Ақпанның 4-і күні бір топ қоғам қайраткерлері мен ұлттық патироттық ұйымдар белсенділері баспасөз-мәслихатын өткізіп, «БТА» банкінің Сбербанкіне сатылуына қарсы мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, егер аталған банк сатылатын болса, онда бұл ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндірмек.
«Алға, Азаттық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлі Азаттық радиосына берген сұхбатында, бүгінгі таңда Қазақстанда банк секторынан басқа ешнәрсе қалмағанын, енді банктерді сату басталса, онда жақын болашақта Қазақстан тәуелсіздігімен де қоштасуы бек мүмкін екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Жасарал Қуанышәлі мемлекет үшін сын сағатта қоғамды сергектікке шақырып, қалыптасқан жағдайға бей-жай қарамауға үндеді.
— Қазақстанның табиғи байлығы, жері тағы басқа дүниесі онсыз да шетелдіктерге сатылып кетті. Қалғаны тек банк саласы болатын. Енді оны да сатсақ, онда біз таза тақырға отырамыз. Сондықтан қалыптасып отырған жағдайға байланысты барлық қазақстандықтарды ауызбірлік пен мемлекетшіл мүдде танытып, биліктің тарапынан жасалынып жатқан іс-әрекеттердің құрбаны болмай, қарсылық танытуға шақырам – деді Жасарал Қуанышәлі.
Мәлімдеме авторларының бірі «Күретамыр» қоғамдық қорының президенті Айсұлу Қадырбаева «БТА» банкінің ТМД аумағындағы ең ірі жекеменшік банк ретінде танымалдығын әрі көптеген елдерде еншілес банктері бар екенін айта келіп, егер Қазақстан үкіметі бұл банкті Ресей Сбербанкіне сататын болса, онда Ресей каптиалы Қазақстан қаржы жүйесінде негізгі орынның біріне шығып, бұл өз кезегінде Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап көрсетті.
Ұлттық патриоттардың сөзіне қарағанда, үкіметтің Мұхтар Әблязовты БТА банкі директорлар кеңесінің төрағалығынан шеттеткені дұрыс шешім емес. Бұл туралы «Ұлт тағдыры» қозғалысы төрағасының орынбасары, экономист Болат Дүйсенбі былай дейді:
— Шынымды айтсам, мен Мұхтар Әблязовті «судан ақ, сүттен таза» деуден аулақпын. Олай дейтінім, ол Қазақстан қаржысын басқа бір мемлекеттің экономикасына құйғаны бүгінде жасырын емес. Алайда, М.Әблязов тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, ТМД көлеміндегі ең ірі жекеменшік банк құрған талантты менеджер екенін айтпай кетуге болмайды. Осы тұрғыдан келгенде, үкіметтің оны қызметінен алып тастауы дұрыс шешім болмады – деді Болат Дүйсенбі сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кететін бір жайт, «БТА» банкі бүгінгі таңда қазақ мәдениеті мен руханиятына қолдау көрсете бастаған бірден-бір банк. Жақында ғана қазақ көрермендеріне жол тартқан «Мұстафа Шоқай» көркем фильмі аталған банктің қаржылық көмегінің нәтижесінде түсірілген болатын дейді мәлімдеме жасаушылар. Олар мұндай қадамға баруларына аталмыш банк пен М.Әбілязовтің қатысы және жеке мүдделерінің жоқ екенін бірауыздан жария етті.
Алайда, саясаттанушы Айдос Сарым ұлт патриоттары мен қоғамдық ұйымдардың мәлімдеме жасауы М.Әбілязовтің қолданып жатқан шарасына ұқсайды дей келе, мәлімдеме экономикадан хабары шамалы адамдардың көңіл-күйдің жетегімен жазған дүниесі сияқты деп атап көрсетті.
Бұл мәселеге орай Азаттық радиосына берген сұхбатында экономист Рахман Алшанов: «Банктердің мемлекеттің қарамағына өтуі тиімсіз екені бұған дейін де өзін дәлелдеген болатын. Ал, «БТА» банкін осы уақытқа дейін жер-көкке сыйғызбай мақтап келіп, жалғыз күнде, халыққа ескертпестен, я болмаса нақты әрі нанымды себебін келтірместен, мемлекеттің қарамағына алуы мемлекеттік саясаттың түсініксіз тұстары бар екенін көрсетеді» - деді.
Бірақ та, Григорий Марченко сөз болып отырған банктің мемлекетке өтуінде ешқандай заңсыздық болмаса рейдерлік болған жоқ. Және банктің бақылау пакетінің ешқандай да бөлігі М.Әблязовқа тиесілі емес екенін, ақпанның 4-і күні өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.