«Қазақстан дүйсенбі күні жекеменшік болып табылатын ең ірі БТА банкін Орталық Азия елдерінде қаржы дағдарысы тереңдеп келе жатқан кезде өз қарамағына алып, оның бұрын оппозиция жетекшілерінің бірі болған төрағасын жұмыстан босатты»,– деп жазады британдық іскер газет Financial Times.
Бұл басылым елдің қаржылық жүйесін былайша сипаттайды:
«Бұл драмалық оқиғалар Қазақстан банк жүйесінің реттеушісі былтырғы жылдың банктер табысының 93,1 пайызға, демек 127 миллион долларға дейін төмендеп кеткені жайлы мәлімет жариялаған соң басталды. БТА банкінің көрсеткіштері мемлекет бойынша орташадан жоғары болып шықты, 2008 жылы оның табысы 73,9 пайызға, 105 миллион долларға дейін төмендеп кетті. Реттеушінің хабарлауынша, депозиттердің азаюы мен несие бойынша төлемдер салдарынан желтоқсан айында банк секторының таза шығындары 154 миллион доллар болды».
Financial Times Мұхтар Әблязовтың банктің аяғынан тұруға сіңірген еңбегі жайлы айта келіп: «Әблязов оппозициялық партияның құрылуын қолдағаннан кейін 2002 жылы жемқорлыққа қатысты айыппен сотталған еді. Кейін оны босатып, саясатқа қайта араласпау шартымен БТА-ға келуіне рұқсат еткен. Оның басқаруында БТА ірі салалық банкке айналып, Ресей, Украина, Беларусь, Армения, Грузия, Қырғызстан және Түркия елдері активтерінің иесі ретінде өсті» деп жазады.
Басқа британдық Guardian газеті Мұхтар Әблязовтың үкімет іс-әрекетін қатты сынға алып, үкіметті «мемлекеттік рейдерлік» үшін айыптағанын жазды. Мақалада «тереңдеп бара жатқан қаржылық дағдарыстың саяси рең ала бастағаны» ерекше аталған.
«Батыста өзгеше ойлағандарға шыдамсыздығы үшін сынға алынып, бірақ өз елінде табыстардың өсуі арқасында атаққа ие болып жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан рецессия алаңдатуда, – делінеді мақалада одан әрі, – Әблязовтың кетуі қазақстандық бизнесте күштердің орналасуына өзгеріс әкелуі мүмкін, бұл Қазақстан саясатының сабақтастығы мен экономикасындағы күштер тепе-теңдігіне сеніп жүрген инвесторларды алаңдатуы мүмкін. Сонымен қатар, үкіметтің іс-әрекеті жалпы экономикалық көзқараспен қарағанда, мұнай бағасының төмендеуі мен орталық банктің теңгенің біртіндеп құнсыздануына байланысты жасайтын іс шараларына қатысты алаңдатушылық туғызады».
Америкалық New York Times басылымы банктерге мемлекет көзқарасының әртүрлі екендігіне назар аударады. БТА Банкпен жасасқан мәміле ерікті болған жоқ. Үкімет мәжбүрлеп, банк басқармасымен ақылдаспай, акциялардың қосымша эмиссиясын шығаруын және оларды мемлекет иелігіне беруді талап етті. Осыған сәйкес, акцияларды шығарғаннан кейін үкіметтің қолында БТА банктің 78 пайыз акциясы болады да, бұрынғы иелерінің үлесі жойылады.
Ал, «Альянс банкке» келетін болсақ, оның «Сеймар» тобындағы негізгі акционерлері болар- болмас сомаға компанияның 78 пайыз акциясын үкімет банк қарызын өз мойнына алған жағдайда ерікті түрде сатуға келісетінін білдірді.
Сонымен бірге, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл- ауқат қоры «Халық банкі» мен «Казкоммерцбанк» есепшотына 1 миллиард доллардан аударды, бірақ, мемлекет бұл мекемелердің тек 25 пайыз акциясын ғана иеленбек. Газет пайымдағандай, «Халық банк» акцияларының бір бөлігі Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың иелігінде. Оның үстіне Құлыбаев «Самұрық-Қазына» қорының төрағалық қызметін атқарады».
Қазақстанның банк секторындағы күрделі жағдай туралы Boston Globe басылымы былай дейді: «Қазақстан банктері қаржы дағдарысынан алғашқылардың бірі болып сыртқы қарыздарға тәуелділігіне байланысты зардап шекті. Ірі банктер мемлекеттің қолдауына қарамастан, аман қалудың қамына көшті. Үкіметтің пайымдауынша, несие мекемелері биылғы жылы 11 миллиард доллар шамасында сыртқы қарыздарын өтеуі керек».
