«Халық билігі» блогының өкілдері елдегі кезектен тыс президенттік сайлаудың заңсыз өткенін айтып, оның қорытындысын мойындамайтындарын мәлімдеді.
Бірақ елде жүргізілуі мүмкін саяси реформаларды жоққа шығарған «Халық билігі» белгілі бір шарттар орындалса, «президентпен саяси кеңестерге қатысуға дайынбыз» дегенді де айтты сәуірдің 6-сы күні өткізген жиын барысында .
«МЕЗГІЛІНЕН БҰРЫН КЕТУГЕ КӨП АЛДЫНДА УӘДЕ БЕРСЕ...»
«Егер Нұрсұлтан Назарбаев саяси реформаларды жүргізу кестесін алдын-ала хабарлап, сайлау өткен күннен бастап, бір жылдың ішінде қалай президент болып сайланды, солай мезгілінен бұрын кетуге көп алдында уәде берсе, өзі айтқан саяси кеңестерге қатысуға дайынбыз» делінген «Халықтық билігі» блогының сәрсенбі күні таратқан саяси мәлімдемесінде.
– Жалпы, біз 2012 жылға дайындалып жатырмыз. Меніңше, 2012 жылы елде кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуді талап етуге бізде толық негіз болады. Оның үстіне президент Назарбаевтің өзі осындай болатындай етіп Конституцияны өзгертті емес пе. Яғни біз қалай болса солай емес, Конституцияда белгіленген мерзімдегі сайлауға қатысуды жоспарлап отырмыз, – деді «Халық билігі» блогына кіретін тіркелмеген «Алға» партиясының жеткшісі Владимир Козлов сәуірдің 6-сы күні өткен жиында.
Ол «көппартиялы парламент», «саяси реформалар» туралы осыған дейін президент Назарбаевтың кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаев айтқан әңгімелерде «еш жаңалық жоқтығын, оған аса көңіл бөлудің қажет еместігін» айтты.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген саяси блок өкілдері компартияның алда өтуі мүмкін кезектен тыс парламенттік сайлаудан құр қалмауы керектігін де атап өтті.
– Оларда басқа жол да жоқ. Олар (Қазақстан коммунистік партиясы – ред.) осы сайлауды өткізіп алды. Егер мына сайлауды өткізіп алса, онда оларды мүлде жойып жібереді, – деді Владимир Козлов.
«САЙЛАУДА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ КӨП БОЛДЫ»
Елде президенттік сайлаудың заңсыз өткенін айтқан «Халық билігі» блогы өкілдері сайлауда заң бұзушылық көп болғанын да айтады. Олар «көп кешікпей осыған байланысты талдау-есепті таныстыратындарын» да ескерте кетті.
«Сайлауда заң бұзушылық көп болды» дегенді «Талмас», «Ар.Рух.Хақ» сияқты өзге ұйым өкілдері де айтты. Сайлау кезінде өздері байқаған заң бұзушылықтарды айтып тауыса алмаған олар бұған қатысты қолдарында фактілер бар екенін де сөз етті.
– Біз сайлау күні кездейсоқ түрде Алматы қаласындағы 7 учаскені таңдап алдық. Үздіксіз бақылап отыру үшін екі ұйымнан да өкілдер келді. Бұған қоса сыртқа бейне бақылау орнатып қойдық. Сағат үшке дейін көрсеткіштеріміз сайлау учаскесі өкілдерінің мәліметтерімен сәйкес келіп жатты. Сағат үштен кейін бірден айырмашылықтар біліне бастады. Және қандай айырмашылықтар десеңізші! Цифрлар арасындағыең үлкен алшақтық 737 бюллетеньді құрайды. Бұл мүмкін емес қой, – дейді «Талмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің заңгері Денис Алимбеков.
Сайлау тақырыбына арналған бұл жиында халықаралық бақылаушылардың тәуелсіздігі де сөз болды. Ғазиз Алдамжаров, Владимир Козлов сияқты саясаткерлер бақылаушылардың объективтілігіне күмән келтіріп, «сайлауды ЕҚЫҰ сияқты басынан аяғына дейін бақылаған» мамандар ғана
Сайлау бойынша құрылған республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі, жазушы Смағұл Елубай. Алматы, 9 желтоқсан 2008 жыл.
сайлауға дұрыс баға берді деді. Қазақстанның Коммунистік партиясының өкілі Ғазиз Алдамжаровтың пікірінше, бақылаушылардың объективтілігі «сол елдегі елшінің беделіне және (бақылаушыға) берілген тапсырмаға байланысты».«БҰЛ САЙЛАУ – АЛҒА ЖЫЛЖУ»
Сайлау бойынша құрылған республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі, белгілі жазушы Смағұл Елубай «Сайлауда көп заң бұзушылық болды, сайлау әділ өтпеді» деген пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, сәуірдің 3-і күні сайлау учаскелерінің 60 пайызын бақылаған қоғамдық комиссия басқаша қорытынды жасаған.
– Жалпы алғанда, соншалықты үлкен бұрмалаушылықтар болды деген мәлімет бізде аз болды. Сондықтан бұл сайлау бұрынғы өтіп жатқан сайлауларға қарағанда алға жылжу болды. Өйткені біз ЕҚЫҰ-ға төраға болдық. Осының бәрі ықпал жасады ғой деп ойлаймын, – дейді Смағұл Елубай.