Көлігінің нөмірі ұрланған жүздеген жүргізуші құжаттарын қайта жасатуға мәжбүр. Ал жол полициясы өкілі көлік иелерін де кінәлайды.
Алматы қалалық жол полициясы басқармасы алдында Азаттық тілшісіне кездескен атын айтқысы келмеген жасы 60 шамасындағы ер адам көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлатып алып, енді осы мекемеге арызданып келіп тұрғанын айтты.
– Жеке көлікпен жүргеніме 20 жыл болды. Осы уақытқа дейін бірде-бір рет арнайы тұраққа қойып көрмеппін. Үнемі аулаға, терезеге тақау қоятынмын. Түнде машинамның екі нөмірін де шешіп алып кетіпті, – дейді ол.
«СЕГІЗ ПЕЧАТЬ ҚОЙҒЫЗАСЫЗ»
Жігіт ағасы мұндай әуреге түсуін «жұмыссыз, қылмыспен айналысып, ұрлық істейтін кейбір жастардан» көреді. Ол «Жоғалған нөмірімді тауып бере ала ма?» деп кезекте тұрған басқа жұрттан сұрады.
– Жоқ, аға. Сіз қазір машинаңыздың нөмірін жол полициясы қызметкерлерінің алмағаны туралы анықтама жинайсыз. Ол үшін Алматының жеті ауданындағы
жол полициясы бөлімшелеріне барып, печать (мөр – ред.) ұрдырасыз. Сонан кейін осы жерге келіп, тағы печать қойғызасыз. Сонан кейін машинаңыздың құжаттарын қайта жасатасыз, – деп түсіндірді осы тұста сөзге араласқан тағы бір тәжірибелі жас жігіт.
Ол азамат та жол шетіндегі тұрған көлігінің тіркеу нөмірін біреулер шешіп әкетіп, соның әуресімен бір аптадан бері жол полициясы басқармасында жүргенін айтты.
– Басында нөмірімді жол полициясы қызметкерлері алып кетті ме деп күдіктенген едім. Бірақ бұл жерден шықпады, – деді аты-жөнін айтудан бас тартқан жас жігіт.
НӨМІР ҰРЛАНСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Алматы қалалық жол полициясы шұғыл іздестіру бөлімінің инспекторы Қанат Ирсалиевтің айтуынша, жеке меншік көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлаудың бірнеше себебі бар.
– Біріншіден, көбіне қылмыстық әрекеттерде пайдалану үшін ұрланады. Екіншісі қырғыз нөмірлі көліктерге қатысты. Қазір жол ережесін бұзбасаңыз тоқтата
бермейді. Соны білетін көп қырғыз нөмірлі жүргізушілер көліктерінің маркасы ұқсас болса, біреудің жергілікті нөмірін ұрлап тағып алады. Үшіншісі, нөмірлерді металл ретінде өткізу үшін ұрлайды. Жинақтап, салмақтап өткізетіндер де бар. Мәселен, өткен жылы Түрксіб ауданында ұрланған нөмірлерді бөлшектеп, өткізуге дайындап, пакетке салып қойған жерінен тауып алған жағдай болды, – дейді жол полициясының инспекторы.
Бірақ Қанат Ирсалиев ұрланған мемлекеттік көлік нөмірлерінің қаншасы табылғанын айтып бере алмады.
– Табылғанынан табылмайтыны көп. Көлік нөмірінің жоғалуына жүргізушілердің өздері кінәлі. Көбісі көліктерін аулаға қоя салады. Арнайы автотұраққа қойса, мұндай оқиғалар болмас еді, – дейді ол.
Жол полициясы өкілінің сөзінен анықтағанымыз – көліктің жоғалған нөмірі табылғанымен иесіне қайтарылмайды.
– Көлік нөмірін жоғалтқан адамға бірден қалалық жол полициясы бөліміне келудің қажеті жоқ. Алдымен азамат өзі тұратын ауданның ішкі істер бөлімінен көлігінің мемлекеттік нөмірі жоғалғаны туралы анықтама алады. Сосын жол полициясын арнайы және жеке батальонына келіп таңба бастырады. Себебі біздің жігіттер де (жол полициясы да – ред.) тыйым салынған жерге қойылған көліктердің нөмірін шешіп алып кетеді ғой. Бұдан әрі қарай ЦОН-ға (халыққа қызмет көрсету орталығына – ред.) барып, құжаттарын рәсімдеп, жаңа нөмір алады, – деп түсіндірді Қанат Ирсалиев.
Алматы қалалық баспасөз қызметінің мәліметінше, 2010 жылы көліктердің мемлекеттік нөмірлерінің ұрлануына байланысты 92 оқиға тіркелсе, 2011 жылы – 150, 2012 жылы 437 нөмір қолды болыпты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша 2013 жылдың алты айында 234 көліктің мемлекеттік номері ұрланған.