Ресей Қазақстанмен шектесетін аймағында алысқа атылатын зымыран базасын ашады. Сарапшылардың бірі бұл әрекетті «Қазақстанды қорғау» деп білсе, екіншісі «империялық саясат» деп таниды.
«Известия» газеті наурыздың 28-і күні Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып таратқан мәлімет бойынша, алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандар сақтайтын әскери аймақ Қазақстан шекарасынан 100 километр жерде, Орынбор облысындағы Тоцкое-2 кентінде орналасады.
«Қажет жағдайда Қазақстан үкіметімен жасалған келісімге сай оперативтік-тактикалық зымырандарды осы елдің (Қазақстанның – ред.) территориясына орналастыруға болады. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының құжаттарында көрсетілген» деп жазады «Известия».
Тоцкое-2 кентінде орналасқан 92-зымыран бригадасы қабылдап алуы тиіс «Искандер-М» жаңа комплекстерінің ұшу ұзақтығы 500 километр, ал қанатты Р-500 зымырандары 2000 километрге дейін жетеді.
Бұл ракеталар Тоцкое-2 кентінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекарасына дейін ұшып бара алады. Ресей қорғаныс министрлігінің пікірінше, бұл зымырандар Қазақстан, Қырғызстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Ресейді Орталық Азия аумағынан төнетін қауіптерден қорғайды.
ҚОРҒАУ МА, КҮШ КӨРСЕТУ МЕ?
Әскери сарапшы, 71 жастағы отставкадағы генерал-майор Еркін Мұсабаев түрлі ракеталардың күш қуатын зерттеумен айналысқан. Оның пайымдауынша, Ресейдің «Искандер» ракета комплексін Қазақстанға жақындатуға дайындалуына Батыс елдерінің Украинадағы жағдайға байланысты салған санкциялары себеп болған.
«Украина мен Қырымдағы жағдайдан кейін НАТО және Батыс елдері Ресеймен әскери салада ақпарат алмасып тұрудан бас тартып отыр. Қазір Ресей өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етуге мәжбүр. Сондықтан Ресей тез арада ракеталарды дайындауға шешім қабылдады» дейді ол Азаттыққа берген сұхбатында.
Мұсабаевтың сипаттауынша, «Искандер» жүйесі бір комплекстен екі ракета қатар жібере алады. Бұл ракета өте жылдам ұшады, оны басқа ракетамен атып түсіру мүмкін емес. «Искандердің» ұшу траекториясы өте күрделі, жиі өзгеріп отырады.
Запастағы полковник, 49 жастағы Сапар Мырзаевтың айтуынша, Ресей бұл ракеталарды Ауғанстан мен Пәкістан жақтан келетін экстремизмнен қорғану үшін орнатпақшы.
«Ресейде мұндай ракета орнатуда тәжірибесі бар. Шешенстан аймағындағы терроризмнен қорғану үшін де түрлі ракета орнатқан. Қазір Ауғанстан, Пәкістан аумағынан діни топтар Қазақстан, Ресей, Өзбекстан сынды ТМД елдеріне қауіп төндіріп отыр. Түрлі экстремистік топтардың не дайындап отырғанын ешкім білмейді. Сондықтан бұл ракеталар Ресей мен Орталық Азия елдерін терроризм қаупінен қорғауы тиіс» дейді әскери маман.
Кейбір қазақстандық саясаткерлер Ресейдің алыс қашықтыққа ұшатын зымыран комплексін ел іргесіне жақындату арқылы Қазақстанды тек Ауғанстан мен Пәкістаннан төнуі мүмкін қандай да бір қауіптен қорғау ниетіне күдіктене қарайды. Саясаткер Дос Көшім де күмән келтірушілердің бірі.
«Ракета орналастыру екі ел арасындағы бұрынғы келісімдерге байланысты жүзеге асырылып отырған болар. Бірақ Қырымдағы оқиғадан кейін Ресейдің ісіне сенбейтіндер көбейді. Сондықтан Қазақстан Ресейдің әрбір ісінің астына терең үңілуі керек. Бұл ракетаны орнатудағы Ресейдің нақты мақсаты айқын емес. Егер бұл ракеталарды халықаралық ұйымдар немесе бірнеше ел бірігіп орнатса, онда сеніммен қарауға болады. Ал Ресейдің жеке өзі Қазақстанды қорғаймыз дегеніне сену қиын. Бұл - Ресейдің империялық саясат орнатуға деген кезекті талпынысы» дейді сарапшы Азаттыққа.
Ресейдің қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша «Искандер-М» және Р-500 зымырандарын сақтайтын база Орынбор облысында 2014 жылдың желтоқсанында ашылады.