Қазақстанның Қырымға қатысты ұстанымы әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ал сарапшы «Астананың мәлімдемесі Қазақстанның Ресейге тәуелділігі артып бара жатқанын көрсетті» дейді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырымда 16 наурызда өткен, «халықтың 93 пайызы автономиялы республиканың Украинадан бөлініп, Ресейге қосылуын жақтаған» референдумды «халықтың өз қалауын еркін білдіруі» деп сипаттады.
«Қазақстан БҰҰ жарғысына сәйкес халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына өзінің берік ұстанымын тағы да атап өтетінін» ескерткен министрлік 18 наурызда жариялаған мәлімдемесінде «Ресей федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайтынын» айтқан.
«БҰЛ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҰРЫННАН КЕЛЕ ЖАТҚАН САЯСАТЫ»
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның бұл мәлімдемесі жайлы әртүрлі пікір айтылды.
Ресейлік РБК ақпарат компаниясы Facebook парақшасында Астананың Қырым референдумы жайлы көзқарасын хабарлап, «Қазақстан Қырымдағы референдумды «түсінді» деген тақырыппен сілтеме берген еді. Соған пікір
жазған Сергей Р. есімді қолданушы «не иә, не жоқ дегенді білдірмейтін мұндай ұстанымға» наразы болған. Оның жазуынша, «оқиғаның қалай өрбитінін күту, содан соң ғана «дұрыс шешім қабылдау» – Қазақстанның бұрыннан келе жатқан саясаты».
Надежда Жучкова есімді Facebook қолданушы «Қазақстанның жетекшісін түсінуге болады – ұдайы АҚШ пен Ресейдің арасында жан сақтау оңай емес» деп жұбатады.
Ал Ресейдің Украинадағы саясаты жайлы белсенді пікір жазып жүрген қазақстандық Facebook қолданушылары сыртқы істер министрлігінің бұл мәлімдемесін «тек биліктің ғана ұстанымы» деп сипаттайды. Қоғамдық белсенді Серікжан Мәмбетәлиннің жазуынша «Путинді Қазақстан емес, Назарбаев қолдады. Назарбаев пен қазақ халқының мүддесі әртүрлі».
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесін «Ресей саясатын ашық қолдау» ретінде бағалаған кейбір қазақстандық Facebook қолданушылар Украинадағы достарынан әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрап та жатты.
«ТӘУЕЛДІЛІК» ПЕН «ҚАУІП»
Саясаттанушы Расул Жұмалы Қырымда өткен референдум «халықаралық нормаларға да, Украина констиуциясына да қайшы» екенін айта келе:
– Қазақстанның халықаралық құқықтық нормаларды ұстана отырып, Ресейге
түсіністікпен қарауы – түсініксіз. Халықаралық қауымдастық Ресейді айыптап отырғанда, тіпті ТМД-да бірде-бір мемлекет Ресейді қолдап шықпағанда Қазақстан үндемей қалса да болар еді, – дейді.
Расул Жұмалы «Ресей-Грузия қақтығысынан кейін Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз ел ретінде танымаған Қазақстан Ресейдің бұл жолғы одан да өрескел әрекетін қолдаған себебі – Кеден Одағы аясындағы тәуелділікте» деп біледі. Оның айтуынша, бұл мәлімдеме Қазақстан сыртқы саясатының Ресейге тәуелділігі күшейіп бара жатқанын тағы бір рет көрсеткен.
– Қазақстанның барлық мемлекеттермен өзара тиімді ықпалдастық орнатуды меңзейтін көпвекторлы саясаты сөз жүзінде ғана қалған. Қазақстан интеграциялық құрылымдар шеңберінде – Ресейге, қаржы-экономикалық тұрғыдан Қытайға басымдық беруге көшкен, – дейді Расул Жұмалы.
Ал саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Қырымдағы референдум нәтижесі жайлы мәлімдеме жариялауын:
– «Ресей Қазақстанның солтүстік өңірінде Қырымдағыдай әрекет етуі мүмкін»
дейтін қауіп себеп болып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинді қолдайтынын ертерек білдіруге тырысуы мүмкін, – деп түсіндіреді.
Толғанай Үмбетәлиева да сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесін «Ресейді ашық қолдайтын, халықаралық нормаларға қайшы келетін мәлімдеме» деп сипаттайды.
Украина дағдарысы басталғалы Қазақстан осымен екінші рет ресми ұстанымын білдірді. Астана 3 наурызда жасаған мәлімдемесінде де «Украинадағы аз ұлттар құқығын қорғауды көзейтін Ресейдің ұстанымына стратегиялық серіктес ретінде түсіністікпен қарайтынын» айтып, «халықаралық құқық нормаларын» еске алған.
Қазақстан Қырым референдумы жайлы пікірін жариялаған күні Ресей президенті
Владимир Путин Қырымды Ресейге қосу туралы келісімге қол қойды. Қырымды Ресейдің «ажырамас бөлшегі» деп атаған Путин ондағы референдум «демократияға және халықаралық құқық нормаларына сай келетінін», Ресейдің «ресейліктер мен орыс тілді азаматтардың мүдделерін әрқашан қорғайтынын» ескертті.
Ресми Киев «Қырым – Украина территориясы» екенін айтып, онда өткен референдум нәтижесін мойындамайтынын айтты.
АҚШ пен Еуропа Одағы да Қырымдағы референдум Украина конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін, бұл шара Ресей әскерилерінің қысымы мен қорқытуы арқылы өткенін айтып, оны мойындамайтындарын мәлімдеді.