27 наурызда Азаттық тілшісінен кейін, британиялық БиБиСи, Түркия, Ресей журналистері де Сахан әженің аядай үйінен табылды. Ал Қарағанды қалалық қамсыздандыру бөлімі ғасырдан да ұзақ жасаған анаға пәтер кезегі келгенше, қарттар үйінен орын ұсынып, 10 мың теңге қаржылай көмек берді.
130 жасқа толған планетаның ең қарт тұрғыны - қарағандылық Сахан Досованың бір күні
Таңертеңгілік Сахан әжені туған күнімен құттықтауға үлкен қызының қызы Гүлғайымнан өзге ешкім келе қоймапты. Кейуананы сол өзі тұрып жатқан үйдегі, өзінен басқа, 10 жан шүйіркелесіп ортаға алып жатыр екен. Үйдегі екі мүгедек немересі Құрал мен Жұмагелді Аймақашев, Нүкен Әлкешовалар алғашқы гүл шоқтарын табыстап жатса, шөбере келіндері ас әзірлеп жүрді.
Біз барғаннан 7 айлық шөпшегі Нұрым Сахан әжейдің алдынан түспеді.
Нүкеннің айтуынша, Сахан әжей өзінің көзі тірі үш баласының қайсысын қай жылы дүниеге әкелгені есінде қалмаған. Білетіні тек олардың барлығы соғыстың алдында туылып, соғыс басталғанда алды естерін біліп қалған.
Ал куәліктері бойынша үлкен қыз Күлкен 1936 жылы, одан кейінгі ұл Оразғали 1939 жылы, кенжесі Қания 1943 жылы дүниеге келді деп жазылған екен. Тағы бір айта кететіні Сахан әже немістермен қоса, ауылымызды ақтар кеп бір мазалап, қызыл әскер бір тінтіп кететін, соғыс болған ол кезде деп, есіне түскен оқиғаларды үзік-үзік айтып отыратын көрінеді.
Осылайша мәре-сәре болып отырған отбасын тойымен құттықтауға Қарағанды қаласы әкімшілігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мәрия Құсайынова бастаған бір топ шенеунік келді. Қолдарында бір қорап кәмпиттері мен гүл шоқтары бар олар әжейді құттықтап сыйлықтарын табыс етті.
-Сахан әже, сізге ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздің жасыңызды бізге де берсін. Осылай қайратыңыз сарқылмай, ортамызда жүре беріңіз,- деген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мәрия Құсайынова Азаттыққа былай деді:
-Бұл кісілердің жағдайын бұрынан бері білеміз, Нүкен Әлкешова келіп жағдайын айтып тұрады. Шамамыз жеткенше қарайласамыз. Біз басында әжейге қарттар үйінен бір бөлме берген болатынбыз. Бірақ бұл кісілер осы ұсынысымызды қабылдаған жоқ. Дегенмен, біз егер керек десе, сол қарттар үйінен екі бөлме беруге дайынбыз. Бірақ онда жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Оны жөндеп те береміз. Қазіргі дағдарыс уақытында бұл кісілердің талабын орындауға күшіміз жетпейді. Сондықтан пәтер кезегі жеткенше әженің қарттар үйінде тұра тұруына болады.
Естеріңізге сала кетсек, Сахан Досова пәтер кезегінде былтыр тіркелген арыз бойынша 1625- ші орынға қойылса, биыл ол тізім алға емес, артқа жылжып, 1664-ші орынға түсіп кетіпті. Әженің немересі Нүкеннің бұл айтқандары Азаттық сайтында 12 наурызда жарияланған болатын.
-Қалай қарайласып тұрамыз дейсіздер. Біздің бармаған жер, баспаған тауымыз қалған жоқ. Әкімге де кіре алмадық, президентке де хат жазып, жауап ала алмадық. Көзімізше өтірік айтып тұрсыздар ғой. Анау бір жылы берген бөлмелеріңіздің сұрқын көрдік қой, адам тұратындай болған жоқ. Оның үстіне сол бөлмеге пәтерақы төлейтін болғанбыз. Оның өзінде егер әжей өлсе бөлмені қайтып алып қоямыз дедіңіздер. Сонда ана екі мүгедек немересі қайда қалмақ. Қарайласу былай тұрсын, өткен айдағы әженің 17 мыңдық зейнетақысынан 7 мың теңге ұстап қалыпты, неге деген сұраққа ешкім жауап бере алмайды, бұл не деген мазақ сонда, -дейді әженің тағы бір немересі Гүлғайым.
Әлеуметтік қамсыдандыру бөлімінің бастығы пәтер мәселесімен олардың айналыспайтындықтарын айтады. Дегенмен қолдан келгенше көмектесуге тырысқандықтарын айтып, әкелген конверттерінің ішіндегі екі бес мың теңгелік (шамамен 66 доллар) ақшаны көрсетіп, үлкен отбасына тарту етті.