БТА банкінің біртіндеп Ресейдің ірі қаржылық орталығы Сбербанктің бақылауына өтуі туралы ақпарат мәскеудің «Ведомости» басылымының қызығушылығын тудыруда.
Астанада Сбербанк әлеуетті инвестор ретінде қарастырылады.« Әзірше ешкімде ешқандай эксклюзив бола қойған жоқ. Ресейдің Сбербанк өкілдері осында жүр, олармен келіссөздер жүргізілетін болады»,– деп мәлімдеді Астанада Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.
«Ренессанс капитал» агенттігі сарапшыларына сүйене отырып, газет былай деп жазады: «Осындай істерді жасау үшін саяси астарлы себеп болуы мүмкін». Сбербанк үшін көптеген ТМД елдерінде дамыған филиал жүйелері бар банкті «әжептәуір арзандатылған бағамен» сатып алу тиімді болуы мүмкін.
Bloomberg агенттігінің хабарламасында да БТА банктің сатылу перспективасы туралы айтылған: « Сбербанктің БТА банкті сатып алу мүмкіндігі жөніндегі болжамды бүгін акция сатып алу туралы келіссөзді бастауға шақырған Алматыға шоғырланған қазақстандық үш миллиардерлердің иелігіндегі Еуразия банкі жоққа шығаруы мүмкін. «Еуразия банкі» жасаған мәлімдемеде былай делінген: «БТА-мен жасалған шарттарда «отандық инвесторларға жол берілуі керек» деп атап айтылған. Электронды пошта арқылы жіберілген арызда бұл ұсыныс «еліміздің қаржы секторын қайта бөлісуге тырысқандық емес» деп жазылған.
Агенттік «Еуразиялық банкті» « миллиардерлер банкі» деп атайды. Бұлай деуіне ол банктің металлургия магнаттары – Александр Машкевич, Алимжан Ибрагимов және Патох Шодиевтың қолындағы Еуразиялық қаржы-өндірістік компанияның күшімен құрылғаны себеп болса керек. Айта кетсек, олардың әрқайсысына компания акцияларының 33,33 пайызы тиесілі.
Ал, банк саласындағы соңғы оқиғалардың салдары ұзаққа созылуы мүмкін. «Fitch» рейтингілік агенттігі дүйсенбі күні банк саласындағы қиындықтардың Қазақстанның рейтингіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертті. Агенттік сарапшылары елдегі жағдай мен үкіметтің елдегі ірі банктердің капиталына кіру жөніндегі іс-әрекетін мұқият бақылап отыр. Guardian сайтындағы тағы бір мақалада да осы тақырып қозғалады.
« Біз жылдам дамып отырған жағдайды бақылаудамыз, – дейді Fitch сарапшысы Эндрю Колкун. – Егер бұл шаралар банк саласындағы қиындықтардың біз бұрын ойлағаннан да салмақтырақ екенін білдірсе, әрі мемлекет тарапынан мейлінше орасан қолдау қажет болса, онда бұл елдің тәуелсіздік рейтингінің айтарлықтай төмендеуіне әкеп соғады».
БТА Банкінің мемлекет қолына өтуі валюта нарығына да әсер етті. Reuters агенттігі хабарлағандай, ақпанның 3 күні Қазақстан қор биржасында теңге бағамы 2007 жылғы қыркүйек айынан бергі ең төмен деңгейге түсіп, 1 доллар үшін 122,85 теңгеге дейін құлдырады. «Сарапшылар экономикасы мұнайға тәуелді көршілес екі елді салыстыра келе, орталық банк теңгені Ресей рублінің артынан девальвацияға жібереді деп күтіп отыр. Айта кетсек, ресей рублі өткен жылдың қазан айынан бері өз құнының төрттен бір бөлігін жоғатқан болатын», – делінеді хабарламада.
Сейсенбі күнгі таңғы сессияда теңгенің орташа бағамы дүйсенбідегі 121,87 мен салыстырғанда, 1 доллар үшін 122,32 тенгеге дейін төмендеді. Банкаралық нарықта теңге 1 доллар үшін 122,87 ге дейін түсіп, бірақ кейін 122,06 деңгейіне қайта оралды.
Девальвацияның жеделдеуіне мемлекеттің осының алдында ғана екі ірі банктің капиталына кіруі де себеп болуы мүмкін: «Сарапшылардың пікірінше, банктің мемлекет қолына өтуі үкімет пен орталық банктің ақша резервтеріне жасалатын қысымды күшейтіп, айырбас курсын сақтап тұруға қажетті ақша санын азайтуы мүмкін».
Қазақстанда, 4 ақпан, сәрсенбі күні доллардың бағамы жоғарылап, бір АҚШ доллары кей аймақтарда 170 долларға дейін жетті.