Қыркүйектің 28-сі күні Алматыдағы саяси шешімдер институты саяси үрдістерге қатысты әлеуметтік сауалнаманың қорытындысын жариялады. Саясаттанушылардың кейбірі мұндай әлеуметтік сауалнамаға сенбейтінін айтады.
Әлеуметтанушылар Қазақстанда «саяси кемелдіктің» арту үрдісі бар дегенді айтады. Әйтсе де мұны толыққанды кемелденген үрдіс деп айту әлі ерте дейді сарапшылар. Сауалнаманың нәтижесін жариялаған сарапшылардың пайымдауынша, қала тұрғындарының ішінде саясатқа қызығушылық танытатындарының қатары 50 пайызға да жетпейді екен.
Президент Назарбаевқа тұрғындардың сексен пайызға жуығы сенім артады деп болжайды сарапшылар. Дегенмен «Назарбаевқа қарсы бәсекелес жоқ» деген пікірді қазақстандықтардың тек 40,3 пайызы ғана ұстанады дейді, саяси шешімдер институтының сарапшысы Салтанат Ермаханова.
«Президентке сенім артамыз деп оң жауап бергендердің үлесі 79,9 пайыз. Сенім артпаймыз дегендердің саны 9,5 пайыз. Ал, «президентке балама жоқ» деп есептеушілер саны 40,3 пайыз. «Иә» деушілер 23,2 пайыз. Сонымен қатар 36,3 пайызы жауап беруге қиналған. Яғни олар бұл мәселеге байланысты ойланбаған болар немесе өздеріне ұнайтын жағымды саясаткердің болмауына да байланысты»
«НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕЙТИНГІСІ ТҮСІП БАРАДЫ»
Саясаттанушы Айдос Сарым, сарапшылардың бұл нәтижесіне қарап Назарбаевтың рейтингісі түсіп бара жатқанын байқауға болатынын айтады. Оның айтуынша өткен жолғы бір сауалнамада Назарбаевты қолдаушылардың саны тоқсан пайыз болған екен.
«Менің түсінігімде Назарбаевтың рейтингісі бұдан да төмен болуы керек еді. Бірақ, бізде сайлау қалай жасалса, елдегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік сауалнамалардың барлығы солай жасалатыны мен үшін анық нәрсе. Себебі авториталық мемлекетте әділ сауалнама өткізу оның анық қанығына жету мүмкін емес. Дәл бүгінгі сауалнаманың нәтижесін жариялап жатқан зерттеу тобы менің түсінігімде Кәрім Мәсімовке жақын топ деп есептесек, оның екі себебі болуы керек. Біріншіден, бұл нәтижелерді Назарбаевқа көрсету арқылы бір қадамдарға итермелеу деп есептеуге болады немесе ұйымның жеке басы жасаған пайым».
Саясаттанушының пікірінше егер сайлау немесе сауалнама әділ өткізілетін болса, Назарбаев 50 - 60 пайызбен жеңіп шығатын көрінеді.
– Бұл – табиғи нәрсе. Оны мойындау керек. Бірақ дәл қазіргі экономикалық жағдайда мен әлеуметтік жағдайда қарап тоқсанға шарықтайды деу – қиын нәрсе, - дейді Айдос Сарым.
ҮШ ТІЛДІ ЖАҚТАУШЫЛАР
Сарапшылардың пікірінше, сәуір айында өткізген сауалнамамен салыстырғанда үш тілділікті қолдаушылар қатары 1,2 пайызға артқан. Ал орыс тілін жақтаушылар қарасы дәл осындай көрсеткішке кеміген. Есесіне, қазақ тілінің қарқынды дамыуын жақтайтындар қатары 1,2 пайызға артты, дейді сарапшылар.