Биыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мақсатында 2012-2022 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Бірақ спорт маманы «балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін алдымен ұлттық құраманы жөнге келтіру керек» дейді.
Марлен есімді азаматтың Алматыдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол клубына баласын әкеліп жүргеніне біраз болыпты.
– Балам әлі жас. Бірақ спорттың осы түріне қызығып, «барамын, барамын» деген соң ең әуелі жаттықтырушы іздедім. Сұрастыра келе тәжірибелі жаттықтырушы ретінде Бауыржан Сәрсекеновті таңдадық. Енді қарап отырсам, Бауыржан тек жаттықтырушы ғана емес, әрі менеджер, әрі бухалтер болып та істейді екен.
Өйткені балалар футболына арнайы бөлінген қаражат, ойын немесе жаттығу алаңы жоқ. Сондықтан ол кісі әуелі бала жинайды, онан кейін жаттығатын алаң іздейді, сосын есептесіп, жалға алу ақысын келіседі. Менің түсінігімде, жаттықтырушы – тек жаттықтырумен айналысып, басқа мәселелерді футбол комитеті немесе қалалық әкімшілік шешуге тиіс қой. Ал біресе ананы, біресе мынаны ойлап жүрген жаттықтырушыдан қалай нәтиже күте аласың, – дейді Марлен.
«2000 БАЛАҒА – 70 ЖАТТЫҚТЫРУШЫ»
Азаттық тілшілері футбол алаңына барған сәтте жаттықтырушы Бауыржан Сәрсекенов балалардың ойынын бақылап отыр екен.
– Биылдан бастап Алматы қалалық балалар мен жасөспірімдердің футбол лигасын құрдық. Әрине, 2012-2022 жылдарға арналған бағдарламаны қазір қолға алып жатыр ғой. Бағдарлама бойынша 2020-жылдары қазақстандық жасөспірімдер футбол командасы европалық командалармен терезесі тең ойнауға тиіс. Бірақ бұл мүмкін емес, – дейді Бауыржан Сәрсекенов.
Ол бізге «Неге?» деп сауал қойып алды да, оған өзі жауап берді:
– Европаның, оның ішінде Англия мен Германияның футбол командаларын алайықшы. Олар – жеке-жеке завод. Олар сатылап көтеріледі. Бізге де сондай пирамида құру қажет. Яғни балаларды жас-жасымен ойнату керек. 10 жастағы балалар бөлек, 14 жастағы балалар бөлек дегендей. Бірақ бұл – қаржы шешетін нәрсе. Ал бізге ондай қаражатты кім береді? Міне, бүгін балалардың екі футбол командасы өзара ойын өткізіп жатыр. Ал осы ойын алаңына төленетін аренданың ақысын ата-аналар қалтасынан шығарады. «Бүгінгі балалар футболы қандай?» деген сұрақ қойса, «үш» деп жауап берер едім. Себебі 2 миллионға жуық халық тұратын Алматыда 2 мың бала ғана футболға келеді. Бар-жоғы 70 қана жаттықтырушы бармыз.
Бауыржан Сәрсекеновтің айтуынша, облыс орталықтарында футбол ойнайтын бала түгілі ойын алаңы да жоқ.
– Алматының жағдайы мынау. Ал облыстардың кейбіреуінде «Балалар футбол орталығы» дегендер бар. Бірақ бұл аты ғана. Ал заты туралы айта алмаймын, – дейді.
«АЛДЫМЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫ ЖӨНГЕ КЕЛТІРУ КЕРЕК»
Алматы қалалық балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының жетекшісі Бауыржан Сәрсекеновтің жаттықтырушылық қызметпен айналысқанына 32 жыл болыпты.
– Бізге ешкім көмектеспейді. Демеушілер табамыз, ата-аналар қол ұшын созады, таныстардан сұраймыз, – дейді Бауыржан Сәрсекенов.
Оның пікірінше, «Баспасөз беттерінде қазақ футболшыларының жоқ екендігі жиі айтылады. Ауылдық жерлерде талантты балалар бар. Бірақ жағдай жоқ. Үлкен қала Алматының өзінде қайыршының күйін кешіп жүргенде ауылдық жерден қандай үміт күте аласың».
– Лига құрылғалы балаларға арнап киімдер алып, шетелден мамандар тартылып жатыр. Бұл әйтеуір жоқтан жақсы ғой. Мәселен, осы уақытқа дейін жылына төрт-бес ойын ғана өткізетінбіз. Биыл 14 ойын өткізбекпіз. Бұл да болса лига құрудың арқасында жеткен жетістік, – дейді жаттықтырушы Бауыржан Сәрсекенов.
Бауыржан Сәрсекенов шетелден жаттықтырушы шақыруға қатысты пікірін де айтты.
– Балалар футболына шетелден тренер шақырып жатырмыз. Олар келеді де «бүйте саламыз, сүйте саламыз» дейді. Бірақ база жоқ жерде оны істей алмайды ғой. Мәселен, біздің бірінші лигада ойнайтын – 14 команда. «Қайсарда» – Гагай, «Қайратта» – Огай, «Жетісуда» – Серік Абдуәлиев, «Ертісте» – Талғат Байсуфинов. Қалған он команданың жаттықтырушысы түгелімен шетелден шақырылған, – дейді жаттықтырушы.
Бауыржан Сәрсекеновтің ойынша, «Балалар мен жасөспірімдердің футболын жетілдіру үшін алдымен ұлттық құраманы жөнге келтіру керек. Сонда ғана балалар алдындағы ағаларын үлгі тұтып, соның ойынан қарап өседі. Ал үлкендер өз ішімізден әрі аса алмай жүргенде кейінгілер кімге қарап жетіледі».