Рахат Әлиев «Өкіл қайын атаның» қолжазбасын ол кітапты шығармау үшін бар күшін салған президент Назарбаевқа жолдағанмын дейді. Ал бұрынғы қайын атасы оның алдында Мұхтар Әлиев арқылы өсиетін айтып жіберген екен. Бұрынғы туыстар тіл табыса алмады, кітап шығып кетті.
ЕНДІ ОЛ ҚАЗАҚ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨМІРБАЯНШЫСЫ ДА
Рахат Әлиевтің аты аталғанда «Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы» деген атау оның мамандығы немесе дәрежесі тәрізді қоса айтылатын болды.
Алайда, Рахат Әлиевке қуғынға түскелі бері сұмпайы мен баскесерден, жендет пен сатқынға дейінгі толып жатқан басқа да жанама аттар жапсырылуда.
Енді оған Қазақстан президентінің өмірбаяншысы және оның толып жатқан малайларының жағымсыз қылықтарының жылнамашысы деген анықтама қосылды.
«Өкіл қайын ата» кітабы Әлиевтің тартпасынан жарыққа екі тілде – орыс және неміс тілдерінде шықты. Қазақстанның орыс-неміс қауымдастығының тапсырысы арқылы шықты дегендей мазаққа бейім тұр.
Кітап туралы, әсіресе оны оқымағандармен сөйлесу қиындау. Бұл ел басшылығымен байланысты толып жатқан фактілер мен тарихтың түйіні. Және ол жайында әркім өзінше байлам жасауы керек.
Кітапқа байланысты мен негізінен аутордың нені жазбай кеткенін айтқым келеді. Көлемі де, салмағы да көңіл көншітерлік шығарманың тағдыры шынымен де қыл үстінде тұрды ғой.
КЕШІРІМ ӨТІНГЕН БЕЙНЕТАСПАҒА РАҚЫМШЫЛЫҚТЫ АЙЫРБАСТАМАҚ БОЛДЫ
Кітапты жазып біткен соң Рахат Әлиев оны Астанаға, жоғарыға жіберді. Өйткені, орталықтан Австриядағы астыртын өмірге, президенттен Әлиевке хабарлар келіп тұрды.
Мұндай хабарды өткен жылы Венаға келген оның әкесі Мұхтар Әлиев те ала келді. Қазақстаннан шығар алдында ол Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей кездескен.
Ол сүйкімсіз туысқан өзінің Венадағы «бункерінде» барынша «бетегеден биік, жусаннан аласа» болып отырсын деген сәлемін айтты. Кез-келген жағдайға бола ырылдап, азуын көрсете бермесін деді.
Рақымшылық сұрап, өтініш жазса жақсы болар еді, ал ең жақсысы бұл өтінішті бейнетаспамен беріп жіберсе, ол жақта бір-екі жылдан соң кешірімді ілдебайлаған болар еді.
Рахат Әлиевтің айтуынша, ол Астанадан мұндай өсиеттер мен ескертулерді түрлі формада талай рет алған. Бұған қоса Австрияда оны «аулау» да тоқтаған жоқ.
РАХАТ ӘЛИЕВ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА КЕЛІСІМГЕ КЕЛУДІ ҰСЫНДЫ
Мінеки, Рахат Әлиев те кітабын бітірді. Енді ол біздің Азаттық радиосына айтып берген эксперимент іске қосылды. Енді ол Қазақстандағы жоғарыдағылардың өмір тарихтары туралы жинақпен толықтырып, Астанаға өз ұсынысын жолдауды бастады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа келісімге келуді ұсынды. Өтініштерінің тізімі онша көп болған жоқ.
Оны әділетсіз қуғындағандарын мойындау. Оған қарсы барлық сценарийлер ҰҚК-де шығарылып, ұйымдастырылғанын мойындау.
Күйеуімен табысу үшін оның анасын Австрияға жіберу. Оған өзінің балаларымен кездесуге мүмкіндік беру.
