Тұтқындарды ұялы байланыстан ажырату үшін ішкі істер министрлігі түрмелерді арнайы дуалмен қоршай бастады. Ал құқық қорғаушы қоршалған түрмедегі тұтқынның кедергісіз телефон соққанын айтады.
Осы аптада ішкі істер министрі (ІІМ) Қалмұханбет Қасымов жаңа қылмыстық-атқару кодексі жобасын парламентте таныстырды. Ол депутаттарға «министрліктің тұтқындардың ұялы телефонмен заңсыз сөйлесуімен күресудің қарапайым әрі тиімді жолын тапқанын» хабарлады.
- Металл іздегіш «раманы» көп сатып алып, қазір бүкіл жерге орнатып жатырмыз. Жеті колонияны алты метрлік биік дуалмен қоршап, үстіне тағы үш метрлік қоршау тұрғыздық. Телефон сигналын бәсеңдетеді деген техникалық құралдардың бәрінен тиімдісі осы болып шықты. Телефон байланысы бұл кедергіні бұза алмайды, мұнымен әлі де айналысамыз, - деп мәлімдеді министр.
Министр Қасымовтың айтуынша, кейбір колониялардың айналасындағы қоршаудың биіктігі тоғыз метрге жеткен. Ол «арнайы құрылғылармен жабдықталған мұндай қоршаулар - түрмеде тыйым салынған ұялы байланыс сигналдарын өшірудің тиімді тәсілі» деп есептейді. Министрдің айтуынша, «Ұялы телефонмен сөйлесу мүмкіндігінен айырылса, түрмеде отырған «кәнігі қылмыскерлер» бостандықта жүрген қылмыстық топтарды басқара алмайды. Бұл амал тұтқындар арасындағы телефон алаяқтығымен де тиімді күресуге көмектеседі».
Бірақ азаматтық белсенді Руслан Оздоев министрлік қолдана бастаған жаңа тәсілдің тиімділігіне сенбейді. Оның айтуынша, «ұялы телефондары болса, тұтқындарды азаптау әрекеттері де сәл тыйылар еді».
«ПОЙДЕТ»
Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы Қабдырахман Шотаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, департамент құзырындағы 12 колонияның бесеуі алты метрлік дуалмен қоршалған. «Ұялы байланыс сигналы бұл қоршаулардан шынымен өте алмай ма?» деген сұраққа ол «Пойдет» деп жауап берді.
Полковник Шотаевтың айтуынша, бұрын тұтқындар ұялы телефонмен өздерін азаптап жатқанын хабарлап қана қоймай, видеосюжеттер де жіберетін. Соңғы жылдары Қарағанды түрмелерінде азаптау оқиғалары болмаған.
Егер ұялы телефонмен сөйлесуге заң жүзінде тыйым салынса, тұтқындардың туыстарымен телефон арқылы сөйлесу тәртібі қалай реттеледі? Ережеге сәйкес, жалпы тәртіптегі түрмеде отырған тұтқындардың телефонмен еркін сөйлесуіне болады. Колониядағы аппаратты пайдалану үшін тұтқынның таксофон картасы болуы тиіс. Тұтқын оны банк картасындағы ақшасына сатып алады.
Ал іс жүзіндегі жағдай қандай? Құқық қорғаушылардың айтуынша, «саяси тұтқындар» деп аталған адамдардың туыстары «телефонмен сөйлестірмейді» деп жиі шағымданады. Мысалы, 18 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан диссидент Арон Едігеевтің (лақап аты – Арон Атабек) туыстары «Ол Қарағанды абақтысында уақытша отыр деп естідік, бірақ соңғы екі ай бойы хабар ала алмай отырмыз» деп шағымданады.
«Арон Атабектің таксофон арқылы еркін сөйлесуіне бола ма?» деген сұраққа полковник Қабдырахман Шотаев «Қатаң режимдегі түрмеде отырғандықтан, оның мұндай құқығы жоқ. Бірақ мекеме бастығы рұқсат етсе, кейде таксофон арқылы сөйлесуіне болады» деп жауап берді.
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ЖӘНЕ ЖАРИЯЛЫЛЫҚ
Азаматтық белсенді Руслан Оздоев - 2011 жылдың қарашасында Қарағанды облысы түрмелерінің бірінде азаптаудан қаза болған Шәміл Ярославлевтің інісі. Ол тұтқындардың құқығын қорғаумен 2000-жылдардан бері айналысады. Оздоев ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ұсынған тәсілдің тиімділігіне сенбейді.
- Сондай арнайы дуалмен қоршалған түрмеде отырған тұтқындар кеше ғана маған телефон соқты. Соған қарағанда, ішкі істер министрінің депутаттарға айтқан қоршаулары тұтқындардың телефонмен сөйлесуіне мүлде тосқауыл бола алмайды, - дейді Руслан Оздоев.
Руслан Оздоев Қарағанды облысы Долинка кентіндегі қатаң тәртіпті түрмеде азаптаудан қаза болған Шәміл Ярославлев ісі сотында куәгер болған тұтқынның сотта берген жауабын да мысалға келтіреді.
- Ол түрмеде де «заглушкалар» тұрған, дуалмен де қоршай бастаған. Әлгі тұтқынның айтуынша, түрме қызметкерлерінің бірі Шәмілді азаптап жатқан карантин бөлмесінен жүгіріп шығып, сигнал ұстайтын жерді тауып, біреумен телефонмен сөйлескен. Сөйлесіп болып, қайтадан жүгіріп кіріп «Қанеки, мына жерді тазалап жуыңдар!» деген. Ол сырттағы біреуден нұсқау алғаны анық. Әлгі телефон қоңырауларын іске тіркеу туралы өтінішімді сотта қабылдамай қойды. Сондықтан тұтқындар ұялы телефон ұстайтын жерді кез келген түрмеден таба алады. Ал түрме қызметкеріне тіпті оңай, - дейді Руслан Оздоев.
Оның айтуынша, ұялы телефон осы кезге дейін тұтқындарды түрме әкімшілігі бассыздығынан сәл де болса қорғап келе жатқан. Ереже бойынша, қысым көрген тұтқын арнайы прокурорларға ғана шағымдана алады. Руслан Оздоев «бірақ, неге екені белгісіз, тұтқыннан түскен шағым бірден түрме басшылығына мәлім болады да, шағымданған тұтқынның өмірі нағыз тозаққа айналады» дейді.
«Тұтқындардың таксофон арқылы сөйлесуіне шектеу қойылмайды» деген ережеге қатысты Руслан Оздоев «шын мәнінде, тұтқындарға берілген бұл құқықты түрме «белсенділері», яғни түрме басшылығының бейресми ассистенттері ғана пайдалана алады» дейді.
Оның пікірінше, ішкі істер министрлігінің тұтқындардың ұялы телефон ұстауына қарсы «бітпейтін» күресі - коррупцияның көрінісі, яғни таусылмайтын науқандарға мемлекеттен ақша алудың бір амалы. Оның айтуынша, ұялы телефондар түрмеге сәлемдемемен (ІІМ онымен де күресіп жатыр) келмейді, оларды ақысын төлеген тұтқынға түрме қызметкерлерінің өздері әкеліп береді.