Алматы қаласында жанармай таситын көлік өртеніп, тұрғын үй бүлінген кезде әлеуметтік желілердің қайырымдылық жасаушы адамдар үшін таптырмас платформаға айналғаны көрінді.
Маусымның соңында Алматы қаласында жанармай таситын көлік аударылып, өртенгені және сол маңдағы үй мен көліктердің зардап шеккені туралы хабар әлеуметтік желілерде тез тарап, көмек қолын созушы волонтерлер тобы пайда болды.
Жұртшылыққа бұл апат туралы егжей-тегжейлі хабарлар БАҚ-пен қатар әлеуметтік желілер арқылы да жетіп жатты. Апат болған сәтте сол маңда жүрген куәгерлер түсірген видеолар мен зардап шеккендерге көмектесуге өз еріктерімен кіріскен еріктілер туралы алғашқы хабар да осы желілерде тараған.
ӨРТЕНГЕН ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАУ
Karla Nur деген лақап атпен белгілі белсенді әлеуметтік желіде алғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге көмекке келгендер туралы хабарлап отырды. Біртіндеп өзі де осы іске еріктілер тартуды ұйымдастырушылардың біріне айналды.
Ол бірде «Өртенген пәтерлерден жартылай жанып кеткен үй мүліктерін сыртқа шығаратын жұмысшылар керек» деген құлақтандыру берсе, енді бірде «Әлжан зардап шегушілерге арналған шатырда екінші рет түнегелі отыр. Ауыстыратын адам бар ма? Ондай жігіт болмаса, қыздар табылады» дейтін хабарлама жазды.
Karla Nur-дың әлеуметтік желідегі бастамасын қолдаушылардың көп болғанын оқиға орнына барған Азаттық тілшілері де көрді.
Өрт тиген үйдің ауласына тігілген екі шатырдың айналасында тілшілер барғанда қарақұрым адам жүрді. Өртенген пәтерлерге жөндеу жұмыстарын бастап кеткен құрылысшылар подъезден кіріп-шығып жатса, екі шатырдың біреуінде зардап шеккендердің мүлкін қалалық әкімдік пен өртенген жанармай көлігінің иесі «Гелиос» компаниясының өкілдері тізімдеп жатты.
Ал тағы бір шатырдың жартысына жуығы апат болғалы бері қала тұрғындары тапсырған киім-кешекке толы екен. Айта кетерлігі өрт болған күннен бастап Алматы қаласы әкімдігі тіккен шатырларда волонтер ретінде жұмыс істеген Әлжан Палымбетовтің өзі әлеуметтік желіде «қажет заттар мен дәрі-дәрмектерді қабылдау жеткілікті жиналғандықтан тоқтатылғанын, 6 күнде 30 волонтер жұмыс істегенін» хабарлады.
Жиналған заттарды реттеп, тұрғындардың алуына жағдай жасап жүргендердің көпшілігі еріктілер болып шықты.
Әлжан Палымбетовпен бірге алғашқылардың бірі болып көмекке келген студент Қайсар Сұлтанбекұлы еріктілердің барлығы да осы жерге келген соң танысып, дереу іске кірісіп жатқанын айтты.
- Оқиға болған күні түстен кейін досым Әлжан Палымбетов хабарласып, зардап шеккендерге жәрдем көрсетейік, басы артық киімдерімізді апарып берейік деп келгенбіз, сонан бері осында жүрміз, - деді ол.
Тілшілермен сөйлесуге әрең мұршасы келген Қайсар біздің көзімізше басқа еріктілермен бірге жүк көлігіне зат тиеуге кетті. Сәлден соң өзі де келген Әлжан Палымбетовтен ерікті болып, қол ұшын беруге не себеп болғанын сұрадық.
- Біреуге көмектессек, басымызға іс түссе бізге де жұрт көмектеседі, - деп сөзін қысқа қайырған Әлжан іске кірісті.
Осы арада жүрген Алматы қалалық Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Надежда Яковлева:
- Қала тұрғындарының көмекке әзір тұрғаны таңғалдырды, - дейді.
ЖҮРГІЗУШІ ОТБАСЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ
Жанармай таситын көлігімен бірге өртеніп кеткен Александр Горюновтың отбасына көмек беру үшін банктен ашылған арнайы есепшот та әлеуметтік желі арқылы жылдам таралып, белсенді авторлар өз парақшаларына хабарландыруды көшіріп ілді.
Маусымның 28-інде әлеуметтік желіге жариялаған есепшот туралы ақпаратты тез арада 100-ге тарта қолданушы көшіріп басқан. Белсенді қолданушылардан тараған ақпаратқа көпшілік жиі үн қатып, қайтыс болған жүргізушінің отбасына көңіл айтып жатты.
Қаза тапқан жүргізушінің отбасына әлеуметтік желі арқылы жәрдем беруді ұйымдастырушы Жомарт Ертаевтың көңіл айтуына мыңға тарта адам «лайк» басып, 42 адам көшіріп таратқан. Оның бастамасын басқа қолданушылар жоғары бағалап, мақтау сөздерін аямады.
