иван ыңғайсыз протезге үйрене алмапты: протез аяғын қажап, тез дымқыл тартады. Оны тезірек шешіп тастауға тырысатындықтан қимыл-қозғалысы да шектеулі. Үйде турникке тартылып дене шынықтырған болады.
Иван Рожнов сотталған полицейлердің түрме мерзімін тағы қысқартып тастаған апелляциялық соттың шешіміне наразы. Апелляциялық сот жәбірленушінің
пайдасына сотталған екі полицейден 700 мың теңге (шамамен 4,6 мың доллар) өндіру туралы қаулы шығарған. Жәбірленуші Иван Рожнов олардан 5 миллион теңге (33 мың долларға жуық) өндіріп беруді сұраған. Бірақ Иван Рожновтың айтуынша, апелляциялық сот шешіміне қатысты шағымдану мәселесін ол әлі адвокаттармен талқыламаған.
Иван Рожнов аяққа жайлы шетелдік протез болса деп армандайды. Естуінше, ондай протездің жайлылығы сондай, адам өзінің кемтарлығын сәл де болса ұмытатын көрінеді. Лаборанттың жалақысына күн көріп жатқан жас жігіттің есептеуінше, «сотталғандардан 700 мың теңге өндіріп берсе де, ол ақша бір аяқтың протезіне де жетпейді».
"Екі протез сатып алу үшін үш жарым миллион теңге керек" дейді жәбірленуші.
Бірақ Иван Рожнов мардымсыз жалақы мен мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысына қарамастан, болашақта шетелдік протез сатып алуға шамам жетер деп үміттенеді.
Бұрын оның ауылда достасқан қызы болған, бірақ жарымжандығына байланысты онымен айырылысып кеткен. Иван Рожнов интернет арқылы Мәскеуде тұратын өзі құралпы бойжеткенмен танысыпты. Мамандығы журналист мәскеулік бойжеткен жаңа жыл қарсаңында жігіттің жарымжан екенін естісе де, теріс айналмапты. Енді Иван бір-екі айдан кейін Мәскеуге аттанып, қызбен кездесуді жоспарлап отыр.