Мәскеуде ауруға шалдығып, төсекке таңылған 13 жасар Маржан Садықованың жеке фотокөрмесі өтті. Қазақстандағы ол сияқты мүгедек жастардың да арманы көп.
14-28 ақпан аралығында Мәскеудің «Пионер» кинотеатрының фойесінде жас фотограф Маржан Садықованың (Маржана Садыкова) жеке көрмесі өтті. «Пионердің» жобалар бойынша менеджері Никита Столяровның айтуынша, «көрмені көрем деушілер саны аз емес» .
– Бізге кино көруге емес, Маржанның көрмесін көруге келушілер саны көп. Қашан қарасаң фойеде біреу жүреді, өзара талқылап, пікірлерімен бөлісіп жатады. Шыны керек, біз көрме осынша қызығушылық тудырады деп күтпеген едік. Мында арнайы кітапшамыз бар, оған келген көреремендер Маржанған ізгі тілектерін мен алғысын жазып қалдырып кетіп жатыр, – деді Никита Столяров Азаттық тілшісіне ақпанның 22-сі күні.
АРМАН
Дағыстанның тумасы, 13 жасар Маржан Садықова онкологиялық айықпас ауруға осыдан екі жыл бұрын шалдыққан.
– Диагнозын айтпай-ақ қояйықшы. Онкологиялық аурудың соңғы кезеңі. Біз екі жыл бойы сол індетпен күресіп, уақытымызды жоғалтып алдық. Қазір күресті қойып, әрбір сәтті пайданалатын кез келді. Сол сәтте Маржан «бұрыннан келе жатқан арманымды орындайыншы» деп өтінді. Дәл қазір оның қолынан келетіні тек осы ғана. Ал мен тек демеу болып жүрмін, – дейді анасы Әмина Садықова.
Маржан өткен жылдың жазынан бері төсектен тұра алмайды. Соған қарамастан қоғамдық емес ұйым өкілдерінің көмегімен Мәскеудегі бір бөлмелі пәтерінде шағын студия жасап, қолына кәсіби фотоаппарат алып, модельдерді суретке түсіреді. Ол үшін ешкімге ақша төленбейді.
Маржанға суретке түсуге келіп жатқандар – таныстары мен ол туралы жұрттан естіген мәскеуліктер.
Маржанның анасы Әмина Садықованың сөзіне қарағанда, көрмеге 30-ға жуық фото қойылған.
– Көрмеге дайындық 2012 жылы желтоқсанның соңына таман басталды. Қаңтардың 24-терінде толығымен суреттерді ұйымдастырушыларға өткіздік. «Дайындық уақытын созайық» деген ұсыныс болды, бірақ Маржан күні-түні жұмыс істеді. Қанша ауырса да, жұмыспен алданып отырды. Қазір ойласам, одан көп уақыт қызым үшін өте ауыр болар еді, – деді Әмина Садықова Азаттық тілшісіне.
Көрмеге дайындықтан кейін денсаулығы әлсіреген жас фотограф Азаттық тілшісімен сұхбаттаса алмады. Оның көрме өткізерден бұрынғы бейнебаянын мына жерден көріңіздер.
http://www.youtube.com/embed/45gbtaN-Eys
АЛМАТЫЛЫҚ ЖІГІТТІҢ ӨМІРІ
24 жастағы алматылық Виктор Ли сурет салады, пластилин мен сазбалшықтан мүсін жасайды, шағын әңгімелер жазады.
– Алты жасында биіктен құлап, омыртқасын зақымдап алдық. Белінен төмен қарай сал болып, арбаға таңылып қалды, – деді Виктордың анасы Светлана Азаттық тілшісіне ақпанның 28-і күні.
Оның сөзінше, ұлы өзін мүгедек дегенді ұнатпайды, өзге дені сау құрдастарынан қалмауға тырысады.
– Осыдан біраз бұрын мүгедектерге демеу көрсететін бір ұйымның жобасына қатысып, сувенир жасауды меңгерді. Кейін жоба тоқтап қалғанда бұл ісі де тоқтады. Қазір үйде сурет салады, анимеге қатты қызығады, шағын әңгімелерін құрастырып жазып қояды. Жалпы, ұлымның таланты бар – бірақ қолымыз қысқа болып тұр, – дейді анасы.
Жас жігіт өзін «кемтармын» деп сезінбейді. Егер тиісті қолдау болса, өзінің де қоғамға пайда алып келетіндігіне сенімді.
– Ара-тұра қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың жобасы болады. Қысқа мерзімдік. Олар тек уақытша. Жоба аяқталғанда тағы да төрт бөлмеге қамалып қаламыз. Меніңше, мүгедектер жағдайымен мемлекет айналысқаны жөн, біздің де қолымыздан көп нәрсе келеді ғой, – деді Виктор Ли.
Виктор арманы – анимациялық студия ашу, фантастикалық кітап жазу. Ал оның анасы қазір жағдайлары жақсы емес екенін, ұлы торт пісіруге көмектесетінін, соны әзірге таныстарға сатып күн көріп жатқанына айтты.
Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда Виктор Ли секілді мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 563 мыңнан (халықтың 3,5 пайызы) асады.