«Сөзбен емес, іспен көмектесіп жатырмыз! Қандай жақсы! Бұл туралы достарыма да айтамын» деп жазады Ирина Ашербекова деген әлеуметтік желі қолданушы.
Маусымның 27-сі күні Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы Rixos қонақүйі жанында жанармай таситын көлік апатқа ұшырап, жол жиегіндегі көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігін өрт шалған еді. Алдын-ала жасалған кей ұйғарымдарға қарағанда қаза тапқан жүргізуші Александр Горюнов тежегіші істен шыққан көлікті тоқтату үшін жол бойындағы ағашқа әдейі барып соғылған. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары Горюнов осындай жолмен көптеген басқа адамдардың өмірін сақтап қалды деп сенеді.
Жұртшылыққа бұл апат туралы егжей-тегжейлі хабарлар БАҚ-пен қатар әлеуметтік желілер арқылы да жетіп жатты. Апат болған сәтте сол маңда жүрген куәгерлер түсірген видеолар мен зардап шеккендерге көмектесуге өз еріктерімен кіріскен еріктілер туралы алғашқы хабар да осы желілерде тараған.
ӨРТЕНГЕН ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚОЛДАУ
Karla Nur деген лақап атпен белгілі белсенді әлеуметтік желіде алғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге көмекке келгендер туралы хабарлап отырды. Біртіндеп өзі де осы іске еріктілер тартуды ұйымдастырушылардың біріне айналды.
Ол бірде «Өртенген пәтерлерден жартылай жанып кеткен үй мүліктерін сыртқа шығаратын жұмысшылар керек» деген құлақтандыру берсе, енді бірде «Әлжан зардап шегушілерге арналған шатырда екінші рет түнегелі отыр. Ауыстыратын адам бар ма? Ондай жігіт болмаса, қыздар табылады» дейтін хабарлама жазды.
Өрт тиген үйдің ауласына тігілген екі шатырдың айналасында тілшілер барғанда қарақұрым адам жүрді. Өртенген пәтерлерге жөндеу жұмыстарын бастап кеткен құрылысшылар подъезден кіріп-шығып жатса, екі шатырдың біреуінде зардап шеккендердің мүлкін қалалық әкімдік пен өртенген жанармай көлігінің иесі «Гелиос» компаниясының өкілдері тізімдеп жатты.
ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ: «Алматыда жарылған бензовоз: 1968 жыл хроникасы».
Ал тағы бір шатырдың жартысына жуығы апат болғалы бері қала тұрғындары тапсырған киім-кешекке толы екен. Айта кетерлігі өрт болған күннен бастап Алматы қаласы әкімдігі тіккен шатырларда волонтер ретінде жұмыс істеген Әлжан Палымбетовтің өзі әлеуметтік желіде «қажет заттар мен дәрі-дәрмектерді қабылдау жеткілікті жиналғандықтан тоқтатылғанын, 6 күнде 30 волонтер жұмыс істегенін» хабарлады.
Жиналған заттарды реттеп, тұрғындардың алуына жағдай жасап жүргендердің көпшілігі еріктілер болып шықты.
- Оқиға болған күні түстен кейін досым Әлжан Палымбетов хабарласып, зардап шеккендерге жәрдем көрсетейік, басы артық киімдерімізді апарып берейік деп келгенбіз, сонан бері осында жүрміз, - деді ол.
Тілшілермен сөйлесуге әрең мұршасы келген Қайсар біздің көзімізше басқа еріктілермен бірге жүк көлігіне зат тиеуге кетті. Сәлден соң өзі де келген Әлжан Палымбетовтен ерікті болып, қол ұшын беруге не себеп болғанын сұрадық.
- Біреуге көмектессек, басымызға іс түссе бізге де жұрт көмектеседі, - деп сөзін қысқа қайырған Әлжан іске кірісті.
Біреуге көмектессек, басымызға іс түссе бізге де жұрт көмектеседі.
Осы арада жүрген Алматы қалалық Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Надежда Яковлева:
- Қала тұрғындарының көмекке әзір тұрғаны таңғалдырды, - дейді.
ЖҮРГІЗУШІ ОТБАСЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ
Жанармай таситын көлігімен бірге өртеніп кеткен Александр Горюновтың отбасына көмек беру үшін банктен ашылған арнайы есепшот та әлеуметтік желі арқылы жылдам таралып, белсенді авторлар өз парақшаларына хабарландыруды көшіріп ілді.
Қаза тапқан жүргізушінің отбасына әлеуметтік желі арқылы жәрдем беруді ұйымдастырушы Жомарт Ертаевтың көңіл айтуына мыңға тарта адам «лайк» басып, 42 адам көшіріп таратқан. Оның бастамасын басқа қолданушылар жоғары бағалап, мақтау сөздерін аямады.
«Сөзбен емес, іспен көмектесіп жатырмыз! Қандай жақсы! Бұл туралы достарыма да айтамын» деп жазады Ирина Ашербекова деген әлеуметтік желі қолданушы.
Сөзбен емес, іспен көмектесіп жатырмыз! Қандай жақсы!.