Алматыда опера әншісі Майра Мұхамедқызының «Әлем бесік жырлары» жинағының тұсаукесері өтті. Жиында шет тілдеріндегі бесік жырларының тұңғыш рет қазақшаланып отырғаны айтылды.
Алматыдағы «Меломан» дүкенінде өткен жинақтың тұсаукесеріне әншілер, сазгерлер, журналистер мен қарапайым өнер сүйер қауым қатысты.
Жинақты көпшілікке таныстыра келе әнші Майра Мұхамедқызы кішкентай қызы Аидаға бесік жырын іздеп жүріп осындай идея ойына келгенін айтты.
"Өзім баланы қолыма алған кезде қаншама жерден әнші болсам да, баламды әлдилетіп ән шырқайын десем де, бір ән аузыма түспеді. Сосын балаларға арналған қандай да бір әндер бар ма екен, бесік жыры бар ма екен, қандай да бір кітаптар бар ма екен деп дүкендерден іздеген кезде өкінішке қарай таппадым. Сол себепті қызыма аналық мейірім махаббатымды осындай әнмен шырқайыншы деп әндер жинақтай бастадым" деді ол.
"Әлем бесік жырлары" жинағына ағылшын, француз, түрік, орыс, қытай, чех, т.б ұзын саны 11 ұлттың әлдиі енген. Мәтіндерді жас ақын Мұратхан Шоқан қазақшалапты.
Дискідегі кейбір бесік жырларын Майра Мұхамедқызы 80 жастағы анасымен, қытайлық әріптестерінің бірімен шырқайды. Альбом Пекиндегі студиялардың бірінде жазылған.
"Жинаққа енген әндер, бесік жырлары бүкіл әлемде жүздеген тілдерге аударылып, миллиондаған сәбилер соны тыңдап есейген. Әлемдік классика жауһарлары. Олар бір ұлттан екінші ұлтқа үнемі аударылып отырған. Мысалы, қытай тіліне баяғыда аударылып қойған екен. Ал біздің тілімізде жоқ" дейді жас ақын Мұратхан Шоқан.
Презентацияға қатысқан адамдарға тегін диск таратылып, альбомға қолы жетпей қалғандар өкініп те жатты.
Алматы тұрғыны Бейбіт Ерубаева тұсаукесердің болатынын интернет арқылы біліп келген екен. Ол жиында бір ғана жинақ ала алғанын айтады.
"Менің досым да біреуін ала келші деп өтінген болатын. Өзі жұмыстан қолы босамай, келе алмады. Бірақ тек біреу ғана жетті. Сонда да қуанып тұрмын" дейді ол Азаттық тілшісіне.
"Әлем бесік жырлары" жинағы осы аптаның соңынан бастап "Меломан" желісінің дүкендерінде сатыла бастайды.
Азаттық радиосы әнші Майра Мұхамедқызының рұқсатымен оқырмандарына жинақтан бір әнді ұсынады.
Жинақты көпшілікке таныстыра келе әнші Майра Мұхамедқызы кішкентай қызы Аидаға бесік жырын іздеп жүріп осындай идея ойына келгенін айтты.
"Өзім баланы қолыма алған кезде қаншама жерден әнші болсам да, баламды әлдилетіп ән шырқайын десем де, бір ән аузыма түспеді. Сосын балаларға арналған қандай да бір әндер бар ма екен, бесік жыры бар ма екен, қандай да бір кітаптар бар ма екен деп дүкендерден іздеген кезде өкінішке қарай таппадым. Сол себепті қызыма аналық мейірім махаббатымды осындай әнмен шырқайыншы деп әндер жинақтай бастадым" деді ол.
"Әлем бесік жырлары" жинағына ағылшын, француз, түрік, орыс, қытай, чех, т.б ұзын саны 11 ұлттың әлдиі енген. Мәтіндерді жас ақын Мұратхан Шоқан қазақшалапты.
Дискідегі кейбір бесік жырларын Майра Мұхамедқызы 80 жастағы анасымен, қытайлық әріптестерінің бірімен шырқайды. Альбом Пекиндегі студиялардың бірінде жазылған.
Презентацияға қатысқан адамдарға тегін диск таратылып, альбомға қолы жетпей қалғандар өкініп те жатты.
Алматы тұрғыны Бейбіт Ерубаева тұсаукесердің болатынын интернет арқылы біліп келген екен. Ол жиында бір ғана жинақ ала алғанын айтады.
"Менің досым да біреуін ала келші деп өтінген болатын. Өзі жұмыстан қолы босамай, келе алмады. Бірақ тек біреу ғана жетті. Сонда да қуанып тұрмын" дейді ол Азаттық тілшісіне.
"Әлем бесік жырлары" жинағы осы аптаның соңынан бастап "Меломан" желісінің дүкендерінде сатыла бастайды.
Азаттық радиосы әнші Майра Мұхамедқызының рұқсатымен оқырмандарына жинақтан бір әнді ұсынады.
Your browser doesn’t support HTML5