Accessibility links

"Қарсылық жиынына" қатысты қамалғандар аштық жариялады


«Қарсылық күні» өткен жиын
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:03 0:00

«Қарсылық күні» өткен жиын

Ақпанның 25-і Алматыдағы Абай ескерткіші маңындағы "Қарсылық жиынына" бірнеше жүз адам жиналды. Сөйлеушілер президент Назарбаевтың атына түрлі сын айтып, пікірлерін өлеңмен жеткізіп жатты. Полиция бірқатар белсенділерді қамауға алды.


Бұл жолы полиция күштері Абай ескерткішінің түбімен қоса сол маңдағы алаңқайды да темір шарбақтармен қоршап тастады. Жиын тротуар жиегінде өтті. Жиынның соңына қарай үстеріне оқ өткізбейтін киім киген полиция жасағы жиналғандарды шеңберлене қоршап, жан-жағынан барынша тарылтуға тырысты.

Полиция шеңбер ішіне жиынға жаңадан келген елді кіргізбеуге тырысты. Жиынға келгендердің кейбірі шеңбер сыртында, көшенің қарсы бетінде жиналып тұрды.

ОППОЗИЦИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МИТИНГІГЕ ДЕЙІН-АҚ ҰСТАЛДЫ

Шеру басталардан бір сағат бұрын Азаттық радиосына ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай қамауға алынғаны туралы хабар келіп түсті. Ол бүгін Алматыда Абай ескерткіші түбінде өтетін «Қарсылық жиынына» қатыспақшы болатын.

Бұл турасында Азаттыққа ЖСДП өкілдері хабарлады. Тұяқбайды полиция үйінен келіп ұстап алып кеткен. Азаттық тілшісі хабарласқанда, ол әзірге полиция тарапынан қандай да бір талап қойылмағанын айтқан еді.

"Қарсылық жиыны" тарқағанда полиция қайтуға асықты. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
"Қарсылық жиыны" тарқағанда полиция қайтуға асықты. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.

Осы хабардың ізінше «Общественная позиция» газеті бас редакторының орынбасары Бақытгүл Мәкімбайды да полиция үйінен ұстап әкеткені туралы ақпарат жетті. Азаттық тілшісіне Бақытгүл Мәкімбай да өзінің Медеу аудандық ішкі істер бөлімінде отырғанын, не үшін ұсталғанын түсінбейтінін айтып берді.

Азаттық тілшілері «Қарсылық жиыны» өтетін жер ретінде хабарланған Алматыдағы Абай және Достық даңғылдарының қиылысындағы Абай ескерткішінің төңірегіне жеткенде жиналған халықтың ұйымдастырушыларды күтіп тұрғанын көрді. Өткен жиында Абай ескерткішінің айналасы темір торлармен қоршалса, бұл жолы жиын өткізуге біршама қолайлы «Қазақстан» қонақ үйінің жаны да темір торлармен қоршалыпты. Достық даңғылы бойындағы тротуар шетінде жағалай сап түзеп тұрған полиция қызметкерлері «қарсылық жиынын» өткізуге ыңғайлы тұстың барлығын жауып тастағаны белгілі болды.

Жиналған жұртшылық жиынды ұйымдастырушы белсенділерді полиция біртіндеп алып кетіп жатқанын айтып тұрғанда іле-шала қоғамдық белсенділердің бірі Ризада Жақыпбекті бір топ полиция қызметкерлері автобусқа күштеп салып жатқанын көрдік. Жиналғандар жаппай «Позор! Позор!» деп айғалап тұрып алды. Белсендінің ұсталуына наразылық білдірген бір топ адам онымен ілесе кетті. Арада 15-20 минуттан соң босатылған Ризада Жақыпбек жұртшылыққа қайта оралды.