Қолдан ұйымдастырылғандықтан, оған және жалған іс бойынша қуғынға түскен және бүгінгі күні абақтыда жатқан барлық адамдарға шығарылған үкімдерді жою. Жала жабу мен әділетсіз үкімдер мен соттарға қатыстылардың барлығын жазалау.
Бір сөзбен айтқанда, әр өтінішті сарай төңкерісіне тең десе де болады.
Ауыр үнсіздік пайда болды. Осылардың барлығына айырбас ретінде, Рахат Әлиев кітапты өмірге келтірмей-ақ жоюға ұсыныс жасады. Сондықтан, Әлиевтің қолынан шыққан жазбалардың тағдыры біршама уақыт Қазақстан президентінің қолында болды.
Сөйтіп ендігі бір кезеңде ол өзінің бұрынғы туысымен қатерлі де тәуекелді бизнес жасағысы келмеді.
КІТАПТЫ КӘСІПҚОЙЛАР ЗЕРТТЕЙТІН БОЛАДЫ
Бұдан арғысы техниканың ісі еді. Қолжазба баспаханаға беріліп, жарыққа шықты. Енді кітаптың өмірі басталды.
Бұрыннан қалыптасқан сценарий бойынша, бұл кітап Орталық Азия мен бүкіл постсоветтік кеңістіктегі жағдайларды бақылап, талдап отыратын көптеген зерттеуші орталықтарға түседі.
Бірнеше данасы АҚШ Конгресінің кітапханасына түседі. Соған қарамастан, бұл саясат әлемімен қандай да бір байланысы бар кәсіпқойлардың ғылыми-көпшілік қоғамдастығына апарар ашық жол. Және тек сол ғана емес.
Рахат Әлиевтің кітабына түрлі елдердің барлаушы қоғамдастықтары мен әлемдік қаржы жүйесіндегі жемқорлық схемасын бақылаумен айналысатын түрлі мекемелер қызығушылық танытары сөзсіз.
Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабын оқуға мүмкіндік алғандар бірнеше себепке байланысты ашу білдіруі мүмкін. Қандай да бір адамдардың бұған дейін көптеген совет адамдары түскен ыңғайсыз жағдайға қалмағаны өте маңызды.
«Мен кітапты оқыған жоқпын, бірақ оны айыптаймын» деген сөздер естеріңізде болар. Ең жақсысы үндемей қалу, әйтпесе оқып шығып, оны күл-талқан ету.
КІТАП КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ ӨЗДЕРІ АУТОРДЫ ӘШКЕРЕЛЕУГЕ КІРІСУІ МҮМКІН
Рахат Әлиевтің кітабы әшкерелеуші жанрда болғандықтан, болашақта аутордың өзімен байланысты толып жатқан сот тексерулері мен заңға жүгінулердің болатыны жоққа шығарылмайды.
Қазақстандағы көптеген жоғары дәрежелі шенеуніктер, шетелдік және отандық бизнесмендер, президенттік саяси бірлестіктердің басшылары мен оппозициялық партиялардың жетекшілері Рахат Әлиевтің кітабында интригалардың, шексіз қаржылық, бизнестік айла-шарғылардың «қиының» үлкен үймесіне тартылған.
Жазылғандардың барлығы шындыққа сай келсе, кітапта толып жатқан қылмыстардың тарихы келтірілген.
Бұл тарихтардың қатысушылары барлығы бірігіп және әрқайсысы жеке-жеке Рахат Әлиевпен соттасуы мүмкін. Әлденеде өтірік айтып, біреуге жала жапқандай болса, оған да оңай тимек емес.
Бұдан былай Рахат Әлиевтің өзіне Батыс Фемидасының қылышына түсу қаупі бар. Аутордың оғының астында қалғандардың қайсысы болса да (бұл тек Нұрсұлтан Назарбаев қана емес, оның толып жатқан серіктері) бүгіндері Рахат Әлиевтің өзін әшкерелеуге мүмкіндігі бар.
Тасадан келіп, етекке жармаспай, оның қақ маңдайынан ұруға кімнің батылы барар екен? Венаның бұрыш-бұрышында оны аңдымай, нағыз, демократиялық түрде сазайын кім берер екен?