«Бейбіт жиын мен шеру туралы заң қазіргі заман талабына жауап бере алмайды, конституция мен халықаралық пактілерге де сай емес» дейді оппозиция белсенділері. Олардың ойынша, биліктің өзі халықты «араб көктеміне» итермелеп отыр. Ал Қазақстан президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев бұл пікірлерді жоққа шығарады.
25 ақпан күні Қазақстанның Алматы және өзге де бірқатар қалаларында «Қарсылық күні» деп аталған бейбіт наразылық шеруі өтті.
Алматыда митинг басталмастан бұрын «Азат» ЖСДП жетекшілері Болат Әбілов пен Әмржан Қосанов тұтқындалып, олар екінші қайтара 15 күнге қамалды.
Алматыда өткен бейбіт наразылық митингісі кезінде сөйлеген белсенділер билікті сынға алды.
«ЖАЗАЛАУ – ЗАҢҒА САЙ, БІРАҚ ЗАҢ – КОНСТИТУЦИЯҒА ҚАЙШЫ»
Тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың пікірінше, «акцияға қатысқандарды жазалаған биліктің әрекеті – қалай болғанда да заңға сыйымды». Дәлірек айтқанда, бұл «Қазақстан Республикасында бейбіт демонстарция мен пикет, шеру мен митинг, бейбіт жиын өткізудің тәртібі туралы» заңға сәйкес келеді.
– Бірақ бұл заң Қазақстан қоғамында әлдеқашан анахронизмге айналған. Өйткені
Оның айтуынша, мұның бәріне қоса Қазақстан адамдардың азаматтық және саяси құқығына қатысты Халықаралық пактіні ратификациялаған. Онда жария акция өткізудің тәртібі мен принциптері белгіленген.
Бұл пікірмен заң ғылымының докторы, профессор Қабдулсамих Айтхожин да келіседі. «Қазақстан билігі сөз жүзінде бәрін дұрыс істеп отыр, бірақ елдегі заңдылықтар халықаралық стандартқа сәйкес келмейді» дейді ол.
Айтхожин Қазақстан ратификациялаған халықаралық пактілер Қазақстаннның заңдарына қарағанда, адам құқығына қатысты басымдылық танытатынына сенімді. Бірақ, оның пікірінше, Қазақстанда заңдардың орындалуында үлкен кемшілік бар. «Мұндай жағдай билік қоғаммен ашық әңгімеге бармаған жағдайда туындайды» дейді ол.
Қазақстанда азаматтық қоғам мен биліктің арасында саяси диалог жоқ.
Бейбіт демонстрациялар мен шерулер, митингі мен бейбіт жиындар өткізудің тәртібі туралы заң жобасына оппозициялық «Азат» партиясы да, құқық қорғаушы Евгений Жовтистің тобы да ұсыныстарын айтқан еді. Бірақ билік бұл ұсыныстарды қабылдамай тастаған.
– Қазақстанда азаматтық қоғам мен биліктің арасында саяси диалог жоқ. Қазір біз душар болған барлық қиындықтар, оның ішінде заң мен саясаттағы қиындықтар осының кесірінен шығып отыр, – дейді Қабдулсамих Айтхожин.
БИЛІК ПЕН «АРАБ КӨКТЕМІ»
Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы, қазір «Азат» ЖСДП жетекшілерінің бірі Балташ Тұрсымбаевтың айтуынша, конституция адамдардың саяси және азаматтық құқығы мен сөз еркіндігінің кепілдігі болуы тиіс.
– Бірақ конституция мен Қазақстан заңдарының арасында өзара үйлесімдік жоқ. Заң атаулы көп ретте ең негізгі заң – конституцияға қайшы келеді, – дейді ол.
Балташ Тұрсымбаевтың ойынша, мұның басты себебі – Ақорданың тапсырмасымен
– 28 қаңтар және 25 ақпан күні өткен наразылық митингілері Ақорданың жоспары бойынша өткен парламент сайлауының қорытындысына қатысты болды, – дейді Балташ Тұрсымбаев.
Алматыда халық наразылығын таныту үшін бейбіт түрде шеруге шыққанда билік оған қатысушыларды жаппай ұстап, полиция учаскелеріне алып кетті. Оппозицияның кейбір жетекшілері митингіге жеткізбей, үйлерінен шыққан бетте тұтқындады.
Балташ Тұрсымбаевтың пікірінше, биліктің мұндай әрекеті халықты «араб көктеміне» итермелейді. Оның айтуынша, ақпанның 25-і күні митингіге келгендер – мүлде жаңа толқын, олар негізінен жастар – негізінен блогерлер және әлеуметтік жүйе өкілдері.
Балташ Тұрсымбаев «бар мәселені бейбіт түрде шешуге және халықтың конституциялық құқын пайдаланып, алаңға шығуына, жиналып, өз ойларын ашық айтуға, сөйтіп іштегі шерді тарқатуға мүмкіндік беруге болады» деп ойлайды.
«МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ»
Қазақстан президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев конституциядағы адамдардың қарусыз, бейбіт түрде шеру өткізуге құқы бар екені туралы айтылған 32-бапқа түсініктеме бере келіп, конституция мен 1995 жылы наурыздың 17-сі жарық көрген заңның арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ дегенді айтады.
– Билік конституцияны да, 1995 жылғы 17 наурыздағы заңды да бұзып отырған
Ермұхамет Ертісбаевтың ойынша, «адамдардың азаматтық және саяси құқығына қатысты аталған заңның халықаралық пактілерге сай келу-келмеуі – даулы мәселе».
Журналист Сергей Дуванов Ермұхамет Ертісбаевтың бұл сөзіне орай:
– Тротуарға да шықпай, алаңда болмаса театр алдына бейбіт түрде жиналған адамдар қалай ұлттық қауіпсіздікке, балаларға, қандай денсаулық сақтау немесе мәдени мекемеге қауіп төндіруі мүмкін? – деп сұрады. Одан соң: – Бұл жерде билік жағдайды ушықтырып көрсеткісі келеді, – деп, өз сауалына өзі жауап берді.
Оның ойынша, «егер бейбіт жиын мен митингіге тосқауыл қою керек болса, Лондонда да тосқауыл қойған болар еді. Бірақ Лондонда митинг өткізу керек болса, бұған ешкім де қарсы болмайды».
– Митингіге рұқсат етпеген кез-келген шенеунік үлкен жауапкершілікте тартылады. Өйткені дамыған ке- келген елде бейбіт жиынға орын бар. Бұл, тіпті, Ұлыбританияның өзінде де солай, – дейді Сергей Дуванов.
Азаттық радиосының осы тақырыптағы дөңгелек үстелі хабарын тыңдаңыз:
Your browser doesn’t support HTML5