Жиынды ұйымдастырушы белсенділердің жоқтығына байланысты жиналған жұртшылық тротуар шетінде бос орындарға топтасып тұра бастады. Жұртшылықтың қарасы уақыт өткен сайын көбейе берді. Басқа жиындардағыдай емес бұл жолы микрофон да, мінбер де болмағандықтан олар әр жерден дауыс көтеріп айғайлай бастады.
"Қарсылық жиынына" қатысуға келгендердің бір тобы. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
"Қарсылық жиынына" қатысуға келгендердің бір тобы. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.

Арасынан суырылып шыққан кейбіреулері билікке наразылығын білдіріп, микрофонсыз-ақ қатты айғайлап сөйлеуге көшті. «Бұлай өмір сүруге болмайды, өзгеріс керек» деген ұрандарды басқа жұртшылық та іле кетіп, «Өзгеріс! Өзгеріс!» деп дауыс көтерді.

«ҚҰТҚАРАМЫЗ БА, ЖОҚ ПА?»

Осы кезде Ризада Жақыпбек жұрт назарын аударып, полицияның таңертең ЖСДП жетекшілерін жаппай қамауға алғанын, бірақ жұртттың бәрін қамап тастай алмайтынын жеткізді. Ол Желтоқсан оқиғасынан Жаңаөзен оқиғасына дейін елдегі саяси оқиғалардың бәрін тізе келе, «қашанғы ұйықтай береміз?» деген сауал тастады.

Сонымен қатар Ризада Жақып пен тағы да басқа шығып сөйлеген жұртшылық өкілдері «қамауға алынған белсенділерді босатсын деп талап қойып, Медеу аудандық ішкі істер бөліміне барайық» деген ұсыныс тастаған еді. Көпшілік бұл ұсынысты қолдап жатты.
"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған Ризада Жақыпбек. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған Ризада Жақыпбек. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.

Дәл осы кезде жиналғандар арасына келген «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай сөз алды. Танымал белсенділерден ешкімді көре алмай тұрған жұртшылықтың Рысбек Сәрсенбай келгенде серпіліп қалғаны байқалды.

- Бүгін митингі өтуі керек еді. Сіздер соған жиналдыңыздар. Бірақ митингіні ұйымдастыратын, өткізетін азаматтардың барлығын - Болат Әбілевті, Жармахан Тұяқбайды, Әміржан Қосановты, Әмірбек Тоғысовты, Ермұрат Бапиді, тағы басқаларын ішкі істер бөліміне алып кетті. Ондағы мақсаттары - митинг өтпесін дегені. Бірақ осы жиналғандарыңыздың өзі митингі! - деді ол.

Рысбек Сәрсенбай сонымен қатар Жаңаөзенге барған қоғамдық комиссия жұмысын айта келе, «билік Жаңаөзендегі қылмысының ашылып қалуынан қорыққандықтан жиын өткізуге рұқсат бермей отыр», «аудандық ішкі істер бөліміне шеру жасап барудың қажеті жоқ, билік оларды онсыз да босатады, бізге Болат Әбілевтердің өзі осылай деп хабарлады» деп тоқтады. Осылайша «Медеу аудандық ішкі істер бөліміне бару, бармау мәселесі» шығып сөйлегендер мен жиналғандарды екіұдай қылып қойды.

Қайта сөйлеген Ризада Жақыпбек қоғамдық белсенділерді қазір барып алып кетпесек, оларды тағы да қамап тастауы мүмкін деген еді. Ал Рысбек Сәрсенбай болса «егер билік аталған адамдарды тағы да соттап, түрмеге отырғызатын болса онда біз мемлекетке бағынбау жөнінде әрекет жасайтынымызды ескертеміз! Қазір ешқандай заңбұзушылық болмасын, арандап қалмайық!» деген ұран тастады.
"Қарсылық жиынына" келгендерді бақылап тұрған полиция. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
"Қарсылық жиынына" келгендерді бақылап тұрған полиция. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.

Алайда топ арасынан «қашанғы ескерте береміз, ескертіп болдық қой» деген айғайлар естілді. Ақыры жұртшылық полиция тұтқындалғандарды сағат 2-ге дейін босатсын, әйтпесе осы жерден кетпейміз не болмаса сонда барамыз деп уағдаласты.

