Оңтүстік Қазақстанда жәбір көрген әйелдер шағымданбай, іштен тынып жүреді. Мамандар отбасында қол жұмсаудан бөлек экономикалық, психологиялық және сексуалдық зорлық барын айтады.
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Мәдина Төлеубаева (аты-жөні өзгертілді) тұрмысқа 19 жасында зорлықпен шыққан. Оны бұрынғы күйеуі танысқан күні алып қашқан.
«ҰРДЫ, ТЕПКІЛЕДІ, БОҚТАДЫ»
Мәдина «ақ орамалды аттап кете алмағанын» айтады. Жергілікті кейбір салт бойынша ұрланған қалыңдық кері қайтпауы үшін күйеу жігіттің әке-шешесі оның алдына ақ орамал тастайды. Зорлықпен отасқан күйеуінен төрт бала тапқан Мадина жарасып кете алмаған. Күйеуі арақ ішіп келіп, ұрып-соғатын болған. Күнделікті айқай-шудан отбасының берекесі қашқан. Балалар да психологиялық күйзеліске ұшыраған. Мәдина Азаттық тілшісіне:
«Балаларым әкесіз өспесін деп 10 жыл шыдадым. Ішті, шекті, ұрды, маңдайыма жазылғаны осы шығар деп көндім. Бір күні аямай тепкіледі. Өмірден безіп, бір уыс дәрі іштім. Талып бара жатқанда балаларымның «апалап» жылап тұрғанын білем, көзімді ашсам, жан сақтау бөлімінде екенмін. Онымен өмір сүре алмайтыныма көзім жетіп, ажырастым» дейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, әсіресе әйелдерді жәбірлеу оқиғалары Оңтүстік Қазақстанда жиі болатын оқиға. 2014 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына Шымкент қаласының қарт тұрғыны «баламның үстінен келінім «зорлады» деп арыз берді» деген шағым айтып келгені жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желіде біраз талқыланды. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі жас келіншекке жанашырлық танытса, оны «күйеуі мен ата-енесін ұятқа қалдырды» деп сөгушілер де табылды.
Шымкент қаласының Абай аудандық ішкі істер бөліміне түсірген арызында әлгі келіншек күйеуінің өзін сексуалдық жақындыққа күштеп көндіретініне наразы екенін жазған. Мұндай шағымның тек Оңтүстік Қазақстан емес, тұтас ел бойынша сирек жазылатынын айта кету керек. Өйткені көп жағдайда әйелдер отбасында көрген озбырлыққа үнсіз көндігіп жүре береді.
«ОЗБЫРЛЫҚТЫҢ ТҮРІ КӨП»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Гүлмира Боранбаева оңтүстік аймақта әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық «көбіне отбасы ішінде жабық күйінде қалатынын, әйелдердің бірлі-жарымы арызданған күннің өзінде уақыт өте арызын қайтарып алатынын» айтады.
«Себебі әйелдер бұл мәселені қоғамда ашық талқылауға тәлім-тәрбиеміз, ұлттық ерекшелігіміз жібермейді деп санайды» дейді ол.
Оның айтуынша, әйелдер құқығының бұзылуына құқықтық сауаттарының төмендігі де себеп болып отыр.
«Құқықтарын білетін әйелдер аз. Көбі тұрмыстық озбырлыққа жол берілмейтінін, айыпты азаматтар жауапкершілікке тартылатынын білмейді. Әдетте әйелдерге әуелі физикалық жәбір, сосын экономикалық, содан соң психологиялық қысым жасалады, сексуалдық зорлық-зомбылық тағы бар. Бізде көбіне физикалық жәбір айтылады да, қысымның басқа түрлері айтыла бермейді» дейді комиссия хатшысы.
Гүлмира Боранбаева қайын атасы «Нұр Отан» партиясына шағымданған шымкенттік келіншектің күйеуінің үстінен «зорлады» деп арыз беру оқиғасын «сексуалдық, психологиялық зорлық» деп бағалайды.
«СЕКСУАЛДЫҚ ЗӘБІР ТУРАЛЫ ЗАҢ КЕРЕК»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі жөніндегі комиссия өкілдері «Оңтүстік Қазақстан облысында «үйінен күйеуі қуып жіберген» әйелдердің жиі хабарласатынын айтады. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатын «Подруги» дағдарыс орталығының төрайымы Надежда Гладырь әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көндігіп, бұл мәселені отбасында жабық күйінде ұстауының үш себебі бар деп ойлайды. Олар – «әйелдердің еркектерге экономикалық тәуелділігі; қоғамның кінәні бірінші әйелдерге артуға бейім тұруы; әйелдерге өз қалауы, талаптары бар жеке тұлға ретінде емес, қорғансыз адам ретінде қарау».
«Мәселен, Қазақстан заңдарында оқу немесе жұмыс орнындағы, отбасындағы сексуалдық зәбірдің не екені, ол үшін қандай жаза қолданылатыны жазылмаған. Сондықтан заңға сексуалдық зәбір туралы бап енгізілуі керек» дейді Надежда Гладырь.
Ал Гүлмира Боранбаева Азаттыққа «ерінің түнімен төсекте тыным бермейтінін» айтып, полицияға арызданған абайлық келіншектің (аты-жөнін жарияламауды өтінді – ред.) күйеуімен қайта қосылғанын хабарлады.
«Комиссиямыздың мақсаты – отбасының ажырамауы. Мен оған өмірін өзгертуге кеңес бердім. Мысалы, оқып, мамандық алып, кәсіп үйренуді ұсындым. Әйтпесе, мұндай зорлық-зомбылық жалғаса беретінін түсіндірдім» дейді ол.
Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық озбырлық көрген әйелдерге арналған жалғыз ғана «Сана-сезім» атты дағдарыс орталығы бар. Мемлекет тапсырысымен жұмыс істейтін орталықтың үйінен қуылған әйелдерге уақытша баспана беретін мүмкіндігі жоқ, тек заңдық және психологиялық кеңес береді. Облыс әкімдігі әйелдерге уақытша баспана болатын ғимараты бар мемлекеттік дағдарыс орталығын ашуды жоспарлап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы тұрмыстық жәбір көрген 3 954 адам, биылғы жылдың бірінші тоқсанында 1 695 адам тіркелген. Ал облыстық сот өкілі Азаттық тілшісіне әрбір жұмыс күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты кем дегенде бір сот процесі жүретінін хабарлады.

Қазақстан заңдарында оқу немесе жұмыс орнындағы, отбасындағы сексуалдық зәбірдің не екені, ол үшін қандай жаза қолданылатыны жазылмаған.