Сонымен қатар ол шұғыл түрде Қарағандының зейнетақы төлеу орталығына телефон шалып, Сахан Досованың зейнетақысы неліктен толық берілмегеніне «жауап» беруді талап етті. Телефонның арғы жағындағылар болса, бұл техникалық қатеден болған іс екенін айтып, кемшіліктің орны жуық арада толтырылатынына уәде етіпті.
Сөйтіп, жер бетінің ең қарт тұрғыны -130-ға толған Сахан әженің туған күні мерекесінің жарты күні осылай өтті.
Ғасырдан да ұлы Сахан әженің тілегі мен батасы
Сахан Досованың үйінде Азаттық радиосының тілшісінен кейін, қазақстандық ақпарат өкілдерімен қатар Британияның хабар таратушы BBC корпорациясы, түркиялық теледидар өкілдері және ресейлік журналистер болып қайтыпты.
Прагадан Қарағандыға қарияны туған күнімен құттықтап телефон шалғанымызда, 130 жасар Сахан әже Наурыз мейрамын ұмытпай, бірауыз тілегін білдіріп, барша Азаттық оқырмандарына батасын берді.
“Жаңа жыл құтты болсын, дендерің сау болсын, аспандарың биік болсын! Отанымызға, халқымызға Алла тыныштық берсін! Баспанам жоқ, маған үй беріңдер, биігінің керегі жоқ,”-деді телефонның ар жағындағы 130-шы туған күнін атап өткен, планетаның ең қарт тұрғыны Сахан Досова. Әженің даусы әлсіздеу шығып, сәл қарлығыңқырап тұрғаны аңғарылса да, сөзі анық еді.
2009 жылдың наурызында даңқы жер жарвп, әлемнің ең қарт анасы атанған Сахан әженің бауырына басқан 53 жасар немересі Гүлғайым Кәмиева әжесінің күнделікті айтып жүрген тілегін былай толықтырды:
“Сахан әженің бізге айтатын бар арманы - өзім өліп кетсем, мына екі кемтар балаға баспана керек дейді. Өзіне 17 мың теңге зейнетақы алады бұл кісі, пенсия бергенде біресе өсіреміз дейді, біресе тағы бірдеңе дейді, соның жеті мыңын ұстап қалады. Бізді кім тыңдайды, бізді бүгін келген кісілер ғана тыңдап жатыр.
Таяуда қала әкімі Тоғайбаев диплом әкеліп табыстады. Бұл кісі тіпті әжеміздің жағдайын айтуға мүмкіндік берген жоқ, мен тек құттықтауға ғана келдім деп, құттықтады да қайтты.
Сахан әже бидайды аңсағанда жалғыз тісімен шемішке шаққысы келеді
-Сахан әже ұзақ жасауының сыры туралы Азаттық радиосына және басқа да ақпарат құралдарына “тәттіні жемеймін, құрт-ірімшік қана жеймін” деген екен, ол кісінің өз бауырында өскен немересі болғандықтан, әженің ұзақ жасауының сыры неде екенін айта аласыз ба?
-Мен бұл кісінің бауырында өстім ғой, әжем соңғы 4-5 жылға дейін намаз оқыды да, кейін жығылып қала берген соң, әрең қойғыздық. Содан кейін өмірбақи ауыз бекітті бұл кісі. Ал мен біттей кезімнен әжеммен қоса таңсәріден ауыз бекітуге тұратынмын. Сонда үстелдің үстінде қандай тағам тұрса да, бұл кісі тек бидай жейтін. Қуырған бидайды сары майға қосып шылап қоятын.
Енді бір қызығын айтайын, қазір осы кісі кәдімгі шемішке әкеп бер дейді. Аузында бір-ақ тісі бар. Біз ойлаймыз неге шемішке сұрайды деп. Сонда бидайды сағынғаны ма, жаңағы шемішкені тырнағымен аршып, жеп отырады. Бидайды сағынғаны ғой, қазір қалада жоқ қой. Ал, шәйді сүтпенен қою қылады да, қолдың майын салып ішеді. Осы уақытқа дейін солай, бізге айтып отырады, май салып ішіңдер, жақсы болады деп.
Сонан кейін биені сауғанда, саумалдың жартысын маған ішкізетін де, жартысын өзі ішетін. Осы менің есімде қалды. Сүтті қол мәшинеге тартып отырғанда, бір ожау көк сүтті маған ішкізсе, бір ожауын өзі ішетін. Мен биыл 53-ке келем, Сахан әженің тұңғыш немересімін,-" деген Гүлғайым, бізге телефон арқылы ана туралы өлең оқып, әжесіне арнап ән шырқап берді.

Қарағанды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімі бастығы Мәрия Құсайынова Сахан әжені құттықтап келді. Қарағанды, 27 наурыз, 2009 жыл.