Осыдан кейін «Азат» ЖСДП мүшесі Болат Әбішев, «Азат» ЖСДП-ның мүшесі Совет одағының батыры Николай Кремениш, тағы да басқа еріктілер кезекпен сөйлеп, «Шындық біздің жақта, біз жеңеміз» деп жатты.

Бүгінгі жиында жұртшылық арасынан өздігінен ортаға шығып сөйлеушілер көп болды. Қолдарында дауыс күшейткіштері болмаса да, бар дауысымен айғайлап сөйлегендерді ізінше полиция сүйретіп апарып, көліктеріне салып әкетті.

«Назарбаев кет!» деген тағы бір шешенді сөзін аяқтамай-ақ жұрт алдынан СОБР жасағы сүйреп алып кетті.

«АЙТШЫ, ҚАНЕ, НҰРСҰЛТАН!»

Сөйлеушілер тізімі алдын ала бекітілмеген жиында бұрын көпшілікке аса таныла қоймаған адамдар да бой көрсетті. Әсіресе өзін Оқап Мұқажанұлы деп таныстырған ақынның «Айтшы, қане Нұрсұлтан!» деген өлеңін жұртшылық айрықша ықыласпен тыңдап, қайта қайта қошеметтеп тұрды.

please wait

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00
Жүктеп алу

Жіңішке темір шарбақтың үстіне шығып, жан-жағындағы адамдардың сүйемелдеуімен тұрған Оқап Мұқажанұлы:

Ей, Нұрсұлтан, Нұрсұлтан,
Бар байлығын қазақтың ашып беріп жатырсың,
Үстемесін алам деп шашып беріп жатырсың,
Шетелдердің мусорын тасып беріп жатырсың,
Өлілерді тірілтіп, тірілерді өлтіріп,
Асын беріп жатырсың,
Алашағын қазақтың қайда беріп жатырсың?
Қайыр сұрап қазақ жүр,
Неге көрмей жатырсың?
Төбеде тұрып хан ием,
Төмен жақты білмейсің
Көреген болса көзіңіз
Мұны неғып неге көрмейсіз?
Шығып алып биікке,
Сай саланы білмейсіз!
Байға беріп билікті,
Кедейлерге өл дейсіз!,-деп басталатын өлеңі:

Кетсе кетер жұмыр бас,
Тілімді менің кеспессіз
Арзан адам емессіз,
Арыңа сіздің тимеймін
Айтшы, қане, Нұрсұлтан
Еліме неге күймеймін?
Осындай болса қоғамым,
Сүймеймін-ау, сүймеймін!-деп аяқталғанда жиналғандар ақынға ризашылықтарын білдірді. Оқап Мұқажанұлы мұнан кейін тағы да шығып сөйлеп, Махамбеттің өлеңін оқыды да, Қазақстан президентіне арнаған сыни өлеңін жыр мақамына салып айтты.
"Қарсылық жиынына" қатысушылардың бірі сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
"Қарсылық жиынына" қатысушылардың бірі сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.

Ұйымдастырушылары жоқ болса да, тарамай тұрып алған көпшілікті полиция күштері түрлі әдістер қолданып топ-топқа бөліп тастап жатқаны байқалды. Полиция жетекшілері телефон арқылы сөйлегендерді қалай тұтқындау жөнінде нұсқау беріп жатқаны естіліп тұрды.

Бөлініп кеткен жиын арасында сөйлеушілер сонда да тоқтаған жоқ. Қоғамдық белсенді Инга Иманбай бастаған тағы да бірқатар белсенді жастар шығып, биліктің әрекетіне наразылықтарын білдірді.

