Қазақстанда «Журналистер этикасы» кодексі қабылданды. Кейбір мамандар мұндай құжаттың ақпарат министрлігі жоқ елге жарасатынын айтады.
Қазанның 30-ы күні Астанада журналистер одағының басшылығы мен бас редакторлар клубының отырысында бұл кодексті таныстырушылар оның «журналиске моральдық-этикалық бағыт-бағдар беретін, өзін-өзі қалай ұстауын айқындайтын, журналист пен бұқаралық ақпарат құралдары ұйымына деген құрмет пен сенімді қалыптастыруға жағдай жасайтын» құжат екенін айтты.
ПРЕЗИДЕНТ НҰСҚАУЫ МЕН «ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НҰСҚАСЫ»
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 10 шілдеде жариялаған «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» деген бағдарламалық мақаласында журналистік этика кодексінің жобасын құрастыруға нұсқау берген еді.
Бұл міндет мәдениет және ақпарат министрлігіне, журналистердің қоғамдық ұйымдарына жүктелген. Құжатты дайындауға қатысқан адамдардың бірі, Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейітқазы Матаевтың айтуынша, «кодексті жазуға Қазақстанның журналистер одағының тікелей қатысы жоқ – одақ тек мәдениет және
ақпарат министрлігіне 2002 жылдан бері қабылдауға тырысқан кодекстің бірнеше нұсқасын ғана берген».
– Министрлік те, журналистік қауымдастық та өз нұсқасын ұсынды. Аяғында біздің нұсқа – журналистік қауымдастық ұсынған нұсқа қабылданды. Соңғы сәтке дейін талқыладық. Біздің барлық ескерту мен ұсынысымыз қабылданды. Ал келіспеген тұстары мүлдеп алынып тасталды. Мәселен, «кодекс ережелері Қазақстанда тіркелген шет елдік БАҚ-қа да қатысты» деген тұсын алып тастадық. Бұл – қазақстандық журналистердің ережесі. «Журналист ақпарат көзіне қысым жасамай, ақпаратты заңды жолмен алуы тиіс» дегеннен кейін «ақпарат берушіге ешқандай сыйақы бермеуі тиіс» деп көрсетілген. Біз соңғысын алып тастадық. Мәселен, егер маған жақсы біреу ақпарат берсе, мен ол адаммен неге ризалығымды білдіріп, мәселен, бірге отырып сыра іше алмаймын? – деді Сейітқазы Матаев.
«АР-ҰЖДАННЫҢ КӨРСЕТКІШІ»
Журналистер кодексі преамбуладан, негізгі мәтіннің сегіз тарауы мен қорытынды бөлімнен тұрады.
Преамбулада «кодекс журналистердің ішкі тәртібі мен моральдық-этикалық бағдары екені», оны құрастырушылар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясын, БҰҰ-ның дүниежүзілік баспасөз еркіндігі хартиясын, Қазақстан конституциясы мен оның заңдарын басшылыққа алғаны» жазылған.
Мәтіннің негізгі бөлімінде «кәсіби парыз, әлеуметтік жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, шынайлық, ақпарат көздері мен құпиялылық, жеке өмірді құрметтеу, ар-абырой, іскерлік бедел, бәсекелестік пен ынтымақтастық, қорғау және жауапкершілік» деген ұғымдар сөз болады.
Кодекс бойынша, «журналист Қазақстан заңын мойындайды және заңбұзушылыққа жол берсе, бар жауапкершілік өзінде екендігін сезінеді, дегенмен кодексте көрсетілген ережелер журналисті сотқа тартуға негіз бола алмайды».
Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейітқазы Матаевтың пікірінше, «кодекс ережелерін орындау – журналистің ар-ұжданының көрсеткіші».
– Кодекс ережелерін орындау мен бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Бұл біздің ішкі құжатымыз. Бұл алдымен жас журналистерге бағытталып отыр. Бұл адамгершілік бағыт-бағдары, – деді Сейітқазы МатаевАзаттық тілшісіне.
«КЕРЕГІ ЖОҚ ҚҰЖАТ»
Журналист Лұқпан Ахмедьяровтың ойынша, «бұл құжат мүлдем қажет емес».
– Қазақстан – журналистер қызметі бір емес бірнеше заңмен реттелетін бірлі-жарым мемлекеттер қатарында. «Тұңғыш президент туралы» сияқты түрлі заңдар бар, енді
міне тағы бір құжатты «қыстырып» қойды. Бұл журналистке қалай жұмыс істеу қажет екенін көрсетудің бір жолы. Әдетте мұндаймен мемлекеттік шенеуніктер айналысады. Мен мұның барлығын бастап жүрген шенеуніктер мен «Нұр Отан» депутаттарына құлақ асқым келмейді. Оның үстіне журналист қызметіне қатысты кез-келген заң немесе заңдық күші бар құжатты даярлау барысында журналист қауымының пікірін ешқашан елеген емес, сондықтан олардың айтқанын мен неге елеуім керек? – деді журналист.
Оның сөзінше, «Қазақстан журналистерінің барлығы дерлік өз жұмысына адал, ақыл-есі түзу, этиканы сақтайды».
– Әрине, кейде журналист қателеседі, бірақ ешқашан әдейі өтірік айтпайды. «Журналист алауыздықты да әдейі тудырады» деген сөз де – далбаса, – деді журналист Лұқпан Ахмедьяров.
Лұқпан Ахмедьяровтың «субъективтік пікірі» – «қазіргі Қазақстанның жағдайында нағыз журналист әрдайым билікке сыни көзқараста болуы тиіс».
«БҰЛ КОДЕКС ТЕ ҰМЫТЫЛАР»
2010 жылы өзінің саяси көзқарасы үшін қуғынға ұшыраған қаламгерлерге берілетін Хеллман-Хаммет сыйлығына ие болған журналист Алмас Көшербаевтың ойынша, «бұл құжат тек журналист этикасының сақталуы мақсатында ғана қажет».
– Біз Ұлыбританиядағыдай (жекелеген газеттер жұлдыздар немесе өзге де белгілі адамдардың телефонмен болған әңгімесін тыңдау сияқты) жағдайға жол бермеуіміз
керек. Қазақстанда журналистердің этикасы болған емес, тек әр журналист өзінің ішкі сана-сезімімен, этикасының деңгейінде қызмет етіп келді, – деді ол.
Қазақстандағы сөз бостандығын бақылаушы «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калееваның ойынша, «елде мұндай этикалық кодекстерді қабылдағанмен, оны сақтауға ешқандай мүмкіндік жоқ».
– Кез келген «жағымсыз» мақала үшін қылмыстық жауапқа тартатын біздің Қазақстанда бұл құжат жұмыс істемейді. Сондықтан бұл кодекс біраз уақыттан кейін шаң басып, ұмыт болып қалары сөзсіз, – дейді ол.
Тамара Калееваның сөзінше, мұндай кодекс «ақпарат министрлігі жоқ, ақпарат құралдары туралы заңы жоқ, басшылыққа бағынбайтын, шынайы тәуелсіз ақпарат құралдары және либералды заңдары бар мемлекетте ғана жұмыс істейді».