Тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова жақында күйеуімен кездесіп қайтты.
Әлия Тұрысбекова Владимир Козловпен ұзақ мерзімді кездесуге кішкентай ұлы Аленмен барған. Азаттық тілшісіне берген сұхбатында ол Қазақстанның солтүстігіндегі түрмеден Алматы облысындағы Заречный кентіндегі колонияға ауысқаннан кейінгі Владимир Козловтың хал-жағдайы туралы айтып берді.
Азаттық: – Тұрысбекова ханым, Заречныйдағы кездесуге дейін жұбайыңызбен соңғы рет қашан жолықтыңыз?
Әлия Тұрысбекова: – Володяны 2013 жылдың қарашасынан 2014 жылдың сәуіріне дейін көрген жоқпын. Бұрынғы кездесулеріміздің арасы бұлай ұзаққа созылмайтын. Биыл қаңтарда ұлымыз Ален дүниеге келіп, кездесуге бара алмай қалдым. Заречныйдағы түрмеге ұлыммен бардым. Сәуірде ұлым үш жарым айлық қана болатын. Менімен бірге барған ағам кездесудің алғашқы күні Володяның жанында күндіз болды да, кешкісін Аленді Алматыға алып кетті.
Азаттық: – Алматы облысындағы күйеуіңізбен кездесуден кейін Заречный колониясы мен Владимир бұрын отырған Петропавлдағы түрмелерді салыстыра аласыз ба?
Әлия Тұрысбекова: – Алматы облысы мен Алматының климаты бірдей екені
Мен Петропавл қаласына 2013 жылы ақпан, мамыр, тамыз және қараша айларында төрт мәрте бардым. Бірақ Володяны көріп, сөйлескеніме қуанып қайтатыным болмаса, басқадай жағымды сезім болған емес. Түрме қақпасы алдындағы бақылау-өткізу пунктінен кіргеннен бастап еңсеңді бірдеңе басып тұратын. Басқа тұтқындардың туыстарын бір рет қана тексеріп кіргізсе, неге екені белгісіз, мені бөліп алып, екі-үш мәрте мұқият тексеретін. Не үшін екенін кім білсін, әйтеуір шығар кезде де тексеретін. Ол жақтан жабығып қайтатынмын.
ӘКЕ МЕН БАЛА
Азаттық: – Владимир алғаш көрген ұлын қалай қабылдады?
Әлия Тұрысбекова: – Аленді қолына ұстатқанымда күлкім келді. Володя «Қолыма қалай аламын? Бір жерін сындырып алсам қайтем?» деп қорқып кетті.
Азаттық: – Владимирдің қазіргі жағдайы қалай? Жалпы денсаулығы, көңіл-күйі қалай екен?
Әлия Тұрысбекова: – Түрмеге түскелі Володяның денсаулығы сыр бере бастады. Асқазаны түйіліп ауырған соң, анализдер алыпты. Дәрігерлер қатерлі
Бірақ еңсесі түспеген, моральдық рухы бұрынғысынша мықты. Құдды, бір кездесуден семіртіп алатындай, тойдырып тамақ бергім келді.
Азаттық: – Жуырда сот шешімі бойынша сізді жалғыз баспанаңыздан айырмақ деген хабар тарап еді...
Әлия Тұрысбекова: – Володяның ісіне қатысты үкімде «бүкіл дүние-мүлкі тәркіленсін» деген шешім бар. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сот шешімін орындаушылар оның бүкіл мүлкін тәркіледі. Бірақ мен тұрып жатқан бір бөлмелі пәтерге (оның меншік иесі Володя) қамау салынғанымен, мені шығарған жоқ. Володя жалғыз баспанамызды тәркілемеуді сұрап түрмеден талап-арыз берген.
Жуырда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты оның талап-арызын қанағаттандырмай тастады. Енді Володя аппеляциялық шағым бермек. Ал әзірше ұлым Ален екеуміздің де жалғыз баспанамыз осы пәтерде тұрып жатырмыз.
КЕЗДЕСУ ҮШІН КҮРЕС
Азаттық: – Түрмедегі жұбайыңызбен әр кездесудің соңы қоштасумен аяқталғанымен, алда тағы кездесуге болатыны көңілге медеу шығар?
Әлия Тұрысбекова: – Иә, тағы кездесу болатынын екеуміз білеміз. Ол таксофон арқылы жиі хабарласып тұрады. Ал Петропавлдағы түрмеде кездесіп кеткен кезде қатты қиналатынмын. Петропавлдың Алматыдан шалғайлығы, күзетшілердің «Түрмені босатыңдар!» деген айғайы және басқа да жайттар еңсеңді түсіріп жіберетін. Ал Заречный түрмесінде олай емес, сәл жеңілдеу болды.
Азаттық: – Жұбайыңызға барған сапарларыңыздың қайсысы бәрінен ауыр болды?
Әлия Тұрысбекова: – 2013 жылдың қарашасында балама жеті айлық жүкті кезімде барғанда қатты қиналдым. Аяғым ауыр болған соң ағам бірге еріп
Көп күткен кездесуден қалып қойғым келмей, поезбен кетпек болып, вокзалға барсақ, билет жоқ. Ақыры поезға билетсіз, «қоян» болып міндік. Сөйтіп жайлы ұшақпен ұшудың орнына, құрсағымдағы жеті айлық баламен Петропавлға дейін поезбен селкілдеуге тура келді. Бірақ Володямен жолығуға үлгердім әйтеуір.
Азаттық: – Сұхбат бергеніңіз үшін рақмет.
Тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов «2011 жылы Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен оқиғасына қатысы болды» деген айыппен жеті жарым жылға сотталған еді. Козлов пен оның жақтастары үкімнің саяси астары бар деп санайды. Оны белгілі халықаралық құқық қорғау ұйымдары қорғайды.