Жиын соңына қарай жұртшылық ақыры Медеу аудандық ішкі істер бөліміне әкетілгендерді шығарып алу үшін топ болып орнынан қозғалған еді. Бірақ сақадай-сай тұрған полиция күштері оларды ұзаққа жібермей, жолдарына шеп құрап тосқауыл қойды да бастаушыларын полиция көлігіне күштеп салып әкетті.

«ЖИЫНДЫ КІМ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ?»


Азаттық радиосының тілшісі осы жиын кезінде «Азат» ЖСДП-ның мүшесі бұрынғы парламент мәжілісінің депутаты Болат Әбішевті сөзге тартқан еді.
"Қарсылық жиынынан" көрініс. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
"Қарсылық жиынынан" көрініс. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.

Болат Әбішев партия жетекшілерінің ішкі істер бөліміне не себептен әкетілгенін түсіне алмай тұрғанын жеткізді. Өйткені бұл жиынды ұйымдастырушы «Азат» партиясы емес, қоғамдық ұйымдар болатын. Егер «Азат» партиясы ұйымдастырса, онда партияны жауып тастауға дейін баруы мүмкін болғадықтан бұл жиынды ұйымдастыруды қоғамдық ұйымдар мойнына алған еді,- дейді ол.

Жиын аяқталғаннан кейін де Азаттық радиосына «жиында сөйлегендерді жолдан ұстап алып кетіп жатыр» деген хабарлар түсті. Сонымен қатар «Азат» ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбайды да полиция үш жарым сағат ұстап, ескерту беріп босатқаны туралы ақпарат келді.

«Сенбі күні Алматыдағы жиынды өткізуге еркін ойлы азаматтардың өздері мұрындық болды, билік рұқсат етілмеген жиынды ұйымдастырушы деп ЖСДП-ға кінә тақпақшы, біз онымен келіспейміз» деді Жармахан Тұяқбай Азаттық радиосына берген сұқбатында.

Ал Әміржан Қосанов, Болат Әбілев, Бақытжан Төреғожина, Ермұрат Бапи және Бақыткүл Мәкімбайлардың Алматының әкімшілік ауданаралық сотында отырғаны белгілі болды. Осы ақпарат жазылып болған кезде «Азат» ЖСДП баспасөз қызметі Болат Әбілев пен Әміржан Қосановты 15 тәулікке қамауға алу, қалған үшеуіне 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу жөнінде сот шешімі шықққанын хабарлады.

Болат Әбілев пен Әміржан Қосанов сот шешіміне наразылық ретінде аштық жариялағанын және жиын кезінде ұсталған тағы да 30 қаралы адамның үстінен сот процесі жүріп жатқанын хабарлады.

Осымен қарсылық шеруі екінші рет өтіп отыр. Бұған дейін қаңтардың 28-інде өткен митингіге мыңға жуық адам келген еді. Онда жиналғандар сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзендегі полиция күштерінің оқ атуын айыптаған болатын.

Шеруде сөйлегендер тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловты, «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді, қоғамдық белсенділер Серік Сапарғали мен Айжангүл Әмірованы, Болат Атабаевты заңсыз қудалауды тоқтатуды талап етті.

"Қарсылық жиынына" қатысушылар сөз сөйлеп тұр, Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
"Қарсылық жиынына" қатысушылар сөз сөйлеп тұр, Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.

Алдыңғы шеруде «Кедендік одаққа қарсымыз, авторитарлы Путин мен Лукашенколармен бірге өмір сүргіміз келмейді», «Ел тағдырын бір адам емес халықтың өзі шешсін», «90-шы жылдары жекешелендірілген ірі кәсіпорындар мемлекетке қайтарылсын», «Жаңаөзендегі қарапайым халыққа оқ ату – қылмыстың қылмысы» Қаншама халықты қырғызып қойып қарап отырмайық» деген ұрандар көтерілген еді. Қаңтардың 28-інде өткен алғашқы қарсылық шеруі тыныш аяқталғанымен, оппозицияның кейбір жетекшілері әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматыда ақпанның 25-і күні өткен жиынның толық видеосы:

XS
SM
MD
LG