Азаттық радиосының "Сіз сәуірдің 3-і президенттік сайлауда дауыс бересіз бе?" деген сауалына оқырмандарымыз былайша жауап берген еді:
Иә | 23.9 % |
Жоқ | 76.1 % |
Ал орталық сайлау комиссиясының сәуірдің 4-і таңғы сағат 10-да жариялаған мәліметі бойынша және Азаттық радиосы өзінің вебсайтында сәуірдің 3-іне дейін жүргізген сауалнамасы бойынша президенттікке кандидаттар төмендегідей дауыс жинаған:
ОСК | Жамбыл Ахметбеков 1.4 % | Мэлс Елеусізов 1.2 % | Ғани Қасымов 1.9 % | Нұрсұлтан Назарбаев 95.5 % |
Азаттық | Жамбыл Ахметбеков 6.5 % | Мэлс Елеусізов 3.9 % | Ғани Қасымов 1.4 % | Нұрсұлтан Назарбаев 26.9 % |
Ескере кететін жайт Азаттықтың вебсайтындағы сауалнамада "Бәріне қарсы дауыс беремін" деген бесінші балама жауап қосылды. Форумға қатысушылардың 61.4 пайызы дәл осы жауапты таңдаған.
Сайлау өтерден бұрын 11 ақпан мен 11 наурыз арасында Азаттық радиосы "Кезектен тыс президент сайлауынан соң Назарбаевтың жеңісі туралы хаттамада оны жақтаған дауыс неше пайыз болуы мүмкін?" деген сауалнама өткізген еді. Оған оқырмандарымыз былайша жауап берген:
76 (ең арзан бензиннің маркасы сияқты) | 80 | 93 | 95 | 98 | Маған бәрібір. Менің дауысым онсыз да есепке алынбайды |
11.3 % | 4.5% | 7.1% | 13.9% | 20.7% | 42.5% |