Шілденің 25-і күні президенттің ресми www.akorda.kz сайты дизайны жағынан жаңарып, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке парақшасы ашылды.
«Жаңарған порталдың қарапайым және ыңғайлы интерфейсі бар. Сайтта қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар қолданылған» деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Дәл осы күні президенттің баспасөз қызметінің Twitter аккаунты да пайда болды. Сәрсенбі күні түске қарай оның оқырмандарының (фолловер) саны 525-ке жетті.
Ақпарат бойынша, бұл сайттың Android және iOS нұсқалары да бар.
Президенттің дербес парақшасында «Тұңғыш президент феномені», «Ерекше тұлғалық болмысы», «Көпшілік назарында» атты бірнеше бөліктерден тұратын ірі-ірі үш бөлім бар. Бөлімдерде президенттің өмірбаяны, атақтары мен марапаттары, кітаптары, мақалалары сонымен бірге жаңартылған видео-сурет топтамалары да бар. Отбасы туралы альбомына Назарбаевтың зайыбымен, қыздарымен және жиендерімен түскен фотолары ғана қойылған. Күйеу балаларының суреттері жоқ.
«Халық таңдаған президент» деген бөлімде Нұрсұлтан Назарбаев «ел бүлкілінің тамырын дөп басқан», «бұрын-соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі» ретінде сипатталады.
Президенттің қызметі туралы сайтта: «...Оның (президенттің – ред.) халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%-дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті....Өңірлерге әрбір жұмыс сапарында Нұрсұлтан Назарбаев өз отандастарымен жүздесуге әрдайым уақыт табады. Әрбір қазақстандық сауалын жолдап, Президенттің өз аузынан жауап ала алатын тікелей эфирлер де жүйелі түрде өткізіліп тұрады» деп жазылған.
Бірақ президенттің ресми сайтының интерактивтілік жағы әлсіз. Яғни оқырман қауымның сайт иесімен байланыс орнату, пікірін айту немесе хат жазу мүмкіндігі қарастырылмаған. Мультимедиалық тұрғыда президенттің сайт оқырмандарына қаратып арнайы сөйлеген видеосы жоқ екенін де айта кетсе болады.
Сайттың жаңаруына қатысты әлеуметтік желіде кейбір азаматтар пікірлерін жазды.
Мысалы, Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабыров Twitter-де:
«Жақсы сайт, бірақ төменгі жағында артық жазулар бар және нақты SoftDeCo-ға сілтеме берудің қажеті жоқ еді. Қалай дегенмен Мемлекет Басшысының веб-сайты» деп жазады.
Kazakh.ru жобасының иесі Марат Ижанов Twitter-де: «akorda.kz-тің ескісінен қай жері жақсы? Менің көргенім: өте ескі флеш-анимация, мобильдік нұсқасы істемейді. Тағы қай жері?» деп сұрайды.
Ал экс-депутат Бақыт Сыздықова: «Мен сияқты қарапайым қолданушы үшін жаңа ешнәрсесі жоқ, сол баяғы суреттер мен тақырыптар, т.б.»
Әлемде жеке сайты жоқ президенттер кемде-кем. Мамандардың айтуынша, әр тілдегі мұндай сайттардың ұқсас жерлері: шаблон тәріздес дизайн мен президентті жарнамалайтын «іш пыстырарлық ақпарат».
Мысалы, Ресей президентінің http://президент.рф сайты президенттің сапарлары туралы есепке ұқсас. Сол сияқты Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың www.president.kg сайтын, Беларусь президенті Александр Лукашенконың www.president.gov.by сайтын да осындай стандарт ресми ақпарат ресурстарының мысалы ретінде келтіруге болады.

akorda.kz-тің ескісінен қай жері жақсы? Менің көргенім: өте ескі флеш-анимация, мобильдік нұсқасы істемейді.Қолданушы сөзі